«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»


ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС



бет7/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
2. ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру деңгейінің жай-күйін талдау (анықтау кезеңі)
Біздің зерттеуімізде педагогикалық эксперимент мектепке дейінгі ұйым негізінде оқу процесінің табиғи жағдайында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, білім басқармасының №15 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің «Заңғар» шағын орталығы мен Қызылорда қаласы, «Еркем – Ай» балабақшасында ұйымдастырылды, оған ересек топтардың балалары қатысты. Барлығы 5-7 жас аралығындағы 30 бала тексеріліп екі топ құрылды: №15 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің «Заңғар» шағын орталығының және «Еркем – Ай» балабақшасының ересектер тобтарынан 15 баладан педагогикалық экспериментке қатысты.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперимент бөлімінің мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуын тексеру.
Эксперименттің негізгі міндеттері:
1. Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасу деңгейін анықтауға және соның негізінде эксперименттің бастапқы кезеңінде оның деңгейін диагностикалауға мүмкіндік беретін әдістер кешенін анықтау.
2. Эксперименттің бақылау кезеңінде ересек мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру деңгейін айқындап, диагностикасының нәтижесінде салыстырмалы талдау жүргізу.
Эксперименттің айқындаушы кезеңін толығырақ қарастырайық. Жоғары талаптар қою, біздің зерттеуімізді одан әрі ұйымдастырудың мақсат- міндеттері, сондай-ақ жалпы жүргізілген жұмыс нәтижелерінің сенімділігі жиналған деректердің шынайлығына байланысты болады.
Айқындау экспериментінің мақсаты:
- ересек мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру деңгейін анықтау.
Біздің зерттеуіміздің айқындаушы кезеңіне келесі міндеттер кіреді:
- экспериментті зерттеудің балабақша жағдайларына сәйкестігін және ересек мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерінің қалыптастыру деңгейлерін анықтау.
- көшбасшылық қасиеттерді дамыту деңгейін диагностикалаудың әдістемесін таңдау;
- мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылық қасиеттерді дамытуды талдау және бағалау үшін критериалды база таңдау;
- эксперимент нәтижелеріне сапалы және сандық талдау жүргізу.
Осы зерттеуді жүргізу барысында екі ұйымда-да келесі әдістер қолданылды:
- құрдастар тобындағы баланың социометриялық мәртебесін анықтау әдістемесі;
- СОМОР әдістемесі (баланың тұлға аралық қарым-қатынасын субъективті бағалау) (1-қосымша);
- «Қоян мен қасқыр» ойыны; «Қазынаға саяхат» квест ойыны (2-қосымша);
- Көшбасшылық қабілеттерді анықтау үшін экспресс-диагностика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет