Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ Ұстаз деген ұлы мамандықтың арқалар жүгі тым ауыр. Алайда осы мамандықты игеріп, саналы ғұмырын өзгенің перзентіне білім берумен өткізетін асыл жанның дені нәзікжандылар. Қай білім ордасына бас сұқсақ та, ұстаз қауымының басым бөлігі әйел адам екенін байқаймыз. Ал бала тәрбиесінде ер адамның да орны ерек. Жоғары сыныпқа сабақ беретін ұстаздардың арасында ер азаматтардың бары рас. Ал бастауыш сыныптағы мұғалімдер ортасынан оларды кездестіру қиын. Бірақ, жас өскінге қалам ұстатып, партаға қалай отырудан бастап үйрететін ер ұстаздар да бар екен. Аудан көлемінде бастауыш сыныпқа жетекшілік ететін жалғыз ер адам бар. Ол – №121 мектептің мұғалімі Мейрамбек Қанатов. Жаңашыл жас ұстаз
Бүгінде Instagram, You tube, Tik-tok секілді әлеуметтік желі мен платформаларда жеке блог жүргізу трендтен қалмайды. Онда түрлі салада еңбек етіп жүрген дәрігер, мұғалім секілді мамандар бар. Олар өзінің жеке өмірінен бөлек жұмысын көрсету арқылы өзгеге пайдалы болып жүр. Осы орайда ұлағатты ұстаздар да дәстүрлі форматты қойып, шәкірттерін танымал желі арқылы тәрбиелеуде. Солардың бірі – Мақпал Жайлашева. Ол №85 орта мектептің түлегі.
Мектепті бітірген соң Жезқазған
гуманитарлық колледжінде баста
уыш сынып мұғалімі мамандығын
үздік дипломға бітіреді. Жас ма
ман Төретам кентіндегі №80
мектепгимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі болып орналаса
ды. Аталған мектепте күні бүгінге
дейін еңбек етіп келеді.
Білім берудің қазіргі жаңа
құрылымы
және
оқу
әдіс
темесінің
мазмұнының
өзге
руі
мұғалімдердің
кәсіби
шеберліктерін жаңартуын, шығар
ма шылық
ізденістерін
қажет
етеді. Сондықтан оқушылардың
белсенділігі мен танымдық іс
әрекеті арқылы оқушылар шығар
машылығын дамыту, қажетті
жағдайда айрықша шешім қа
былдай алатын жеке тұлға да
йындау, осыған орай оқытудың
жаңа технологияларын енгізе оты
рып білім беру мұғалімнің басты
міндеті болып отыр. Соның ішінде
сандық технология қазіргі ұрпаққа
қажет екенін жоққа шығаруға бол
майды. Бүгінгі ұрпақтың көп бөлігі
уақытын телефонмен өткізеді. Сол
үшін мұғалімдер соған адапта
ция жасап, пайдалы ақпарат бере
бастағаны дұрыс. Оқушыларға
пайдалы болатын дүниені кеңінен
таратып, насихаттау керек.
– Ұстаздық қылу оңай емес.
Алайда маған мұғалім болу бақыты
бұйырған екен. Жүрегіммен осы
мамандықты
жақсы
көремін.
Кейде түрлі адамдар тарапынан
сөздер де естіп жатамыз, сырттай
әңгіме де көп. Бірақ кім не айтса да
өз ойымнан тайған емеспін. Қайта
ілгерілей түсемін. Себебі мен өз
жұмысыма
берілген
жанмын.
Өмірімді балаларға арнағанмын.
Сол үшін қазіргі заман талабы
на сай әлеуметтік желіні тұрақты
жүргізудемін. Ондағы бірінші
мақсатым – оқушыларыма естелік
болып қалуы. Ертең есейгенде
осы парақшадан өздерін көріп,
көңілдері
көтеріліп,
өткенге
көз жүгіртіп, ұстаздарын еске
алып жүрсін деген ойым болды.
Екіншіден, жас мамандарға пай
далы болу. Сабақта қолданатын
әдістәсілдерімді өз игіліктеріне
пайдаланғанын
қала дым.
Ең
алдымен, балаға қызық, оның
дүниетанымы мен әлемді тануға
деген ниетін оятатын заманауи
әдістәсілдерді қолдану қажет.
Кейде әлеуметтік желіде менің
жекеме шығып әдістеріңізбен
бөлісіңізші деп жазып жатады.
Мұндай сәтте қуана келісемін, –
дейді ол.
Қазірде ұстаздар, әсіресе жас
мамандар осы болмысы бөлек
жаңа ұрпақты білімге қызықтыру
мақсатында әлеужелімен дос бо
лып, жұлдыз болудан тартынбай
ды.
– Бүгінде оқушылар мен ата
аналардың дені Tiktokта отыра
ды. Әрине, оқушылармен көзбе
көз отырып сабақ берген тиімді.
Дегенмен әлеуметтік желіні білім
беруді
насихаттауда
оңынан
қолдануға болады. Сол себепті он
лайнды да, оффлайнды да қатар
алып жүрген әлдеқайда тиімді, –
дейді жас ұстаз.
«Білім негізі – бастауышта». Иә,
кез келген нәрсенің кірпіші дұрыс
қаланбаған болса, оның болашағы
бұлыңғыр болады. Оқушы үшін бұл
өте маңызды кезең. Сондықтан да
бала қолына алғаш әліппе ұстатып,
әріп танытатын баста уыш сы
нып мұғалімі жанжақты болуы
тиіс. Ал тәжірибесі толысқан
мұғалім Мақпал Болатқызының
тәрбиелеген шәкірттер жеңістің
қиясынан көрініп жүр. Осыған
дейін үш бірдей сыныптың баста
уышта білімін қатайтып, жоғары
сыныпқа жолдаған. Ал қазір 2
сыныпқа қадам басып, 23 оқушыға
білім нәрін себуде.
Кейіпкеріміз мұғалімдік қызме
ті нен бөлек шаңырақта келін,
балаларының сүйікті анасы. Жол
дасы Рамазан – жеке кәсіпкер.
Бүгінде екеуі Айсұлтан, Әлисұлтан
есімді қос батырды тәрбиелеп
отыр.