Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


, 2 топ: «Қарым-қатынас аймағы»



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
1, 2 топ: «Қарым-қатынас аймағы» 
стра те гиясы 


116
2. Қазақ халқының ұлттық спорт ойыны-
ның бірден-бір көп тарағаны — 
бәйге мен 
аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзге-
ше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық 
жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қой-
майды, спортшының өзі мен оның атына 
жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, 
жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. 
Бір жағынан, осындай жарысты бұрын 
белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу 
қазіргі заманғы ат спортының классика-
лық түріне жақындайды. Әсіресе, аламан 
бәйге спортшының тактикалық шеберлігін 
жетілдіруде маңызы зор. Жарыста мықты 
да, жылдам спортшылардың бәрі бірдей 
жеңе бермейді дұрыс жаттығып, жарыс-
тың барысында атының күшін тиімді пай-
даланса ғана жеңіске ие болады.
Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбие-
лік мәні де бар. Олай болатын себебі — 
жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны 
баптап, бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ 
мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала 
үнемі басы-қасында болып, бапкермен 
бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын 
атты ғана баптап қоймайды, оған мініп 
шабатын баланы да қоса дайындайды. 
Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, су-
дың мөлшеріне дейін біледі. Бәйге атына 
мінетін бала атының қандай қабілеті бар 
және жарыс үстінде оны қалай пайдала-
ну керектігін жарыс басталмастан бұрын 
біліп алады.


117
3, 4 топ: «Екі түрлі түсініктеме күн-
делігі» стратегиясы
 
Топтық жұмыс: 
жүзеге асатын 
дағды: айтылым.
Әр топ өз жұмысын қорғайды, өзара 
бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет