Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет48/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

«Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы (эмердженттік), синергетикалық, мультипликативтік). Қазіргі кезеңде мектепті басқару педагогикалық құндылықтары басшылыққа алады. Басқару қызметі процесінде менеджер басқарудың жаңа теориясы мен тұжырымдамасын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін арттыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан:
  1. әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық мақсаттары;


  2. білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау;


  3. құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен маңызын ашады;


  4. құндылықтар басқару қызметке реттеушілік сипат береді.


Құндылық-қатынастар педагогикалық жүйеге қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың педагогикалық ұжымдағы және тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады.


Құндылық сапалар басқарудың субъективтілігі ретінде басқарушы- менеджердің дербестік, тұлғалық, өзара қарым-қатынастық қасиеттерінің көптүрлілігінің мәнін ашады. Ол сапалар басшының өз қызметін болжап, оның салдарын алдын ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтастыру және бірлесе басқару қабілетінен көрінеді.
Мектеп басшысының басқару мәдениетінің тұлғалық шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық іс-әрекет ретінде қарастыруы арқылы ашылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет