Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
танымдық бағытта құрылуы тиіс. ОӘК, ең ал-
ды мен, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұрып жат қан, 
еліміздің орыс тілді азаматтарына, оның ішінде орыстілді қазақ-
тарға арналады. Сондықтан ОӘК барлық элементтерінің мазмұны 


18
ұлттық намыс және достық қарым-қатынас рухында қазақ халқы-
ның менталитетін танытып, оны тіл үйренушінің түсіну, қабылдау 
дағдысының қалыптасуына және қазақстандық ұлтжандылықты 
дамытуға бағытталғаны жөн. Сонымен қатар тілді меңгеру бары-
сында үйренуші тұлға қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдени құн-
дылықтарын, оның басқа ұлттардың мәдени құндылықтарымен 
тығыз байланыста даму жолы туралы қосымша мәлімет алу арқылы 
өзінің ой-өрісін дамытып, таным жүйесін байытады. Бұл тілді оқы-
тудың негізгі жетекші бағыты болып саналады. 
Жалпы алғанда, ОӘК құрамына енетін барлық элементтеріне 
тән осы белгілері оның мәртебесі мен дәрежесін анықтайтын өз-
ара байланысқан және өзара сабақтасқан біртұтас жүйені құрауға 
мүмкіндік береді. 
ОӘК – оқытушы мен тіл үйренушінің шығармашылық әре-
кетінің негізгі құралы. Атап айтқанда, ОӘК оқу мазмұны мен оны 
меңгеру технологиясын сипаттайтын, оқытушы мен үйренушіні 
біртұтас белсенді әрекетке жетелейтін құрал. 
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту жүйесіне арналып жасалатын 
ОӘК-нің бұл белгілері оның негізгі қызметтерінде ашылады. Жал-
пы дидактикалық қызметтерді басшылыққа ала отырып, мемлекет-
тік тіл бойынша жасалатын оқу әдістемелік кешенінің (ОӘК) келесі 
қыз меттерін бөліп көрсетуге болады: 
ақпараттық, уәждік, қаты-
сымдық, бақылаушылық, толеранттық қатынасқа бейімдеу.
ОӘК ақпараттық қызметі – ғылыми тұрғыда сұрыпталып 
берілген оқу материалы, яғни лингвограмматикалық, лингвоел-
танымдық білімді тіл арқылы меңгертуден тұрады. Өйткені тіл 
үйренушілер қазақша қарым-қатынасқа қажет әр алуан ақпарат-
тарды тіл арқылы меңгере отырып, дүниетанымын кеңейтуге 
мүмкіндік алады.
ОӘК уәждік қызметі – оның құрамына енетін барлық элемент-
тердің қызықты мазмұнында, тартымды тапсырмалар мен әр 
түр лі жаттығулардың құрылымы арқылы жүзеге асады. ОӘК 
мазмұнында танымдық жаттығулар, проблемалық тапсырмалар 
мен интеллектуалдық материалдың үйлесімді берілуі тіл үйре-


19
нушілердің мемлекеттік тілде қатынас жасау ынтасын оятатын 
құрал болып табылмақ.
ОӘК қатысымдық қызметі – тіл үйренушінің айтар ойын жүйе лі 
жеткізуге дағдыландыратын, қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптас-
тыратын, кез келген жағдайда сөз тауып, оны орынды қолдануға 
жетелейтін қатысымдық құзыретті дамытудан тұрады.
ОӘК уәждік қызметі – оның құрамына енетін барлық эле-
менттердің қызықты мазмұнында, тартымды тапсырмалар мен 
әр түрлі жаттығулардың құрылымы арқылы жүзеге асады. ОӘК 
мазмұнында танымдық жаттығулар, проблемалық тапсырмалар 
мен интеллектуалдық материалдың үйлесімді берілуі тіл үйре-
нушілердің мемлекеттік тілде қатынас жасау ынтасын оятатын 
құрал болып табылмақ.
ОӘК бақылаушылық қызметі- бақылау және бағалау жаттығу-
лары арқылы кері байланыс механизмдерінің дұрыс жұмыс жа-
сауын қамтамасыз етуден тұрады. Яғни, үйренушіге өзінің білім 
деңгейін өзі бақылап, бағалап, түзетіп, толықтырып отыруына 
мүмкіндік беріледі. Мұндағы мақсат тіл үйренушінің тіл үйрену 
белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, қы-
зығушылығын арттыру.
ОӘК толеранттық қатынасқа бейімдеу қызметі оның барлық 
элементтерінің мазмұны жахандастыру үрдісінде тіл үйренушіге 
мемлекеттік тіл арқылы тіл иесі халықтың мәдени мұрасы мен 
бастауларын, сонымен бірге басқа ұлт пен ұлыс өкілдерінің ру-
хани асыл қазыналарын, батыс өркениеті мен жалпы адамзаттық 
әлемдік өркениеттің баға жетпес байлықтарын тереңдете кірік-
тіре игерту арқылы ұлтаралық сыйласым, достық қарым-қатынас-
ты бекіте түсуге бағытталуында.
Осылай әр деңгей бойынша өзара сабақтастықта жасалған 
ОӘК қолда бар басқа да қазақ тілі оқулықтарымен үйлесе оты-
ра, деңгейлеп оқыту жүйесі талаптарына сай мемлекеттік тілді 
оқытуды жандандыруға мүмкіндік беретін ең негізгі жаңа үлгіде-
гі тіл құралы болары даусыз. Бірақ оны тұлғаның тілді меңгеру-
ге бағытталған белсенді еңбегі мен шынайы ниеті, ізденушілік, 


20
шығармашылық оқу әрекеті арқылы жандандырмаса, бұл оқу-
әдіс темелік кешен «өлі зат» күйінде қала берері де сөзсіз. 
Ойымызды қорыта келе, деңгейлеп оқыту жүйесіне арналған 
ОӘК құрамына енетін әр элементтің (бағдарлама, негізгі оқулық, 
аудиовидеоматериалдары, әдістемелік нұсқау т.б.) құрылымы 
мен мазмұны жайындағы мәселенің өзі жеке-жеке жан-жақты қа-
растыруды қажет етеді және алдағы тағы бір ой-тұжырымдарға 
арқау болмақ демекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет