Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет23/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
1.Әділ құн есебі.
Әділ құнға жақсы хабарланған осындай мәміле жасауға ниет білдірген тәуелсіз тараптар арасында активті айырбастауға немесе міндеттемені өтеуге болатын сома жатқызылады.
Белсенді нарық болғанда әділ құн нарықтық белгілейтін баға ретінде анықталады.
Әділ құнды анықтау үшін белсенді нарық болмаған кезде бір немесе бірнеше мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
1) операция жасау күні мен есепті күн арасында шаруашылық шарттарындағы елеулі өзгерістер болмағандығын ескере отырып нарықтағы соңғы операция бағасы;
2) ұқсас активтерге нарықтық баға;
3) салалық көрсеткіштер.
Активтің нарықтық бағасы немесе басқа құндық көрсеткіштері болмаған жағдайда, әділ құнды анықтау үшін активтен күтілетін таза ақша ағындарының келтірілген құны пайдаланылады. Есеп нақты бір орын мен күйдегі активтің әділ құнын анықтау үшін жүргізіледі. Осы факторлар дисконттау ставкасын анықтау және күтілетін таза ақша ағындарын есептеу кезінде ескеріледі.
Әділ құн бойынша қаржы инвестицияларын есепке алу кезінде белсенді нарықтағы олардың нарықтиық белгіленген бағасы қаржы инвестицияларының әділ құны болып табылады.
Сауда үлестік бағалы қағаздардың әділ бағасының өзгеруінен болатын нәтиже былайша көрсетіледі:
әділ құнның өзгеруінен кіріс: 1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шотының кредиті;
әділ құнның өзгеруінен шығыс: 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті.Сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздардың әділ бағасының артуы тікелей таза активтердің/капиталдың құрамында танылады: 1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 5113 «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті.
Жыл аяғындағы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржы инвестициясының құнсыздануына тест өткізеді. Құнсыздану фактісі болған кезде мынадай жазба жүзеге асырылады: 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және 1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шотының кредиті.
Сату үшін қолда бар үлестік құнды қағаздардың құнсыздануынан болатын шығындар кезеңдегі қаржы нәтижесінің құрамында тиісті соманы көрсете отырып қалпына келтіріле алмайды. Оның құнсыздануынан шығынды танығаннан кейін туындаған әділ құнның кез келген артуы тікелей таза активтердің/капиталдың құрамында танылады: 1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 5113 «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет