Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары



бет7/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Тест тапсырмалары
1.“Ұлы дидактика” еңбегінің ең үлкен бөлімі?
A) “Ана мектебі”
B) “Күн қаласы”
C) “Утопия”
D) “Қоғамдық шарт”
E) “Жаңа элоиза”
*****
2.Жан Жак Руссо еңбегі:
A) “Ана мектебі”
B) “Күн қаласы”
C)“Утопия”
D)“Педагогика лекцияларының очеркі ”
E) “Жаңа элоиза”
*****
3. Н.Құлжанованың «мектептен бұрынғы тәрбие»атты еңбегі қай жылы жарық көрді?
A) 2000ж
B)1923ж
C) 1989ж
D) 2004ж
E) 1999ж
*****
4.1923 ж. Н.Құлжанованың (Орынборда) жарық көрген еңбегі?
A) «Мен жастарға сенемін»
B) «Ана мен бала тәрбиесі»
C) «Мектептен бұрынғы тәрбие»
D) «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен оқыту»
E) «Үздіксіз тәрбие»
*****
5.«Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?
A) 1965ж
B) 1935ж
C) 1937ж
D) 1927ж
E) 1970ж
*****
6. Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға «қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беру» еңбектің авторы?
A) Ф.Н.Жұмабекова
B) С.Ғ.Бәтібаева
C) А.С.Мәнкеш
D) Т.Т.Иманбекова
E) Ә.С.Әмірова
*****
7.«Қазақстанда қазақ балабақшаның қалыптасуы мен дамуы» еңбегінің авторы?
A) А.С.Мәнкеш.
B) М.С.Сәтімбекова.
C) Ә.С.Әмірова.
D) Т.Т.Иманбеков.
E) С.Ғ.Бәтібаева.
*****
8. Алматы қаласында тұңғыш балабақша қай жылы ашылды?
A) 1917ж
B) 1920ж
C) 1923ж
D) 1930ж
E) 1900ж
*****
9. Қазіргі қоғамдағы педагогтың ақпарат көзі (орталығы):
A) Мұражай
B) Театр
C) Оқу орны
D) Интернет
E) Кітап
*****
10.Инновациялық технология:
A) Кәсібилік
B) Мамандық
C) Жаңашылдық
D) Зерттеушілік
E) Ұйымшылдық



