Тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру (өз жұмысына нақты өзгеріс енгізу):
Жаңадан туындаған проблемалар мен бар мүмкіндіктерді саралай
білу.
Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетке даярлығын педагогикалық
инновациялық білімдер мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуының тұтас процесі ретінде қарастыра отырып, мұғалімнің инновациялық даярлығы деңгейінің тұтас сипаттамасын беретін білім мен іскерліктердің өзара байланысын бейнелейтін критерийлердің кешенімен ажыратылады:
педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің мазмұндық, процессуалдық және мотивациялық-құндылық жақтарын игеру бірлігін бейнелейді;
білім мен іскерліктердің өзара байланысын бейнелейді (білім- іскерліктің теориялық негізі, іскерлік-білімнің әрекет ету формасы);
өзіндік білім мен іскерлік сапасының әртүрлі сипаттамаларын біріктіреді;
білім мен іскерліктердің динамикалығын бейнелейді (әртүрлі жағдайда қолдану);
мұғалімнің танымдық және практикалық іс-әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын көрсетеді.
Педагогикалық инновациялық білім мен іскерліктердің жүйесін қалыптастыру процесінің қозғаушы күші – педагогикалық инновациялық теория мен педагогикалық инновациялық іс-әрекетті қажетсінуде, мұғалімдердің оқыту мен тәрбиелеу саласындағы жаңа идея мен келісімдерді, ұсыныс мен ережелерді игеруге деген қызығушылығында.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының критерийлері мұғалімді берілген іс-әрекетке дайындау жұмысында олардың инновациялық білімдері мен іскерліктері көрініс табады.
Педагогикадағы инновациялық білім жүйелілігінің көрсеткіштері:
жаңа педагогикалық тұжырымдама, идея, келісім, заңдылық, ұстаным мен ережелер және олардың әдіснамасы мен әдістемесін игеру дәрежесі;
жаңа идея мен ережелерді оқу-тәрбие процесіне енгізуді ұйымдастыру тәсілдерін теориялық ойластыру дәрежесі;
білім беру жүйесіндегі жаңа теориялық тұжырымдама, идея, келісім және заңдылықтармен әрекет ету, оларды практикада пайдалану деңгейі, жаңа педагогикалық білімге қызығушылықтың даму дәрежесі (19-сурет).
Осындай педагогикалық бағыттылықтың жалпы көрсеткіштері адамдардың барлық тобына тән, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдер жаңа қасиеттерге ие болады: күрделі әдістемелік немесе технологиялық мәселелердің шешімін іздеу бағыттылығы; оқу-тәрбие процесінің үздіксіз сапалы жаңаруына деген мұқтаждық; жаңа идеялар мен тәсілдерге деген инновациялық тәжірибе мен оны өз еңбегінде жүзеге асыруға деген талпыныс мүддесі:
Достарыңызбен бөлісу: |