5
Тамақтану тәртібі
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану тәртібі белгілі талаптарды
орындауға негізделеді. Мұнда бастысы тамақтану мерзімі мен олардың
арасындағы интервалдарды сақтау. Сондай-ақ тамақтану рационы құрамы
бойынша
теңгерімді, белоктар, майлар, көмірсулар,
дәрумендер мен
минералдардың қажетті саны болуы қажет. Бала асықпай, тыныш жағдайда
тамақтануы, тамақтың сыртқы түрі мен иісі, үстелдік сервировкасы оны
жағымды эмоцияларға бөлеуі қажет.
Дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
-тамақта
қажетті ингредиенттердің болуы;
-дұрыс ас-қорыту жолы;
- рационалды тамақтану тәртібі.
Ұйқы
Адам жасына сәйкес ұйқыға деген сұранысты қанағаттандыруы қажет,
егер бұлай болмаған жағдайда түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Балаларда
ұйқы жетіспеушілігі кезінде қанда арнайы гормондардың бөлінуі
бұзылысына әкеледі де бұл өз кезегінде олардың
өсуі мен дамуына кері
әсерін тигізуі мүмкін. Баланың ұйқысы дұрыс қанбаған кезде оның оқуға
деген ынтасы төмендейді.
Ұйықтап қалуды болдырмау үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
- күнделікті бір мезгілде ұйықтату;
- 19 кейін эмоционалдық жүктемелерді азайту (шулы ойындар,
фильмдер көру және т.б.);
- өзіне пайдалы әдеттерді қалыптастыру: кешкі душ пен ванна,
серуендеу, және т.б.
Бөлме желдетілген ал баланың кереуеті
биік емес жастықпен тегіс
болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: