Реактивтер:CұйықалканжәнеконцентрліН2SO4(күкіртқышқылы). Құрғақ пробиркаға 1 мл сұйық алкан, 1 мл концентрациялы күкірт қышқылын құяды. Қоспаны 2-3 мин пробирканы ағын суда салқындату бекітілген тығынмен жауып штативке бекітеді де, колбаның бүйір түтігін салқындатқышқа жалғастырады. Салқындатқыштың 2-ші ұшын аллонж арқылы салқындаудан түзілген сұйықты жинауға арналған қабылдағышқа жалғастырылады. