психологиялық дайындық: өз мүмкіндігі жайлы нақты болжам (объективті өзіндік бағалау), өзіне деген талап қоюшылық, өзін-өзі сынаушылық, ұйымдасқандық, байқампаздық, батылдық;
технологиялық дайындық: педагогикалық шеберлік пен технологияны еркін меңгеру үшін қажетті болжамдық, жобалаушылық, конструктивті, коммуникативті және диагностикалық шеберлік пен дағды;
педагогикалық-ұйымдастырушылық дайындық: жұмыс жағдайын, оқу-тәрбие процесінің жағымды, жағымсыз факторларын білу, әрқилы диагностикалық әдістерді меңгеру, өз ізденісі үшін хал-ахуалды таба білу шеберлігі, ата-аналар белсенділігі және оқушылардың өздерінің арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
өзін-өзі кәсіптік тәрбиелеу мен өз бетімен білім алудың іскерлігі.
Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі шығармашылық табиғатынан, мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті ерекшелігінен, оның әлеуметтік бағытынан келіп шығады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке дайындығының маңызды белгілеріне жетекші педагогикалық қасиеттің қалыптасқандығы жатады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті
Мұғалімді инновациялық
іс-әрекетке оқыту
Мақсат
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті игеруі
Жаңа тұжырымдама, заңдылық, ұсыныстарды ажырату
Мазмұн
Инновациялық тұжырымдама мен технологияларды игеру
Ғылыми инновациялық мәселе қою, шешу міндеттерін белгілеу, болжау
Құрал
Авторлық бағдарлама, оқулықтар, компьютерлік және мультимедиалық оқыту құралдарын пайдалану
Мұғалімнің инновациялық білім, іскерліктерінің қалыптасуын бағалау
Бақылау
Мұғалімнің инновациялық білім мен іскерліктерін бағалау және өзін-өзі бағалау
|