13
құрдастарынан артта қалады.
Сондықтан логопедтер балалары логопедтік
сабақтарды қажет ететін ата-аналарға мүсіндеумен, сурет салумен және ұсақ
моториканы дамытуға арналған басқа да жұмыстармен айналысуды
ұсынады.
Осы мақсатта балалар ата-аналарының басшылығымен түрлі
жаттығуларды орындайды: сурет салады, суреттерді штрихтайды, берілген
пішіндерді контуры бойынша қияды, ермексаздан мүсін жасайды және т. б.
Балалардың қол ұсақ моторикасын дамыту бойынша жұмыс
барысында ата-аналар дәстүрлі, сондай-ақ дәстүрден тыс жұмыс түрлерін
қолдануы қажет, бірақ бұл жұмыс түрлерінің барлығы ынтымақтастық пен
өзара әрекетке негізделуі тиіс.
Қолданылатын жұмыс жүйесі ата-аналарды саусақ жаттығулары, өзіне-
өзі массаж жасау тәсілдерімен, ойындармен, жаттығулармен, графикалық-
моторлық дағдыларды дамытумен таныстыруды қамтиды.
Ата-аналардың көпшілігі балаға қайшыны ұстауға тыйым салып, үлкен
қателік жасайды, бірақ балаға қайшыны қалай дұрыс ұстау керектігін
айтып, дұрыс қолданбаған жағдайда қайшының қауіпті екенін түсіндіру
қажет. Ата-ана баланың қағазды белгіленген сызықпен қиюын қадағалауы
тиіс, ол үшін геометриялық пішіндерді салып, баланың мұқият қиюын
сұрап, содан кейін оларды жапсыруға болады. Бұл тапсырмалар балаларға
ұнайды, ал оның пайдасы өте тиімді.
Ұсақ моториканы дамытуда мүсіндеу өте пайдалы және балалар түрлі
дөңгелектерді, аңдар мен басқа да мүсіндерді жасауды ұнатады. Ата-ана
баламен бірге саусақ жаттығуларын үйреніп, сондай-ақ, қолды сурет салу,
штрихтау, бауды байлау, моншақтарды жіпке тізу арқылы жаттықтыруға
болады.
Тапсырмаларды орындау кезінде баланың қолына күш түсірмей
қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап отырғанын, үстелдің үстінде
қағаздың орналасуын қадағалау қажет.
Тапсырмаларды орындау ұзақтығы
бес минуттан аспауы тиіс, бұл ретте баланың тапсырманы орындаудағы
жылдамдығы емес, оны дұрыс орындауы маңызды. Балаға қарапайым
тапсырмаларды орындатудан бастау керек, мысалы, бейнені үстінен
бастыру, бала неғұрлым жеңіл тапсырманы жақсы орындап болғаннан кейін
ғана біртіндеп тапсырманы күрделендіруге болады.
Сонымен қатар, бала үшін тапсырманы ата-ананың өзі орындамай, оған
қол жеткізгенінен қанағат алуға мүмкіндік беру, содан кейін ғана жаңа,
неғұрлым күрделіге көшу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: