1. Ақырын және байыппен сөйле.
222
тыңда.
3.
Жолдасыңды бөлмей,
оны аяғына дейін тыңдауға
тырыс.
4. Ескертпені мәдениетті түрде жаса, дөрекі сөйлеме.
5. Егер қиындықты шеше алмасаңдар, онда мұғалімнен
көмек сұраңдар.
Жаттығу: балалармен келісіп алыңыз, егер екі рет
шапалақ
ұрсаңыз
(немесе
қоңырауды
сылдырлатсаңыз), барлығы қаттырақ сөйлей бастайды,
үш шапалақ (қоңырау) болса, онда үндемей қалады, екі
рет – тек жұбы ғана еститіндей сөйлейді.
Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу кезінде
жұппен жұмыс түрін қолдануға болады «амалдар
бойынша»: бірінші оқушы алгоритм бойынша әрекетті
түсіндіреді, екінші оқушы жазып отырады, бірінші
оқушы тексереді; бірінші оқушы бірлікті санға
көбейтеді, нәтижесін айтады, екінші келісіп, жазады;
екінші оқушы осы санға ондықты көбейтеді, нәтижесін
айтады, бірінші оқушы келісіп, алгоритмге сәйкес
жазады, екіншісі тексереді.
Екінші бағандағы өрнектің мәнін есептеуді ұсынуға
болады, «материал элементтерін бөлу» жұмысын
жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар
жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы
бақылайды.Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда,
оқушылардың қызметтері өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: