Оқыту мақсаты бойынша педагогикалық технологиялар:
- дәстүрлі оқыту технологиясы (білім, білік және дағды беру);
- дамытушы оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиялары
(оқушы тұлғасын дамыту, танымға қызығушылық, стандартты емес ойлай
білу).
Оқытудың мазмұны бойынша педагогикалық технологиялар:
- алгоритмдік сипаттағы технологиялар (негізгі білім беру минимумын
беру);
- өнімді сипаттағы технологиялар (алынатын мазмұнды ұғынудың
шығармашылық деңгейі, алынатын мазмұнды дербес талдау, мысалы,
жобалар технологиясы,
Г.Г. Ибрагимованың шоғырланған оқыту
технологиясы және т.б. Жобалар технологиясының мақсаты білім алушы
үшін маңызды мәселелердің бірін шешу бойынша жобаны (модельді) құру
болып табылады. Г.Г.Ибрагимованың шоғырланған оқыту технологиясы
«тереңдеу» арқылы белгілі бір мерзім ішінде оның ерекшеліктерін түсінуге
және басқа оқу пәндеріне ауыспауға мүмкіндік береді).
Оқыту әдістері бойынша педагогикалық технологиялар төмендегіше
бөлінеді:
- оқу процесін оңтайландыру (оқытудың әдістерін, тәсілдерін,
құралдарын тиімді таңдау);
- бейімдік оқыту (мұғалімнің әрбір оқушымен оның мүмкіндіктеріне
қарамастан өзара іс-қимылының сипаты);
- ұжымдық оқыту әдісі (әр бала жұпта немесе топтарда өзара
әрекеттесуді үйренеді);
- интерактивті оқыту (оқыту және эвристикалық ойындар);
- деңгейлеп саралау (оқыту әдістерін таңдау оқушылардың жеке
мүмкіндіктеріне байланысты жүзеге асырылады);
- модульдік оқыту (модуль түрінде жеке бағдарлама, оқушы
қозғалысының жеке траекториясы және мұғаліммен оның игерілуіне қарай
өзара әрекет жасау).
Оқушылар қызметінің сипаты бойынша педагогикалық технологиялар
төмендегіше бөлінеді:
- мұғалімнің тікелей басшылығымен оқу қызметінде оқушылардың
дербестігін арттыру дәрежесі бойынша қалыптастыруға бағытталған
(оқытудың бейімделу жүйесі, деңгейлік дифференциация технологиясы);
- ересек адамның жанама басшылығымен оқушылардың дербестігін
қалыптастыруға бағытталған (ұжымдық оқыту тәсілінің технологиясы,
модульдік технологиялар).
Уақыт белгісі бойынша қолданылатын педагогикалық технологиялар
48
төмендегіше бөлінеді:
- бір сабақ шеңберінде (оқу процесін оңтайландыру технологиялары
және т.б.);
- қосарланған сабақтар барысында (деңгейлеп дифференциациялау
технологиясы және т.б.);
- бірнеше оқу сағаттарында (ұжымдық оқыту тәсілінің технологиясы
және т.б.);
- оқу ширегі және одан да көп (модульдік және шоғырланған оқыту
технологиялары және т.б.).
Оқыту технологиясы ретінде қарастырылатын педагогикалық
технологиялардың жіктелуі негізінде келесі педагогикалық технологиялар
топтарын белгілейміз:
- түсініктемелік-иллюстрациялық оқыту (оқушылардың жалпы оқу
шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру, ағарту
және олардың репродуктивті әрекеттерін ұйымдастыру негізінде жатыр);
-жеке тұлғаға бағытталған (оқушылардың жеке оқу қызметін
қамтамасыз ету, оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу және дамыту
үшін жағдай жасайды – ынтымақтастықта оқыту технологиясы, жоба әдісі
және т.б.; баланы жеке қолдау, Ш.А. Амонашвили адамгершіліктік-тұлғалық
технологиясы және т.б.);
- дамытушылық оқыту (білім алушылардың тұлғалық дамуының ішкі
механизмдерін, олардың зияткерлік қабілеттерін енгізуге ықпал ететін оқыту
тәсілі басты назарда);
- проблемалық оқыту (ересектердің басшылығымен балалардың
санасында проблемалық жағдайларды құру, оларды шешу бойынша белсенді
дербес қызметті ұйымдастыру, соның нәтижесінде білімді, іскерлікті,
дағдыларды шығармашылықпен меңгеру және ойлау қабілеттерін дамыту
жүзеге асырылады);
- ойындық (оқытудың нақты мақсаттары мен оларға сәйкес
педагогикалық нәтижелері бар әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері);
- әртүрлі деңгейлі оқыту («артта қалушыларсыз базисты оқыту
технологиялары»)
(осы
технологиялардың
теориялық
негіздемесі
педагогикалық парадигмаға негізделеді, осыған сәйкес білім алушылардың
негізгі массасының оқыту деңгейі бойынша айырмашылықтары ең алдымен,
балаға оқу материалын меңгеру үшін қажетті уақытқа дейін жинақталады).
Мектепке дейінгі білім беруге қатысты педагогикалық технологиялардың
жіктелуі үлкен қызығушылық тудырады, олар бірінші кезекте баланың жеке
тұлғасын дамытуға, оның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
Мұндай технологияларға педагогикалық технологияларды жатқызуға
болады:
- жеке тұлғаны танытуға мүмкіндік беретін технологиялар;
49
- тұлғаның өзін-өзі ауыстыруға дайындығын қамтамасыз ететін
технологиялар;
- оқыту процесін қызмет ретінде ұйымдастыратын, яғни оқытудың іс-
әрекет сипатын қамтамасыз ететін технологиялар;
- оқу мазмұнының, әріптестердің, оқыту құралдарының деңгейін
таңдауға балалардың құқықтарын іске асыруды қарастыратын (диалогтық
технологиялар-ұжымдық оқыту тәсілінің технологиясы, ынтымақтастықта
оқыту, модульдік технологиялар, жеке тұлғаға бағытталған технологиялар)
технологиялар.
Ересек және баланың өзара әрекеттесуін жобалауға бағытталған
педагогикалық технологиялардың жіктелуі, бұл технологиялар:
- педагогикалық процесті құрастыру (педагог пен тәрбиеленушілердің
материалдық құралдарын, мазмұнын құрастыру технологияларының
бірлігімен ұсынылған);
- педагогикалық процесті жүзеге асыру (ақпаратты беру, оқу-танымдық
және дамытушылық қызметтің басқа да түрлерін ұйымдастыру,
тәрбиеленушілердің белсенділігін ынталандыру, педагогикалық процестің
барысын реттеу және түзету, оны ағымдағы бақылау);
- педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық мақсатқа сай
өзара қарым-қатынас орнату (педагогикалық қарым-қатынас – бұл қарым-
қатынасты ұйымдастыру, орнату және дамыту, педагогтер мен
тәрбиеленушілер арасындағы өзара қол жеткізу және өзара іс-қимыл,
олардың бірлескен қызметінің мақсаттары мен мазмұнынан туындайтын
процесс).
Достарыңызбен бөлісу: |