С.ҚОЖАБАЕВ, аудандық соты әкімшісінің бас маманы, сот отырысының хатшысы Жер мәселесі – басты назарда Аудан прокуратурасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жер пайдаланушыларға беру және оларды мақсатына сай пайдалану заңдылығына тұрақты түрде талдау жүргізілуде. Қазақстан
Республикасы-
ның «Жайылымдар туралы»
20.02.2017 жылғы Заңына сәйкес,
екі жыл бойы жайылымдарда жаю
үшін ауыл шаруашылығы жануар
лары болмаған не олардың саны
жайылымдардың жалпы алаңына
түсетін жүктеменің шекті рұқсат
етілетін нормасының жиыр
ма пайызынан аз болған және
(немесе)
жемшөп
дайындау
мақсатында шөп шабу болмаған
жағдайда, жер учаскелері Қа-
зақстан Республикасының жер
заңнамасында көзделген тәр-
тіппен алып қоюға жатады.
Қазақстан
Республикасы
Жер Кодексінің 92-бабының
3-тар мағына сәйкес, шаруа не-
месе фермер қожалығын, ау ыл
шаруашылығы өндірісін жүр-
гізуге арналған жер учаскесі
пайдаланбау
фактісі
алғаш
рет анықталған кезден бас-
тап қатарынан екі жыл бойы
мақсатқа сай пайдаланылмаған
жағдайларда мұндай жер учаскесi
осы Кодекстiң 94-бабында көз-
делген тәртiппен мәжбүрлеп
алып қоюға жатады.
Осы Кодекстің 92-бабы 4-тар-
мағында шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
жер учаскесін мақсаты бойын
ша пайдаланбау жағдайларына
жайылымдарда – жаю үшін ауыл
шаруашылығы жануарларының
болмауы не олардың саны
агроөнеркәсіптік кешенді да
мыту саласындағы уәкілетті ор
ган белгілеген жайылымдардың
жалпы алаңына түсетін жүк-
теменің шекті рұқсат етілетін
нормасының жиырма пайы
зынан аз болуы және (немесе)
жемшөп дайындау мақсатында
шөп шабудың болмауы жататы
ны көрсетілген.
Алайда аудандағы жекеле
ген тұлғалар тарапынан жер
учаскесін заңнама талаптарын
бұзу немесе ауыл шаруашылығы
мақсатына сай пайдаланбау
деректері орын алуда (жер
учаскелерін тиісті тәртіппен өз
аттарына әділет органдарында
тіркемеу, мақсатына сай жерді
игермеу, аудандық жергілікті
атқарушы органмен жалға алу
шарттарын жасамай және т.б.).
Орын
алған
заң
бұзу
шылықтар бойынша аудан про
куратурасымен 2022 жылы заң
бұзушылықтарды
жою
мақ-
сатында екі прокурорлық қа-
дағалау актісі енгізіліп, қа-
дастрлық кұны 20 миллион 493
мың 800 теңгені құрайтын көлемі
13 257 га 13 жер учаскесі мемле
кетке қайтарылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді жер учаскесін заңнама
талаптарына сай және нысаналы
мақсаты бойынша пайдалануға
шақырамыз.