Мектеке дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педаготың рөлі Заманауи тәрбиеші үнемі ізденісте болу керек. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеуде тәрбиеші балаларды сүйеді, ал балаға балабақшада психолық қамқорлық жасайды. Тәрбиеші- бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог болуы керек.
Абай атамыз айтқандай «Жас бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылықтан тұрады. Сондықтан мұның бәрін білгісі келген балаға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті болып саналады.
Балаларға өз-өзімен жүрген, ашуланып балалмен тіл табыса алмайтын тәрбиешіге қарағанда, әзілді түсінетін заманға сай балалармен балаша ойнайтын, жайма шуақ шыншыл тәрбиешілер ұнайды.
Ал,енді заманауи тәрбиешінің алдында тұрған басты міндет- балабақшадағы барлық балаларға бірдей көзқараспен қарау , заманға сай білікті ұрпақ тәрбиелеу. Не меңгеру қажет? Заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеріп, әр дайым балалармен жаңа заманға сай ойындар әкеліп, білімін жетілдіріп отырады.
Сондықтанда, тәрбиеші – ол үлгі. Ал, тәрбиеші болу – қажымай еңбек ету. Тіпті кейде, жеке өмірді де ұмыту керек болады. Сондықтан, осындай қажырлы еңбектің жемісі, әлеуметтік өмірге қалыптаса білген балалардың алғысы.
Тәрбиеші бола істеп жүріп , санама түйгенім , менің жұмысымдағы басты нәрсе « Жайлап өшу емес, жалындап жану» олай болмаған жағдайда , балабақшада жұмыс жасамаған абзал.
Заманауи тәрбиеші – әрдайым үздік тәржибелер мен педагогикалық ғылыми жетістіктерді қолдана жүріп , өз іскерлігін дамытып тұруы керек. Тек алға ұмтылып , жаңа техналогиялар мен дәстүрлі емес әдістерді меңгере отырып , халық ауыз әдеби шығармаларымен де жұмы жасаған дұрыс деп санаймын.
Заманауи тәрбиеші – ол, соңғы заманауи әдістемелерді қолдана отыры салауатты өмір салтына жетелеуші, өз ісінің маманы болып табылатын шығармашылық адам.
Тәрбиеші үшін шыдамдық пен мейірімділік аса қажет қасиеттердің бірі, себебі, тәрбиеші балалармен бірге ата-аналармен де тығыз байланыста болады. Тәрбиеші, педагогика туралы жеке танымына қарамастан, пікірлері сәйкеспесе де ата-аналарды сыйлай білуі керек
. Менің пікірімше, қазіргі заман жаңашыл-педагог – ғылыми-теориялық терең ілімімен, технологиялық сауаттылығымен, пікір айырбас ортада жанжақтылығымен жаңа әдістемелік қалыптарды жандандыра түседі.
Кәсіби мүмкіндіктерін дамыту – ол, педагогтың шығармашылық тұлғасын қалыптастыра отырып жаңадан пайда болып жатқан педогогикалық инновацияларды қабылдау мен жүйелей білуге дайындайды.
Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуына жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын .Менің алдыма қойған мақсатым ;Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру. Менің мақсатым орындалып ,нәтижеге қол жеткізіп жүрмін.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл-ой мен тәжірибені өскелен өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді.
«Заманға сай тәрбиеші-ол өзіне артылған ауыр жүктің салмағын сезінген тәрбиеші, өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын тұлға. «Заманға сай тәрбиеші » деген ұғымның тобықтай түйіні- өз кәсібінің майталманы, қазіргі ұрпаққа қажетті тәлім-тәрбие беретін , заманға сай технологияларды меңгерген, салиқалы ұрпақ тәрбиелейтін ,терең білім мен адамгершілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірген-тұлға.
СҚО Петропавл қаласы Мамлют ауданы КММ Краснознамен орта мектебінің жанындағы шағын орталық Тәрбиіеші : Уразбаева Бахтигул Фазилиддинкызы