Microsoft Word лаб жумыстар doc


тәжірибе. Ацетиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі



бет6/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,78 Kb.
#115902
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Органикалық химия 1-бөлім Лабораториялық жұмыстар(2)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Күміс

тәжірибе. Ацетиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі.


Реактивтер: Ацетилен және калий перманганаты ерітіндісі.
Ацетилен шығып жатқан газ жүретін түтікшені калий перманганаты құйылған пробиркаға батырады. Қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ацетилен мен калий перманганатының әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар.

  1. тәжірибе. Күміс ацетиленидін алу.

Реактивтер: Ацетилен және күміс нитратының 2%-ті ерітіндісі, натрий гидроксидінің 2%-ті ерітіндісі.
Құрғақ пробиркаға 1-2 мл күміс нитратының 2%-ті ерітіндісін құйып оған 2-3 тамшы натрий гидроксидінің 2%-ті ерітіндісін тамызады. Пайда болған күміс гидроксидінің тұнбасын аммоний гидроксидінің концентрлі ерітіндісінде ерітеді де, газ жүретін түтікше арқыла ацетилен жібереді. Қандай құбылыстар байқадыңдар? Қорытынды жасаңдар. Тәжірбие кезінде жүретін барлық аралық және қорытынды реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

  1. тәжірибе. Мыс ацетиленидін алу.

Реактивтер: Ацетилен, мыс (I) хлориді және концентрациялы аммиактың судағы ерітіндісі.
Мыс оксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындау үшін 1 г мыс (I) хлоридіне 1-2 мл концентрлі аммиактың судағы ерітіндісін және 10 мл су қосады. Қоспаны жақсылап араластырып тұндырады. Таза ерітіндіні екінші пробиркаға құйып алып, оған жүретін түтікше арқылы ацетилен жібереді.
Қандай құбылыстар байқадыңдар? Қорытынды жасаңдар. Тәжірбие кезінде жүретін барлық аралық және қорытынды реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет