Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай



бет59/105
Дата23.05.2022
өлшемі338,16 Kb.
#35432
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
Құжатта сипатталған тарихи оқиға:
Жауабы: Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы.
7. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:
Бұл қаланың тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп, монғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрды. Шыңғысханның таңдаулы түмендері қаланы қоршап алып қорғаушылармен жеті күн бойы соғысты. Жеті күннен соң қалаға кірген жендеттер шаһар халқын түгелдей қырып жіберді. Аспанмен тілдескен әсем ғимараттары бар үлкен қала халқын түгелдей айуандықпен қырғанын сол замандағы мәліметтер дәлелдейді. Алайда қанша қирағанмен бұл қала өмір сүруін тоқтатпады.Көп ұзамай қалпына келе бастады. Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың, яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды.
Өзбек хан тұсында (1312-1342) және оның баласы Жәнібек хан заманында Алтын Орда керемет күшейді. Сол кезде Өзбек ханның ұлы Тыныбек осы қалада хан болды.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және
ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 82-83-б.
Деректе айтылған қала:
Жауабы: Сығанақ
8. Қазақ зиялылары «бірі барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке ұшрайды, екіншісі бармай қалса елге зор бүліншілік келеді деген пікір айтылған оқиғаны анықтаңыз:
Жауабы: 1916 ж. патша жарлығы
9. «Біздің ежелгі бодадарымыз башқұрттар халқы және бодандықты жуырда ғана қабылдаған қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары халықтарының қамын жеп, оларды қандай да бір бір болмасын, шапқыншылықтардан қорғау мақсатында Ор өзенінің Жайыққа құятын сағасында тағы бір қала салуды ойластырдық, бұл жөнінде мына нұсқауға сәйкес іске асыруды бұйырамыз.
1. Біріншіден, аталмыш қаланы тұрғызып, оған халықты қоныстандыру қажет, біз қайырымдылықпен қалаға берген артықшылықтарға сәйкес онда сауда, қолөнер және басқа да кәсіп өркендету керек. Осыған байланыстысен қаланы салып, оған тұрғындарды жайғастырудың тиімді жолдарын қарастыруың керек..»
«...17. Металдар мен минералдар келетін болсақ, олар башқұрт және қырғыз-қайсақ жерлерінен табылып қалар, ол үшін жергілікті халықты алдап-сулап, сый-сияпат көрсетіп, металдар мен минералдар бар жерлерді жасырмай көрсету және тағы да бар жерлерін іздеуге тарту қажет.
19. Сол бір игілікті бастаманың қарсаңында сауда-саттық жүргізу үшін Арал теңізінің қырғыз-қайсақ жерінің тұсынан айлақ тұрғызып, оған зеңбірек орнатқан кемелер апарып, ол теңізді өзімізге қарату қажет; ол үшін Жайық өзенінде желкенмен, қажет болғанда ескекпен жүретін отыз-қырық шамасында қайықтар жасатып, жіберуге дайын күйінде сақтап қою қажет...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет