Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет24/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
«Барлығымыз бірге». Оқушылар бассейін жақтауына бір-бірінен 1 қашықтыққа, бір қатарға тұрады және мұғалімнің бұйырығымен суға секіріп түседі.
«Доп үшін күрес». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бір команда балалары допты бір-біріне лақтыруды бастайды, ал екінші команданың балалары оны тартып алуға тырысады. Доп ұсталған соң ойын қайтадан басталады және командалар орындарымен ауысады.
«Доппен өткізілетін қуыспақ». Ойыншылар бассейнге еркін орналасады және олардың бірінің қолына жеңіл доп беріледі. Оның міндеті – допты ойыншылардың біріне тигізу. Доп тиген ойыншы жүргізуші болып саналады.
«Қазынаны ізде». Мұғалім су түбіне түрлі заттарды тастайды. Оның бұйрығы бойынша ойыншылар сүңгіп, сол заттарды алып шығулары керек. Көп қазына алып шыққан ойыншы жеңімпаз атанады.
«Доп капитанға». Ойынға екі команда қатысады. Бір команда бассейннің бір бөлігіне, екіншілері – қарсы орналасады. Әр команданың капитандары өз командасына қарсы тұрады. Ойыншылар допты өзін алып, бірі-біріне лақтыра отырып, капитанға жеткізулері керек. Өз капитанына көп рет доп берген команда жеңімпаз атанады.
«Тартыспақ». Бір-бірімен аяқтарын матастырған екі ойыншы бар күштерін салып екі жаққа жүзеді және өз қарсыласын тартып кеткен ойыншы жеңімпаз атанады.
«Ұшқыр дельфин». Ойыншылар суда тұрып, қолдарын жоғары көтеріп биік-алға секіреді және қайтадан суға кіреді. Олар ұзағырақ сырғуға тырысулары керек. Алысқа сырғыған ойыншы жеңімпаз атанады.
«Жарақат алған баланы тасымалдау». Ойыншылар жүзгіштер мен жарақат алғандар болып бөлінеді. Мұғалімнің бұйрығы бойынша белгілі бір қашықтыққа қимылсыз жатқан ойыншыны тасымалдау керек. Жүзгіштерге кез келген тәсілмен жүзуге болады (дұрысы бір бүйірмен). Өз командалас ойыншысын қолынан шығарып алмай, бірінші жүзіп келген ойыншы жеңімпаз атанады.
«Сүңгуірлер». Мұғалім айтқан қашықтықты (5 немесе 10 м) су астымен жүзіп өту.
«Су добы». Ойынға екі команда қатысады. Әр команданың өз қақпасы болады. Төреші допты бассейн ортасына лақтырады. Ойыншылар ортаға жүзіп допқа ие болуға және қарсылас қақпасына соғуға ұмтылады. Қарсылас қақпасына көп доп соққан команда жеңіске жетеді. Бір-бірін суға батыруға және допты өзінде ұзақ уақыт ұстауға болмайды. Ойын ережесі бұзылған жағдайда, доп қарсы командаға беріледі.
«Судағы волейбол». Ойыншылар шеңбер құрып орналасады және допты соғып, бір-біріне береді. Реті келсе допты суға түсірмеуге тырысу керек.
Флорбол. Флорбол (ағылшын тілінен аударғанда floor – еден және ball – доп), немесе залдағы хоккей – жабық спорт ғимараттарында, допты арнайы имек таяқпен қарсыластың қақпасына соғу арқылы ойналатын командалық спорт түрі [22].
Ойынға екі команда қатысады. Ойынның мақсаты – ойын ережесін бұзбай қарсыластың қақпасына мүмкіндігінше көп гол соғу. Ойын әдетте қатты да, тегіс едені бар залда өткізіледі. Алаңдағы ойыншылар допты тек имек таяқпен ойнаулары керек. Допты аяқпен тоқтатуға болады, бірақ аяқпен қақпаға соққы жасауға болмайды.
Ойын, көлемі 40×20 болатын және жақтаулармен қоршалған алаңда өткізіледі. Алаңның бұрыштары доғаланған. Халықаралық флорбол федерациясының ережесіне сәйкес, көлемі сәл үлкен немесе кішірек алаңда да ойнауға болады. Алаңның көлемі кем дегенде 36×18, көп дегенде 44×22 метрден аспауы керек. Флорболдың 3 ойыншы және қақпашымен шағын алаңда ойналатын (24×14 метр) нұсқасы да бар (7-сурет).
7-сурет. Флорболға арнап сызылған алаң суреті





7-сур. Флорболға арнап сызылған алаң суреті






Алаң сызығының жалпақтығы 4-5 см және ол келесі үлгіде болады: алаңды ортасынан тең бөлетін ортаңғы сызық; беткі сызықтан 2,85 м қашықтықтан сызылатын, көлемі 4×5 метр болатын (сызықты қоса есептегенде) тік бұрышты айып алаңы; артқы айып алаңынан 0,65 метр қашықтықтан сызылатын, көлемі 1×2,5 метр болатын (сызықты қоса есептегенде) тік бұрышты қақпашы алаңы; ортаңғы сызық және алаңның ұзын қапталдарынан 1,5 метр қашықтықтан, қақпа деңгейінен ойша есептегенде жалғасы болып саналатын сызық бойында белгіленетін лақтыру нүктесі. Олар крест үлгісінде сызылады және диаметрі 30 см аспауы тиіс. Қақпаның көлемі 1,60×1,15 метр болады.


Матч. Ойын ұзақтығы 20 минут болатын 3 кезеңнен тұрады және әр кезең аралығында 10 минуттық үзіліс беріледі. Әр команданың отыз секундтық тайм-аутқа арналған үзіліс алу құқығы бар. Ойын тең аяқталып, жеңімпаз команданы анықтау керек болған жағдайда қосымша 10 минут тағайындалады. Ол кезде де жеңімпаз анықталмаса, онда айып соққылары белгіленеді (хоккейдегідей булиттер сериясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет