Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет121/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146
Вестник КазНУ. Серия географическая. 2010, №2 (31) 
124 
жағдайы ұқсас, 1 шаршы метр жерден, сол өсімдік түрлері биометриялық бақылаулары үшін 
алынды /2/.
Құрлық экожүйесіндегі бірінші мониторинг алаңы қорық аумағында арна арасындағы 
кеңістіктегі Тұйықсу өзен тармағының маңындағы үйме жерде салынған. Мұнда ол Тентек 
өзені атырау жазықтығының арналар арасындағы кеңістігінің өсімдік жамылғысының 
жағдайын сипаттайды. Атырау жазықтығының өсімдік жамылғысы өзінің өзгермелілігімен 
ерекшеленеді. Ол өзінің сол жерлерді су басуы не баспауымен, басқан судың таралуымен, 
топырақ жамылғысының минералдық жəне химиялық құрамымен, грунт суларының 
деңгейімен, оның тұздануымен түсіндіріледі. Екінші құрлық экожүйесіндегі бақылау алаңы 
көлді-аллювиалді жазықтығында салынған. Мониторинг алаңындағы өсімдік жамылғысы 
атырау жазықтығының шығыс бөлігінің көлді-аллювиалді жазықтығының экологиялық 
жағдайының өзгеруін көрсетеді. Мұндағы территорияның суландырылуының өзгермелілігі 
төмен жатқан көл террасаларында тұрақсыз өсімдік жамылғысының пайда болуына алып 
келеді. Көл жағалауына қатар өсіп тұрған жыңғыл жолағының шөпті ярусы, мұндағы 
экологиялық жағдайда экотоптардың өзгеруін көрсетеді. Үшінші бақылау алаңы атырау 
жазықтығының Байбала өзен тармағының маңында салынған. Мониторинг алаңы атырау 
жазықтығының орталық бөлігіндегі арна аралық кеңістікпен атыраулық тармақтардың 
өсімдік жамылғысының ерекшеліктерін көрсетеді. Құрлық экожүйесіндегі төртінші бақылау 
алаңы көлді-аллювиалді жазықтығында салынған. Мұндағы қима атырау жазықтығының 
батыс 
бөлігінің 
көлді-аллювиалді 
террасаларының 
галофитті-шалғынды 
өсімдік 
жамылғысын сипаттайды. Құрлық экожүйесінің соңғы бесінші бақылау алаңы Тентек өзені 
тармаққа бөлінер жеріндегі үймеде салынған. Бұл қима негізінен Тентек өзені атырауының 
жоғарғы бөлігіндегі өсімдік жамылғысын сипатайды /3/.
Су экожүйесіндегі мониторингтік алаңдардағы өсімдік түрлері су бетіндегі жəне су 
астындағы болып екіге бөлініп қарастырылды. «Методикалық нұсқаулардағы» талаптарға 
сай, экологиялық жағдайына байланысты, су бетіндегі жəне су астындағы өсімдіктерге 
бақылау бірге немесе бөлек жүргізілді. Сонымен қатар құрлық алаңдарында сияқты, мұнда 
да өсімдіктердің биометриясы үшін, өсімдіктердің есебі мониторингтік алаңдардың ішінен 
немесе ұқсас ортадан, бір метрлік жерлерде жүргізілді /2/.
Тентек өзені атыраулық суайдындарының акваториясының макрофиттері əркелкі 
таралған. Мұнда жағалау бойына су бетінде өсетін өсімдік түрлері тығыз ну құрап өседі. Бұл 
негізінен кəдімгі қамыс (Phragmites australis), жіңішке жапырақты қоға (Typha angustifolia), 
өлең (Carex physodes, Carex riparia) сияқты өсімдіктермен берілген. Су бетінен 0,3-1,0 метр 
тереңдікке дейін аса тығыз емес ну құрап, кішігірім теңгебас (Butomus umbellatus), кірпібас 
(Sparganium microcarpum, Sparganium minimum) кездеседі. Су астында өсетін өсімдіктердің 
таралуы морфологиялық ерекшеліктеріне, топырақ құрамы мен су ағынының жылдамдығына 
байланысты. Су асты өсімдіктері тұтас жолақ құрап өспейді, олар негізінен су үстінде өсетін 
өсімдіктердің маңында немесе жеке телімдер құрап өседі (0,5-2 метр тереңдікте). Су ағысы 
ақырын жəне батпақтанған телімдерде негізінен егеушөп (Myriophyllum spicatum, 
Myriophyllum verticillatum), мүйізжапырақ (Ceratophyllum demersum), шалаң (Potamogeton 
pectinatus, Potamogeton natans, Potamogeton lucens, Potamogeton perfoliatus) сияқты өсімдіктер 
түрлері таралған. Су бетінде қалқып, жүзетін жапырағы бар бекітілген немесе бекітілмеген – 
сары сугүл (Nuphar lutea), ақ тұңғиық (Nymphaea candida), бақа сукөрігі (Hydrocharis morsus-
ranae) сияқты өсімдіктер түрлері – көлемі 1-10 м. кв. болатындай дақтар құрап өседі.
Қазіргі таңда 5 бұталы-ағашты түріне (Acer negundo, Salix songarica, Tamarix hispida
Elaeagnus oxycarpa, Nitraria schoberi), 10 шөпті өсімдіктер түрлеріне (Aeluropus litoralis, 
Pseudosophora alopecuroides, Calamagrostis epigeios, Leymus multicaulis, Halimiona verrucifera, 
Limonium gmelinii, Atriplex cana, Artemisia schrenkiana, Glycyrrhiza uralensis, Phragmites 
australis), 1 жабайы жидек түріне (Rubus caesius) жəне 8 су өсімдігі түрлеріне (Hydrocharis 
morsus-ranae, Nuphar lutea, Nymphaea candida, Potamogeton pectinatus, Typha angustifolia, 
Ceratophyllum demersum, Phragmites australis, Myriophyllum verticillatum) бақылаулар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет