Реактивтер: Сұйықалкан,жәнеконцентрліHNO3(азотқышқылы). Пробиркаға 1 мл сұйық алқан құйып, оған 1мл конц. HNO3 қосады. Қоспаны 2-3 минут шайқайды. Қандай өзгеріс байқалады? Бөлме температурасындағы концентрлі HNO3 әсері туралы қорытынды жасаңдар.
тәжірибеАлкандардыңтотығуы
Реактивтер: Сұйықалкан,NаСО35%ерітіндісіжәнеКМnO4ерітіндісі. Пробиркаға 1 мл сұйық алкан, 1 мл NаСО3 5% ерітіндісін құйып, шайқап тұрып тамшылатып 2 мл КМnO4 ерітіндісін қосады. Бәрін қосып болған соң пробирканы 2-3 минут шайқайды. Қандай өзгеріс байқалады? Қортынды жасаңдар.
тәжірибеАлкандардыбромдау
Реактивтер: Сұйық алкан, сұйық аммиак, бромның 5% ССІ4-тегі ерітіндісі, 25% аммиак ерітіндісі.Пробиркаға 1 мл сұйық алкан құйып, бірнеше тамшы бромның 5% ССІ4-тегі ерітіндісін қосады. Пробирканы жақсылап салқын күйінде араластырады. Бұл жағдайда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Пробирканы суы бар ыдысқа салып қыздырады. Бромның түсі біртіндеп жойыла бастайды да, газ түрінде бромсутек бөліне бастайды. Пробирканың аузына аммиак ерітіндісіне батырылған шыны таяқшаны жақындатқанда ақ түтін пайда болады (NH4Вr). Бромды сутектің пайда болғанын пробиркаға батырылған дымқыл көк лакмус қағазының өзгеруінен байқауға болады. Алқандандардың броммен әрекеттесуі қандай механизмдермен іске асырылады? 2-метилбутанның броммен әрекеттесу схемасын жазыңдар және оның механизімін қарастырыңдар?
тәжірибеСұйықалкандардыңжануы
Реактивтер: Сұйықалкан. Фарфор табақшасына сұйық алканды құйып оны тұтандырады. Не себептен сұйық алкандар метанға қарағанда ыстана жанады? Метандағы, пентандағы, гександағы көміртек пен сутектің проценттік үлесін есептеңдер. Пентанның, гексанның, октанның жану реакцияларын жазыңдар?