Мереке мезіреті жәрмеңКЕ



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1-bet merged compressed-21-2

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
Байқоңырдың сыбағасы
Өткен сенбіде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің күз 
мезгіліндегі жәрмеңкесі өтті. Қармақшылық диқандар жәрмеңкеге 39 жүк көлігіне тиелген 116,7 тоннадан астам ауыл 
шаруашылығы өнімдерін әкелді. Табиғи таза қоспасы жоқ өнімдер қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынылды.
Байқоңырлықтар үшін күзгі жәрмеңкенің 
орны бөлек. Сондықтан болар, азанмен ерте 
орталыққа ағылған қала тұрғындарының 
қарасы қалың болды. Елден ат арытып шыққан 
диқандар қауымы сөреге өнімнің әр түрін 
қойды. Атап айтқанда, 4 тонна күріш, 25,5 тон
­
на көкөніс, 73 тонна бақша өнімдері, 1,2 тонна
­
дай ет пен балық, 2 тонна күріш жармасы, 700 
дана жоңышқа мен 200 дана пішен пресс сатуға 
шығарылды.
Бұл жәрмеңке әлеуметтік маңызды азық-
түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз 
ету үшін ұйымдастырылды. Сондықтан ондағы 
өнім бағасы реттелген. Жәрмеңкеде сатып алу
­
шылар ауыл халқының адал еңбегімен тапқан 
өнімдерінің қолжетімді бағаға саудаланып 
отырғанына риза. Экологиялық таза өнімнің 
сапасы әрқашан да жоғары болары сөзсіз дейді 
олар. 
Қала тұрғыны Кенжебек Мәжитұлы да ел
­
мен бірге осында келген. Таң қылау бере бар 
тірлігін бітіріп, жәрмеңкеге тура тартқан 
тұрғындардың бірі. Ол елге ұсынылған өнім 
бағасына да, сапасына да көңілі толатынын 
жеткізді.
– Қазір базарда күнделікті тұтынатын 
барлық затың қымбат. Соның ішінде азық-
түліктің арзан болғанын қалайсың. Осындайда 
ауданның жиі ұйымдастыратын жәрмеңкесін 
асыға күтемін. Базар бағасынан сәл болса 
да арзан. Бағасынан бөлек ет, балық, сүттен 
жасалған таза ауылдың табиғи өнімдері 
келеді. Қазір барлық жерде Сырдың күрішіне 
сұраныс жоғары. Базарды бақыласаңыз, Сыр 
маржанын сатып алушылар көп. Одан бөлек
байқоңырлықтар қауын, қарбызды жақсы 
көреді. Қуаңдарияның балығын да сағынып 
қаламыз. Осылай халық үніне құлақ асып, жиі 
жәрмеңке ұйымдастырып, елдің жағдайына 
қарайласса, тұрғындардың да айтар алғысы 
шексіз болады,– дейді ол.
Ауданның байқоңырлықтарға ұйым дас-
тырған сыбаға жәрмеңкесі қала тұрғын дарына 
түске дейін қызмет көрсетті. Күздің берекелі де 
сапалы өнімі әлі де елге ұсынылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет