Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.
2.Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова. Алматы, 1991
3.Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы педагогиканың дайындығы. -М., 1990
Әдістемелік нұсқау: : Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын нақты дәйектеме, педагогикалық идеялармен дәлелдей білуге тырысыңыз. Теориялық материалдарды ашу барысында өз өмірінен, жақындарының өміріне немесе практика барысындағы бақылаулары бойынша нағыз мысалдар келтіру. А. С. Макаренко В. А. Сухомлинский еңбектерінен үзінділер пайдалану
Практикалық тапсырмаларды топқа бөлініп орындап өзара пікір алысу арқылы ашуға болады.
Тәжірибелік тапсырма: Әдеп, педагогикалық әдеп ұғымдарына анықтама беріңіз. Педагогикалық әдептің құрамды бөліктері: байқағыштық, ілтипаттылық, сенім, төзім және сабыр сақтау т.б сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер: Әдістемелік нұсқау: Теориялық материалдарды ашу барысында әдеп, әдептің компоненттерін кестеге түсіріңіз. Қолданылған еңбектің авторы, авторын, шыққан жылын жазуды ұмытпаңыз. Күнбе-күнгі оқыту процесі барысында педагогтік әдепке мысал келтіріңіз.
№10 Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті Практикалық тапсырма: Байқағыштық қасиеті мұғалім үшін неге қажет. Дәлелдеңіз. Байқағыштық ұғымының мәнін ашыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер Әдістемелік нұсқау: Берілген сұраққа тұжырымды, мазмұнды жауап жазуға дайындалыңыз. Байқағыштық ұғымының анықтамасын кестеге түсіріңіз. Қолданылған еңбектің авторы, авторын, шыққан жылы жазуды ұмытпаңыз.
ІІ тарау Зертханалық сабақтар: 1. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері Тапсырма: «А.С.Макаренконың өмірі және педагогикалық қызметімен танысқаннан кейінгі менің ойларым» атты ауызша әңгіме құрыңыз. Қашан және қайда Макаренко есімін естідіңіз? Ол туралы әңгімені кімнен естідіңіз. Макаренконың өмірбаянынан сізге ерекше есіңізде қалғаны және неге? Не туралы ойлануға қадам жасатты?
Көрсетілген әдебиеттерді талдай отырып, А.С. Макаренконың педагогикалық қызметінің хронологиялық кестесін дайындаңыз.
А. С. Макаренконың педагогикалық қызметіндегі оның ішінде («Педагогикалық поэма» еңбегіндегі) педагогикалық шеберлік элементтерін талдау.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді талдай отырып бірінші сұраққа өз ойыңызды білдіріңіз. Екінші сұрақ бойынша кестені толтыруға тырысыңыз. Үшінші сұрақ бойынша әрбір педагогикалық қызметіндегі педагогикалық шеберлік элементтерін көрсетуге тырысыңыз. Төртінші сұрақ бойынша педагогтың педагогикалық техниканы нақты тәрбие міндеттерін шешуде қолданған шеберлігіне қорытынды жасаңыз.