Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями


  ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРІЛУІНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет19/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150
3  ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРІЛУІНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫҢ 

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

БЕЙІМДЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ 

 

Инклюзивтік тәжірибені енгізетін қазіргі заманғы мектепте оқу үдерісін 

ұйымдастыру  мұғалімдерден  өздерінің  практикалық  қызметін  тек  жаңа 

тиімді  әдістерді  іздеумен  ғана  емес,  сонымен  қатар  құнды  басымдықтарды 

іздеу арқылы жетілдіруді талап етеді. Бұл оқушылардың оқу іс-әрекетін құру 

формалары  мен  әдістерінің  мақсаттары  мен  мазмұнын  анықтауға 

көмектеседі. 

Тиімді  формалар  мен  әдістерді  пайдалану  –  оқытудың  маңызды 

құралдарының  бірі,  өйткені  олар  оқушылардың  оқуға  деген  тұрақты 

қызығушылығын  қалыптастырады,  көптеген  балаларға  тән  қиналу,  қысылу 

сезімдерін жояды, оқу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. 

Оқыту процесіне табысты қатысу барлық балаларға терең эмоционалды әсер 

етеді,  соның  арқасында  оларда  мықты,  терең  білімдер  мен  пайдалы 

әлеуметтік дағдылар қалыптасады.  

Мұғалім  сабақ  беру  тәсілдерін  өзгертуге  және  заманауи  технологиялар 

мен әдістерді қолдануға ұмтылатын сабақтарды дайындауды диагностикадан, 

яғни  білім  алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  түсінуден  бастау 

маңызды.  Әсіресе,  бұл  бастауыш  мектепте  маңызды,  өйткені  оқушылардың 

практикалық  біліктері  мен  дағдылары  арқылы  оқу,  жазу,  есеп,  рефлексия 

және т.б. негізгі оқу дағдылары мен өзіндік пәндік міндеттерді концептуалды 

түсіну қалыптасады.  

Білім  алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  зерттеу  үшін  жоғарыда 

сипатталған, сондай-ақ nao.kz сайтында әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған 

көптеген тәсілдер бар.  

Педагог балалардың білім беру қажеттіліктерін зерттеген және түсінген 

кезде  оқытуды  саралау,  оқу  бағдарламасының  шеңберін  кеңейту  мүмкіндігі 

пайда болады, тіпті үлгерімі төмен оқушының да беделі көтеріледі.  

Астана  қаласының  №  22  орта  мектебіндегі  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Б.К.Сартаеваның  тәжірибесінен  мысал  келтірейік.  Мұғалім  бірінші 

жартыжылдық  бойы  бақылау  жасап,  6-7  жастағы  оқушылардың  оқу 

қажеттіліктерін  анықтау  үшін  есеп  құрды.  Педагог  «Ерекше  білім  берілуіне 

қажеттілігі  бар  балалардың  жалпы  білім  беру  ұйымдарына  оқуға  дайындық 

деңгейін  өлшеуіштерді  әзірлеу  және  енгізу  бойынша  әдістемелік 

ұсыныстарға»  негізделді  (nao.kz).  Сыныпта  бақылау  жүргізу  орны  мен  есеп 

құру дизайнын мұғалім ұсынылған әдістемелік ұсынымдардан таңдап алды. 

Төменде  есептің  бейімделген  формасында  мұғалім  білім  алушылардың 

академиялық  білімін  ғана  емес,  сонымен  қатар:  когнитивті  дағдылар, 

эмоциялар  мен  мінез-құлық,  әлеуметтік  дағдылар,  коммуникативтік  және 

әлеуметтік  дағдылар,  қимыл-қозғалыс  дағдылары  мен  өз-өзіне  қызмет 



126 

 

көрсету  дағдыларын  қарастырады.  Есепте  баланың  «мықты  жақтарын»  баса 



көрсетуге  акцент  қойылғаны  және  ұсынымдардың  болуы  назар  аударуға 

тұрарлық.  Сол  арқылы  мұғалім  білім  беру  бағытын  анықтайды  және  бар 

қиындықтарды ескере отырып, оқыту әдістерін таңдайды.  

Мысал үшін екі есеп алынды, олардың мазмұны бойынша бір  сыныпта 

құрдас  балалар  оқиды.  Алайда  «мықты  жақтары»  мен  кезіген  қиындықтары 

әртүрлі. «Мұғалім әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне ие балалардан құралған 

сыныпта  оқу  процесін  қалай  жоспарлайды  және  ұйымдастырады?»  деген 

сұрақ  туады.  Балаларды  оқыту  әдістері  қалай  бейімделеді?  Мұғалім  оның 

әдістері нақты балалар үшін тиімді екенін қалай біледі? Бұл сұрақтарға жауап 

беру үшін мұғалім балалар рефлексиясы және өзінің сабақ талдауына сілтеме 

жасайды.  Келесі  сабақты  жоспарлау  балалардың  рефлексиясын  зерттеуден 

және  талдаудан  басталады.  Сол  арқылы  мұғалім  «Оқытудың  әдістері  тиімді 

бола  алды  ма?»  және  «Сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  жетуге 

мүмкіндік берді ме?» деген сұрақтарға жауап ала алады. Мұғалім оқытудың 

әдістерін  оқушылардың  күшті  жақтары  арқылы  анықтайды,  бұл  балаларға 

өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді және оқуға ынталандырады (5 кесте. 

Бақылау картасы, 1 сынып, 1 жартыжылдық) 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет