Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет26/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Мектептің әкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару; тәрбие жұмыстарына жетекшілік; әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.

Тәжірибе көрсеткендей, орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқару сапасының төмен болу себебі – жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын тануға негізделген және оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету және т.б.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары. Кез келген ісәрекет сияқты басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі. Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнеленуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықгар ретінде оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы кұрылымдық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігін, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері,сипаты мен шарттылығын атап көрсетеді.
Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде талдау, мақсаттылық, ізгіліктілік, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әртүрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді.
Басқарудың жалпы қағидалары: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы ( 11-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет