Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Күн тәртібі
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес рационалды күн тәртібі түрлі 
әрекет түрлерін алмастыруға, оңтайлы қимылдық режимді қамтамасыз 
етуге соның ішінде таза ауада толыққанды демалысты, жеткілікті 
ұзақтықтағы ұйқыны қамтамасыз етуге, бастысы баланың нормаға сәйкес 
өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі – балалардың әрекетін 
ұйымдастыруға, оларды тәртіпке, уақытпен санасуға үйретуге мүмкіндік 
береді және балалардың бойында ашуланшақтықтың, қозғыштықтың алдын 
алуға күні бойы баланың еңбекке қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Балаға күн тәртібі түсіндіріледі.Табиғаттағы жыл мезгілдері рет-ретімен 
айтылады: жаз-қыс, күн-түн. Адамдар белгілі бір тәртіппен өмір сүреді: 
ұйықтайды-сергейді, жұмыс істейді-демалады.Баланы сағат ұйқыдан 
оятады.Балаға сағаттағы сандар, кіші және үлкен сағат тілдері түсіндірілуі 
тиіс.Циферблатпен сағаттың үш дискісінің бейнесін салыңыз. 
Бала сағаттың үлкен және кішкентай тілін бейнелейді және есте 
сақтауға тырысады 
Қанша уақытта ояну керек? 
Үйден мектепке қанша уақытта шығу керек? 
Қанша уақытта ұйықтау керек? 
Бала үшін дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі – денсаулықты сақтау 
мен нығайту ғана емес сондай табысты оқудың
шарты.



Тамақтану тәртібі
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану тәртібі белгілі талаптарды 
орындауға негізделеді. Мұнда бастысы тамақтану мерзімі мен олардың 
арасындағы интервалдарды сақтау. Сондай-ақ тамақтану рационы құрамы 
бойынша теңгерімді, белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен 
минералдардың қажетті саны болуы қажет. Бала асықпай, тыныш жағдайда 
тамақтануы, тамақтың сыртқы түрі мен иісі, үстелдік сервировкасы оны 
жағымды эмоцияларға бөлеуі қажет.
Дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету үшін мыналар қажет: 
-тамақта қажетті ингредиенттердің болуы
-дұрыс ас-қорыту жолы; 
- рационалды тамақтану тәртібі. 
Ұйқы 
Адам жасына сәйкес ұйқыға деген сұранысты қанағаттандыруы қажет, 
егер бұлай болмаған жағдайда түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Балаларда 
ұйқы жетіспеушілігі кезінде қанда арнайы гормондардың бөлінуі 
бұзылысына әкеледі де бұл өз кезегінде олардың өсуі мен дамуына кері 
әсерін тигізуі мүмкін. Баланың ұйқысы дұрыс қанбаған кезде оның оқуға 
деген ынтасы төмендейді.
Ұйықтап қалуды болдырмау үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: 
- күнделікті бір мезгілде ұйықтату; 
- 19 кейін эмоционалдық жүктемелерді азайту (шулы ойындар, 
фильмдер көру және т.б.); 
- өзіне пайдалы әдеттерді қалыптастыру: кешкі душ пен ванна, 
серуендеу, және т.б. 
Бөлме желдетілген ал баланың кереуеті биік емес жастықпен тегіс 
болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет