Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізі мақсаты – мұғалім оқушы арасындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; педагогикалық процесс кезеңіндегі оқушының жеке басының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету.
Жаңалықты енгізуге дейінгі алғашқы кезеңде мұғалім жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейімен анықталады. Мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі: мұғалім инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқарас танытып, оқыту мен тәрбие беруде баламалы технологиялардың қажеттілігін түсінеді, мемлекеттік білім стандарты көлемінде жаңа шешім табуға ізденіс жасайды, оқу-әдістемелік кешендеріне аздаған өзгерістер енгізу арқылы өз тәжірибесінде пайдалануымен
сипатталады.
Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде пайдаланады, жаңалықты педагогикалық процесте пайдаланудың әдістерін анықтайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне жаңалықты бергілі бір мақсатпен жүйелі ендіруімен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерін іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады (22-сурет).