40. А.Құнанбаевтың отыз бірінші және отыз екінші қарасөзінде берілген ортақ ойды анықтап, талдап жазыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы көшбасшысы. Рухани-адамгершілік тұрғысынан талдар болсақ, ұлы ойшылдың ұрпағына тастап кеткен қазынасы ұшан теңіз. Қазақ даласына шығыс пен батыстың әдебиеті мен мәдениетін әкелді. Абай оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие жүйелері мәселелерін 20 шақты қарасөзінде әңгіме қылып, ағартушылық пікірлерін ұсынады.
Ұлы Абайдың әрбір сөзінің салмағы бар. Адамгершілік қасиеттердің жақсысын үлгі етіп, жамандықтан аулақ болуға насихаттап отырды. Туған халқының жағымсыз мінездерін кейде әзілдей, кейде сынай, кейде ащы мысқыладай отырып өлеңге қосты. Мұнысын туған елінің өзге жұрттан кенже қалмауын уайымдау еді. Меніңше, әр қазақстандық азамат Абайдың бір өлеңін жатқа оқып, қара сөздерін көкірегіне түйіп жүрсе игілікті іс болар еді. Отыз бірінші – қара сөз көлемі шағын. Бірақ, білім беру мен үйренудің алтын ережесі сияқты мағынасы зор. Қазіргі өркениет қарыштап дамыған заманда осы сөзді көңілге түйіп алсақ болады.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
Жай ғана естіп қоймай, оны көкірекке берік байлау керек . Яғни жүректе сақтау керек.
Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Мұнысы жай есту немесе көру емес. Сол жайдан үлгі алу керек. Өз бойыңнан өткізу керек, бар ынтаңмен, сүйіспеншілікпен ұғыну керек.
Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
Оқығаныңды немесе үйренгеніңді ұмытпас үшін бірнеше мәрте қайталап ойлану, сосын барып көңілге бекіту. Ой мен жүректе қатар сақтау. Жүректен орын алған нәрсе ешқашан ұмытылмақ емес.
Төртінші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек-дей келе ой кеселдеріне тоқтап айта кетеді.
Қазіргі мектеп оқушылары мен жасөспірімдерде кездесетін жағымсыз қылықтармен ұштастыра айтуға болады. Әлеуметтік желі ақпараттарын шамадан тыс пайдалану. Комьпютерлік ойын түрлеріне салынбау турасында айтылып отыр десек те қателеспейміз. Бұл тәрбиеге қатысты айтылса керек.
Бастысы – қоғамдағы немесе өз басыңдағы оқиғалардан сабақ алу. Жақсыны естісең қуанып, өзіңде мұндай игі іс қылмаққа талпыну. Ал жағымсыз әдеттерге салынбау жөн. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек.
Олардың ішінде отыз екінші сөздің мән-маңызы ерекше. Мұнда Абай білім, ғылым мәселесін тереңірек қозғайды. Адам баласы білімді толық меңгеруі үшін не істеу керектігін ашып көрсетіп береді. Абай біріншіден, білім-ғылымды бір керегіме жаратамын деп, шын мейірленіп үйрену керектігін, адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түсетінін, екіншіден, біреуден артылам деп, бақталастыққа бола ғылым үйрену адамшылықты азайтатынын, үшіншіден, ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу керектігін, төртіншіден, оқығаныңды ақылға салып, таразылап, есте сақтап қалуға тырысу керектігін айтады. Бесіншіден, бар нәрсенің дұшпаны – уайымсыз салғырттықтан сақтанып, алтыншыдан, ғылымды, білімді сақтайтын сауыт – мінезді бұзып алмауды қадағалау керектігін ескертеді. Ақын «Азғырылмайтын ақылы, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар» мінез болса, оқып, үйренгеннің пайдасы сонда ғана зор болады деген түйін жасайды. Абай айтқан ғылым, білімді меңгерудің бұл амал-тәсілдері өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен алынғандығы сөзсіз. Осы ұстанымдар арқылы білім, ғылым игерген кез келген талапты жас үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мағыналы өмір сүре алады.Aбай атамыздың биыл еліміз 175 жылдығын ерекше тойлады. Еліне мәңгілік рухани мұра қалдырған баба шығармаларын оқып үйрену, өмірімізде пайдалану біздің парызымыз болмақ.
43. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ даласында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып әріге асып көрген емес. Ал, Баурыжан атаны төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз девизиясына қосылып отырған. Бұл, әрине, ол кісінің терең ойлай білетін әскери даналығы мен талантының арқасында жүзеге асқан. Бауыржан ата – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға болады. Оның үстіне ол фольклор білгірі болғандықтан, өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмның мәйегі екендігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе. Менің әкемнің туған бауыры Есіркепов Дүйсенбай көкем 1976 жылы «Сарыағаш» шипажайында Бауыржан атамен дастархандас болып, естіген талай қызықты естеліктерін айтып, біздің Бауыржан атадай асқақ, намысшыл, отанға адал қызмет ету, шындықпен, әділдікпен өмір сүру қажеттілігін санамызға әркез құйып отыратын. Бауыржан ата жайында айтқан бір әңгімесі есімде мәңгілік жатталып қалыпты. Атаның мінезі қыстың қаһарлы аязындай қатал. Жалғандыққа жаны қас, өте сезімтал, адамды тану психологиясы өте жоғары, тәкәппар мінез көрсететін адамдардың мысын басып тастайтын, табиғаттың ерекше жаратқан дарабозы болатын. Ал, көңілі жарасып, мейірімі түскен пендеге сыпайы, ақкөңіл, ақжарқын мінез танытып, ең қиқар деген адамның өзін жөнге салып жіберетін ақылшы, дастарханын жайып, ақ батасын беретін өте жомарт кісі дейтін. Бала болсақта осы сөздерді санамызға тоқып, Бауыржан атадай болуды қиялдайтынбыз. Кейін Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын оқығаннан кейін әке естеліктері мен бала қиялымның алдамағанына көзім толық жетті. Тағы бір естелігінде: шипажай ауласында Бауыржан атаның таяғына сүйеніп серуендеп жүргенін көрген көптеген демалушылар жүгіре жарысып, атаны қоршап алып, естелік суретке түсуге шақырады. Сол кезде көптеген ұлт өкілдерінің арасынан осы қазақтың қарадомалақ баласымен суретке түсемін деп менің көкемді таңдапты. Ол сурет үйде көкемнің бойтұмарындай сақтаулы. Бұл естеліктен Бауыржан атаның ұлтжандылығын, қазақ баласына деген бауырмалдығын, қамқорлығын көреміз. Міне, қазақ жастарына рух беретін нағыз патриот тұлға осындай болса керек. Ол кісінің әскери қолбасшылығы, генералдарға сабақ берген ұстаздығы — бөлек әңгіме. «Соғыс тактикасы», — деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыларды ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі деуге толық негіз бар. Өзге мемлекеттер батыр атамыздың ерен еңбегін ұлықтап, қадірлеп-қастерлеп, өз мемлекеттерінің қорғаныс саласына қолданып, тәжірибеге енгізіп жатқанда, «қолда бар алтынның қадірі жоқ», — дегендей барымызды бағалай алмай жатқанымыз елдігімізге сын емес пе? Біздің елдің барлық әскери оқу орындарында атаның кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған «Соғыс психологиясы» атты еңбегінен дәріс оқып, асқан тактикалық іс-әрекеттерін тәжірибеге ендіру уақыт талабы екендігі даусыз. Ол кісі ерлікке толы ғұмыр кешкен, аты аңызға айналған, әскери соғыс тактикасын өте жетік меңгерген, өжеттілімен КСРО әскери басшылығын толық мойындатқан дара тұлға. «Батырлар мекені» атанған бір ғана Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдан жеті генералдың шығуы батыр Баукеңнің өшпес рухы мен аруағының қолдауынан болар. Бауыржан атаның отансүйгіштік рухы қазақ даласын тынбастан кезіп жүретін болады. Қазір де кезіп жүр… Демек, Бауыржан атадай темірқазық тұлғасы бар қазақ атты қайсар халықтың ұлттық рухы ешқашан аласармайды деген сөз… Баукең — ХХ ғасырда ұлтының жоғын түгендеп, барын бүтіндеген бірегей тұлға. Ол қағынан жерінген құландай өз тілі мен дәстүрінен, ата салтынан қол үзіп, мәңгүрттене бастаған өз ұлтына қабырғасы қайысқан. Ғаламат ғажап екендігі, қайта тумас қазақ екендігі де сонда. Баукеңдер кіріп келгенде кезде шындық шалқайып, өтірік бұқпантайлаған. Біз де ащы да болса, жастарды шындықпен тәрбиелеуіміз тиіс. Ол кісінің артында қалған мұраларының бізге берері көп. «Менің көзімді ойып алсаң қан ағады, жас шықпайды», — деген. Міне, нағыз патриот! Өзінің бітім-болмысымен ерекшеленген Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы тек ел басына күн туғанда «етігімен су кешен» батыр ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Батырдың аузынан шыққан нақыл сөздері бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Атаның қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын сөз еткенде, елді надандық пен қатыгездік, ұсақтық пен қанағатсыздық, маскүнемдік пен әділетсіздік, опасыздық пен өсек-өтірік қара түнектей қаптап алған заманда оның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу-білім, ақыл-парасат, салт-дәстүр сынды асыл дүниелер жөнінде сөз қозғауының өзі програссивті құбылыс. Ол мұраларында оқырманды дұшпанмен аянбай шайқасуға үндейді. Ол үшін қайратыңа ептілікті, ептілікке қырағылықты, қырағылыққа әдісті, әдіске ақылыңды жолдас ет дейді. Сонымен қатар, ол кісінің оймен өрнектеп, сөзбен кестелеген отанды сүюге, ізеттілікке, батылдыққа, адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелейтін өмірлік мәні зор нақыл сөздері келер ұрпақты қазақ мемлекетінің өр тұлғалы, ер мінезді қайсар азаматтары болуға насихаттайды. Атап айтқанда:
-Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.
-Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!.Ұлт үшін қызмет ету-азаматтық борыш.
41. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін», − деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз. (Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл
«Екінші ұстаз» атанған - Әл- Фараби бабамыз. Қазақ топырағында дүниеге келген кемеңгер ұстаз, өз заманының жан-жақты білімді адамы, ғылымның барлық саласын меңгерген бабамыз еліміздің тарихын, мәденитетін, әдебиетін, оқу-ағарту саласын дамытуда орны бөлек, дара тұлға. Ол ең алдымен ағартушы, ұстаз болды. «Екінші ұстаздың» барлық трактаттары, философиялық шығармалары мен көзқарастары адамзатты кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған.
Ұлы ұстаздың ұлылығын танытқан: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген қанатты сөздерімен мақаламды бастамақпын. «Бақыт жолы», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философияны үйренуге дейінгі алғышарттар туралы», «Бақытқа жолды бағыттау», «Азаматтық саясат» және тағы басқа еңбектерінде білім мен тәрбие туралы тағлымдарын байқауымызға болады. «Ұлы ойшылдың пайымдауынша, адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі құрал ретінде мінез- құлық, мораль және ақыл-ой тәрбиесіне мән береді. Ол бақытқа жетудің бірден -бір жолы жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасат дейді. «Әлеуметтік-этикалық трактаттары» туралы шығармалар жинағына әдеп жайлы жазған еңбектері кірген. Адам бақытқа жету үшін ең алдымен оны түсінуі керек, сондан кейін оған жету жолдарын қарастыру керек дейді. Жаңа адамгершілік сапалар туралы соның негізінде туатын мінез-құлық туралы әңгімелейді. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші біріккенде адамшылық қасиеттер болады. Осы екеуінің арқасында біз игі және қайырымды адам боламыз. Жақсы мінез құлық қалаптастыруда өнер үйрену керек екенінін баяндайды. Биік мораль, ар-ождан, қайырымдылық туралы ойларын айтты. Ең бастысы барлық іс-әрекетте темірдей тәртіп болу керек екенін баса айтады. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Мінез- құлқын түзей алмаған адамның ғылымға қолы жетпейді деп ескертті. Шығыс әмірінің бірі Фарабиді өзіне шақырып алып, өз мемлекетінің болашағы туралы сұрайды. Сонда ұстаз: сен маған жастарыңды көрсет, содан кейін айтам деген ғұлама пікірінен ұғынарымыз жастардың ел ертеңі, мемлекеттің тірегі екен біліміз. Сондықтан жастарды тәрбиелеуде ғалым бірінші орынға адамгершілік, моральдық тәрбиені қояды. Фараби өмір бойы бақытқа жету жолын іздеді. Бақытты қалада өмір сүруді армандады. Бақытқа қол жеткізу үшін қанағатшыл болу керек екенін айтты. «Бақытқа жол сілтеу» трактаттарында әдеп, көркемдік, сұлулық мәселелеріне көңіл бөледі. Осы еңбегінде бақытқа жету үшін өзін-өзі толық жетілдіріп, ешнәрсеге мұқтаж болмау керек. Ол үшін білімді болу керек, әрбір істеген ісін жан қалаумен атқару керектігін айтты. Адамдар бақытты болу үшін бір-біріне көмектесіп, бірге бақытқа ұмтылуы керек, сонда мына әлем ізгілікті болады деп тұжырымдайды. Адам баласы мұратына жамандықты жақсылық жеңгенде ғана жетеді деп қорытынды жасайды. Кемеңгер ұстаздың пайымдауынша, мінез‑құлықтың жақсысы да, жаманы да туа бітпейді, жүре бітеді
Кемеңгер ұстаз өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында» бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұнда сөз етіп отырған қаламыз- бүгінгі мемлекетіміз. Ғалым бұл еңбегінде мемлекеттің пайда болуы, идеал қала халқының әдепті бейнесі, сол қаланың басшысы қандай болу керек, оның бойында қандай адамгершілік қасиеттер болу керек екендігін, әрбір адамның бақытқа жету үшін бүкіл қала болып бірігіп тіршілік ету керектігін ортаға салады. Алайда Фараби өзі өмір сүрген дәуірдің төл перзенті. Сондықтан ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқару керек деп түсінеді. Жақсы әкім болу үшін, оның бойында ешқандай мін болмау керек, өзі шартты түрде атаған он екі қасиет, яғни, ол жан-жақты білімді, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан қашық болатын, жомарт, батыл, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болу керек деп биік талаптар қойды.
Осындай өмірлік азық беретін, рухыңды ұштайтын, бақытты, құндылықты түсіндіретін бағалы еңбектер қалдырған батыр тұлға ел есінде мәңгі сақталмақ. Рухани азық беретін, шын мәнінде адамзат баласына үлгі бола алатын тұлғаларды болашақ ұрпаққа дәріптеу біздің адамзаттық борышымыз әрі міндетіміз.
50. «Күллі құрмет білімдіге тиесі,
Достарыңызбен бөлісу: |