Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Баланың мектепке дайындығы 
Ата-аналар балаларды мектепке дайындаудағы ең бастысы оқу, жазу, 
санау емес екендігін білулері керек. Мақсаты — жаңа біліктер, таным 
әдістері, әрекет, қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы балаларды 
мектепке баруға дайындау.
Негізгі міндеттер: 
- мектепке дайындық барысында ата-ананың баламен әріптестік қарым- 
қатынасын орнату және дамыту;
- ата-аналарға өз балаларына, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне 
сенуге көмектесу;
- балаларға өзін -өзі басқара алуына және өз қылықтарына жауап 
беруге көмектесу; 
- мектепке дайындық процесінде ата-ананың баламен серіктестік
және ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату және дамыту;
- ата-аналарға өз балаларына, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне 
сенуге көмектесу;
- балалардың мектепке барар алдында ата-аналардың қобалжу деңгейін 
төмендетуге ықпал ету. 
Балалардың мектепке қызығушылығын арттыру бойынша кешенді 
дайындық:
- мектепке бару, мектеп мәселелерін талқылау;
- баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен дамыту-
түзету сабақтары. 
Ата-аналарға әр түрлі дамыту ойындары үлкен көмек көрсете алады, 
бірақ олардың баланың жасына сәйкес келуі өте маңызды. Балаға ойынды
көрсетпес бұрын, онымен өзіңіз танысып, баланың дамуы үшін қаншалықты 
пайдалы және құнды болатынын шешіңіз. 


10 
Егер балаңыз мультфильмді көрсе, оның мазмұны туралы айтуды 
сұраңыз-бұл жақсы сөйлеу жаттығулары болады. Сонымен қатар, сіз үшін 
шынымен қызықты екенін білуі үшін балаға сұрақтар қойыңыз.
Бала айтқан кезде сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтатынына назар 
аударыңыз, егер қандай да бір қателіктер болса, балаға сыпайы айтып, 
түзетіңіз. Баламен өлеңдерді, мақал-мәтелдерді үйреніңіз . 
Қызығушылықты дамыту-мектепке дейінгі ересек жастағы бала 
тұлғасының психологиялық қалыптасуындағы өте маңызды процесс, 
өйткені қызығушылықтың жеке тұлға сапасы ретінде қалыптасуын, саналы 
танымдық қызметтің қалыптасуын, өзін-өзі реттеуін анықтайды. 
Оқытудың негізгі әдістері: шығармашылық және еліктеу – орындау 
сипатындағы жаттығулар, ойындар, көркем шығармаларды оқу, әңгімелер, 
берілген жағдайларды жинақтау және талдау, импровизация, ересектердің 
әңгімесі және баланың әңгімесі, тақырып бойынша сурет салу және т.б. 
Балаларды мектепке дайындаудың негізгі 5 басты мақсаты бар, олар:
1. Есте сақтауды және зейінді дамыту. 
2. Сөздік қорын толықтыру, сөйлеуді және жалпы ой-өрісін дамыту. 
3. Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту. 
4. Он көлемінде санауды үйрету. 
5. Эстетикалық дамыту (музыка, сурет салу ). 
Бала алты жаста мыналарды білуі керек:
- қандай да бір іспен, алаңдамай, 20-25 минут ішінде айналысу;

заттар 
мен 
суреттер 
арасындағы 
ұқсастықтар 
мен 
айырмашылықтарды табу;
- үлгі бойынша жұмысты орындай білу, мысалы қағаз бетінде өрнекті 
және т. б. дәл келтіру;
- тез реакция талап етілетін зейінді ойынды ойнау.
Зейін процесін дамыту бойынша ата-аналарға ұсынымдар 
Жаттығулар нәтижесінде зейіннің барлық қасиеттері едәуір дамиды: 
-
мозаикададан өрнектерді орналастыру
-
үлгі бойынша таяқшадан пішіндер жасау; 
-
артығын алып тастау; 
-
ұқсас екі суреттегі айырмашылықтарды табу; 
-
бірнеше заттардың арасында екі бірдей затты табу; 
-
тордың бетіне сурет салу; 
- мәтініндегі белгілі бір әріпті табу. 
2)
есте сақтау: 
- 10-12 суретті есте сақтау; 
-
өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, ертегілер мен т. б.
есте сақтап айту
- 4-5 сөйлемнен тұратын мәтінді қайталап айту; 
3) математика негіздері: 
- 10 көлеміндегі сандар; 
- 1- ден 10-ға дейін тура және кері санау;


11 
- шеңберді, квадратты жартылай және төртке бөлу;
- кеңістікте және қағаз парағында бағдарлау: «оң, сол, жоғарғы, 
төменгі, астыңғы, сырт және т. б. ). 
Егер бала шатысатын болса (солақай балаларда кездеседі) бірнеше 
рет түсіндіріңіз. 
-
негізгі геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, 
тіктөртбұрыш) ажырату және дұрыс атау, заттарды көлемі бойынша (үлкен, 
кіші) салыстыру және ажырату. 
Жаттығу үшін арнайы сабақтар қажет емес; оларды күнделікті 
жүргізуге болады. 
4) ойлау: 
- сөйлемді аяқтау, мысалы, «теңіз үлкен ал өзен...», «сорпа ыстық, ал 
компот...» және т. б.;
- «үстел, орындық, төсек, етік, кресло», «түлкі, аю, қасқыр, ит, қоян» 
және т. б. сөз тобынан артық сөз табу;
- оқиғалардың реттілігін анықтау;
- суреттерде, өлеңдерде сәйкессіздіктерді табу;
- ересектердің көмегінсіз пазлдарды қою;
- қағаздан ересектермен бірге қарапайым заттарды құрастыру: қайық, 
кеме;
- оқиғалар хронологиясы бойынша суреттерді орналастырып, әңгіме 
құрастыру. 
5) сөз:
- бірнеше сөзден сөйлем құру;
- сурет және суреттер топтамасы бойынша байланыстырып әңгіме 
құрастыру;
- дұрыс интонациямен өлеңдерді мәнерлеп айту; 
6) ұсақ моторика:
- қаламды, қарындашты, қылқаламды дұрыс ұстау, жазу мен сурет салу 
кезінде саусаққа салмақ салмау;
- заттарды бояу және сызықтан шығармай оларды штрихтау;
- қағазға салынған сызық бойынша қайшымен кесу;
- жапсыру. 
7) қоршаған орта:
- негізгі түстерді, үй және жабайы жануарларды, құстарды, ағаштарды, 
саңырауқұлақтарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді және т. б. білу. 
- жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, ұшатын және қыстайтын 
құстарды, айларды, апта күндерін, өзінің тегін, атын, әкесінің атын, өз ата-
аналарының аттарын және олардың жұмыс орнын, өз қаласын, мекен-
жайын, мамандық түрлерін атау . 
Баламен үй тапсырмаларын өткізу өте пайдалы және балаға қажет. 
Олар барлық отбасы мүшелерін жақындастырады, сенімді қарым-қатынас 
орнатады. 


12 
5-6 жастағы бала тапсырманы ұзақ уақыт орындай алмайды. Ата-
аналар бес-алты жастағы балалардың төзімді болмайтынын және ұзақ 
уақыт бір тапсырманы орындай алмайтынын білуі тиіс. 
Бала 15-20 минут-бұл шамасында заттарды құрастырады, сөйлейді 
содан кейін ол демалуға, басқа нәрсемен айналысуы керек. Ол үшін баланы 
сергіту үшін үзіліс жасау керек. Бірақ мұндай әрекеттерге баланы
мәжбүрлемеу керек, оны бірінші кезекте қызықтырып, ал ол үшін қызықты 
тапсырмалар ұсыну керек және ең қолайлы сәтті таңдау керек. 
Баланы ойыннан бөліп, оны үстелге отырғызудың қажеті жоқ, ол сіздің 
ұсынысыңызды өзі қабылдайтындығын сезінуге тырысыңыз. 
Мысалы, алдымен 10-15 минут бойы логикалық жаттығуларды 
орындатуға ал үзілістен кейін сурет салумен айналысуға болады, одан кейін 
қимылды ойындар ойнап, содан кейін пластилиннен қызықты фигураларды 
және т. б құрастыруға болады. 
Әдетте, осы жастағы балалар білуге құмарлық танытады. Ересектерге 
көптеген сұрақтар қояды.
Егер балалардың сұрақтарына жауап бермесеңіз, онда бала сұрауды 
қояды. Баланың сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, оған қандай да бір 
тапсырма беру керек. Бұл баланы дамытуға ықпал етеді. 
Мысалы, аулада қыдырып жүргенде жыл мезгілдері туралы
әңгімелесіңіз (қар жауды, адамдар жылы киімдерін киді, ағаштар «бас 
киім» киген секілді және т.б.) ал серуенде арнайы көліктерге (өрт, жедел 
жәрдем, азық-түлік жеткізушілері, әскери техника) ағаштағы құстарға, 
көрікті жерлерге және т.б. баланың назарын аударуға болады. 
Баланы қоршаған ортаға назар аудартуда оның бақылау және талдау 
тәжірибесі жинақталатын болады; сонымен қатар оның қоршаған орта 
туралы білімі кеңейтіліп, сөйлеуі жетілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет