Реактивтер: БензойқышқылыменКОН(ұнтақ). Құрғақ пробиркаға бензой қышқылы мен КОН қоспасын салып аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен мықтап тығындап, штативке аузын төмен қаратып көлбеу орнатады. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын суы бар пробиркаға батырады. Қоспасы бар пробирканы қыздырған кезде бөлініп шыққан түссіз май тәрізді өзіне тән иісі бар сұйық екінші пробиркадағы су бетіне жинала бастайды. Байқаған өзгерістер мен құбылыстарға қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Ескерту:Қоспасы бар пробирканы алдымен ақырын соңынан қатты қыздыру керек.
тәжірибе.Ароматтыкөмірсутектердібромдау.
Реактивтер: Бензол,толуол,нафталинжәнебромсуы. Үш құрғақ пробиркаға 1 мл бензол, 1 мл толуол және 0,5 г нафталин салып, олардың әрқайсысына 1 мл бром суын қосып араластырады. Бром суының сары түсінің жойылуы реакцияның жүргендігін біддіреді. Егер бұл жағдайда, яғни, үй температурасында бромдау реакциясы жүрмесе пробиркаларды қайнағанша спиртовка жалынында ұстайды, қыздырады. Ароматты көмірсутектерді бромдау реакциясының жүруіне түсінік беріңдер және қорытынды жасаңдар. Реакциялар теңдеуін жазыңдар.
тәжірибе. Стиролдыбромдау.
Реактивтер: Бромсуыжәнетолуол. Құрғақ пробиркаға 1 мл стирол құйып, оған аздаған бром суын қосып араластырады. Бром суының түсі өзгергенше қыздырады. Алынған ашық сары түсті сұйықты сонша көлемді сумен сұйылтады. Бірнеше минуттан соң ақ түсті дибромид тұнбаға түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.