1

№ 6
дәріс

Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы
Жоспары
1.Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие ұйымының ашылуы және тәрбие беру үрдісін ғылыми – педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру мәселелері. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның заңдылықтары туралы ғылым, өзекті мәселелері және зерттеу кезеңдері.
2.Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдарының педагогикалық ой – пікірлері. Әл – Фараби, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың еңбектеріндегі тәрбие мәселелері. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов мектепке дейінгі тәрбие туралы.
3.«Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі нұсқау» тұңғыш ғылыми педагогикалық жинақ. «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты Нәзипа Құлжанованың еңбектерінің маңызы.
4.Қазақстан Республикасы көлемінде Б.И.Андросова, Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Ж.А.Исмайлова, Г.Ж.Меңлибекова, Т.А. Макеева, М.Т.Тұрыскелдина, К.М.Меңдаяқова мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеулері.
Өткен тарихымызға назар аударсақ, Қазақстанда қазан төңкерісіне дейін жалпы мектепке дейінгі кезеңде қоғамдық тәрбие беретін балабақша болмағаны жұртшылыққа аян. Ұрпақ тәрбиесі, көбінесе, отбасында ата-баба мұрасы, халықтық өнегелі тәрбиесі, әдебиеті, ұлт мәдениеті, салт-дәстүрі арқылы жүзеге асырылып келгені де белгілі.
Қазақстан Республикасында балаларды нәрестелік шағынан қоғамдық мекемелерде тәрбиелеу, олардың күтімі мен денсаулығын жақсарту, тегін тәрбие беру, мектеп аралық сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2 қарашада бірінші рет декларация жарияланып, бұл іс қолға алына бастаған.
1917 жылғы 9 қарашада РСФСР Халық комиссарлар Советінің «Халық ағарту істерінің мемлекеттік комиссиясын құру туралы» декреті жарияланды. 1917 жылы мамыр айында Алматыда тұңғыш балабақша ашылып, онда әр түрлі ұлттан 100-ге тарта бала тәрбиеленді.
Назипа Құлжанова 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында, қәзіргі Торғай кеңшары жерінде дүниеге келген. Нәзипа Құлжанова – XX ғасырдың басында қазақ әйелдерінің арасынан шыққан жарық жұлдыз, тұңғыш журналист – публицист, педагог – ғалым, аудармашы. Мектептен бұрынғы тәрбие туралы қазақтың ұлттық педагогикасына алғаш ғылыми еңбек жазып, жариялаған педагог.
1923 жылы (Орынбор) Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы (Қызылорда) «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері жарық көріп, мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорынан орын алады. Н.Құлжанова көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды айтылмаған, жазылмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін айтып береді. Оның бұл еңбектері "Қазақ балалар педагогикасының" алтын қорына қосылды. Бұл жайт ұстаздың "Бала күтімі", "Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет", "Баланың аурулары", "Мектептен бұрынғы тәрбие" кітабында баланың табиғи қалпын бұзбай мінсіз баулу, оған өскен ортасының әсері, балдырғанның мінез-кұлқын, іс-әрекетін қалыптастыру, оның сезім мүшелерінің ақаусыз дамуы, баланың жаратылысына еркін қызықтауын өркендету, зейін, зерде, қабілет, түйсік туралы жан-жақты, терең, әсерлі баяндалған. Ол "Баланы аурудан сақтандыру" деген еңбегінде жас баланы уақтылы тамақтандыру, оны таза ауада ойнату кажеттілігі, баланың еріктілігін, табиғилығын дамытудың мәні зор екендігі дәлелді баяндалған. Ұстаз балалар сахнасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, кештер мен кездесулер, қойылымдар ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы көлеміндегі мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдар: Г.П.Охотская, Б.И. Андросова, Б.Б. Баймұратова, А.К.Меңжанова, Ж.А.Исмайлова, Г.Ж.Меңлібекова, Т.А.Макеева, М.Т.Тұрыскелдина, Қ.М.Меңдаяқова, М.С.Сәтімбекова, Ә.С. Әмірова, С.Ғ. Бәтібаева, А. Манкеш, С.Н. Жиенбаева, Н. Сайлауова, Ғ.З. Таубаева т.б.
Г.П.Охотская «Очерки по- истории дошкольного воспитания в Казахстане (1917-1941 гг.), 1995 ж. Б.Б.Баймұратова «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөнінде», 1970 ж. Р.М.Жұмағожина «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балабақшалардың дамуы (1941-1945ж.ж.)», 1979 ж. Монографиялық еңбектің қолжазбасы. Қ.М.Меңдаяқова «Развитие дошкольного воспитания в сельской местности Казахстана (1958-1980 гг), 1987 ж. М.Т.Тұрыскелдина «Развитие физического воспитания шестилетних детей в Казахстане.» (1970-1986 гг.), 1989 ж. Н.И. Храпченкова «Развитие дошкольного васпитания в Казахстане» (1946-1980 гг), 1990 ж. М.С.Сәтімбекова «Система занимательных заданий совершенствований математических знаний шестилетних учащихся» т.б. еңбектер жарыққа шықты. Тәлім – тәрбие үрдісінде ұлттық әдеби мұраларды, салт – дәстүрлерді, сәндік қолданбалы өнерлерді жүйелі пайдалана отырып, асыл мұралардың тылсымына тереңдей бойлап – ізеттілік, мейрімділік, сұлулық, жарасымдылық, талғам – деңгейін қалыптастыру мақсатында ғылыми диссертациялар қорғалды.
Г.Ж.Меңлікбекова «Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях Республики Казахстан», 1993ж. Ә.С.Әмірова «Ересектер тобындағы балаларды қазақ әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу», 1994ж. Т.Т.Иманбеков «Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану», 1995ж. Ф.Н.Жұмабекова «Баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру», 1998ж. А.Е.Манкеш «Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы экалогиялық тәрбие беру», 1999ж. С.Н.Жиенбаева «Мектепалды балаларын еңбекке баулудың педагогикалық негіздері» т.б.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Б.Н.Водовозова мен А.С.Смоновичтің мектепке дейінгі тәрбие, балабақша, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі туралы педагогикалық көзқарастары.
2.1917 – 1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы.
3.Т.Шацкий, П.П.Блонский, Л.К.Шлегер, Е.И.Тихееваның мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарстары және еңбектері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет