Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!



бет5/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі – өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінің балалық шақта басынан кешкендерін, сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Сабаққа алғыр. Жүгіру,секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді. Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлықта бар, бірақ оқуға зерек. Шешесі өліп жетім не жетіссін. Бір ғажабы – кісі есігінде жүріп оқыса да, Бектас екінші, төртінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бойда қайрат, ойда көз, көңілінде жігер болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділікпен, өміршендікпен қарайды. Бектасты болашаққа сүйрейтін осындай оптимистік үміт-арманы.

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып қойған інісі Тұрдыбектің тағдырын көбірек ойлады. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас Тұрдыбектің мұндай халіне ешбір жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты қайғыруда жүреді: Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да, аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен салмешел болып қалған. Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп, жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бектас бейнесі маған қатты әсер етті. Мұнда сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсетеді. Шығарманы оқи отырып, өз балалық шағыма бір сәт саяғат жасауды жөн көрдім.Соқпақбаев бұл шығармасында балалық шағын қызықты етіп әңгімелейді. Соның арқасында оқырман сол дәуірдің шынайы тарихи шындықтарын көре алды.


Біз де бала болғанбыз. Бірақ интернет клубты қуалап емес, доп қуып жетілдік. Сөйтіп жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып ек. Қазіргі кейбір жастардың жан дүниесін интернет клубтары тұсаулап, көздерін тұмшалап отыр-дейді әкем. Ал анам: «Қайсыбір аулаға барсаң да дос тауып алатынсың. Бірге велосипед теуіп, арыққа қағаз қайық жүздіріп, көпір үстінде отырып арман қиялына берілетінбіз. Ғарышкер болғымыз келетін, жазушы немесе журналист болуды армандайтынбыз. Ешкім де кәсіпкер не киллер болсам, байысам деп ойламайтын. Қажет кезінде көршінің ауласына шарбақ арқылы секіріп түсіп, өрік-алма, қауын-қарбыз жейтінбіз. Неше түрлі ойындар ойлап табатынбыз. Екі бала ойын бастаса, қалған балалар қосыла кететін. Көршінің бақшасында пішен шабылып жатса асарлатып жабыла кететінбіз. Мұғалім сабақта «екілік» қойса, оны түзеткенше кітап ақтарумен болатынбыз. Тамыр-таныс салып баға түзетуді ойламаппыз.».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет