Международный универстет астана


Тәжірибелік (семинар) сабақтар



бет24/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Тәжірибелік (семинар) сабақтар

14

1.1. № 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тақырып: «Педагогикалық технологиялар» ұғымының тұжырымдамалық негіздері

Мақсаты: "Педагогикалық технология" ұғымының мазмұндық бағдарын анықтау, педагогикалық технологияның қасиеттерін зерделеу.

Тапсырма:

1 «Педагогикалық технология» ұғымын талдау жасау

2Педагогикалық үрдістің дәстүрлі және инновациялық компоненттеріне салыстырма жүргізу

Қысқаша теориялық мәліметтер

Педагогикалық технология - педагогтың кәсіби қызметін және жоспарланған соңғы нәтиженің кепілдігін қамтамасыз ететін технологиялық процедуралар жиынтығы.

Педагогикалық жүйе - бұл білім алушылардың алға қойған даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйелердің негізгі белгілері: мақсатқа жетуге қатысы бар компоненттердің (факторлардың) толықтығы; жүйе құраушы функцияны орындайтын идеяның байланыстары мен тәуелділіктерінің болуы; құрылған жүйе объектісінде тұтас қасиеттердің пайда болуы. Педагогикалық жүйе білім беру, тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына бағынышты көптеген өзара байланысты құрылымдық және функционалдық компоненттерді білдіреді

Педагогикалық процесс - бірлескен іс-әрекетпен, оның субъектілерінің ынтымақтастығымен сипатталатын, білім алушының жеке басын толық дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін біртұтас оқу-тәрбие процесі; педагогикалық жүйе жағдайында білім беру және тәрбиелеу мақсатын іске асыратын процесс. Педагогикалық процестің құрылымы педагогикалық жүйенің компоненттеріне сәйкес оның құрамдас бөліктерінің жиынтығын білдіреді: мақсатты, мазмұндық, операциялық-әрекеттік, бағалау нәтижелілігі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет