Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген



бет25/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған: Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары кіреді.

Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына бағыттармен түйінделеді:

-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу;

-өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау;

- табиғатқа қамқорлықпен қарау;

-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу;

- қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау;

- мемлекеттік рәміздермен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сондай-ақ,  тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттатып, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Еліміздің төл мерекелеріне  балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді  өткізуге тәрбиешілер, ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеуде  балабақша  мен  мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығыда әсерін тигізеді.



Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір Қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір Қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет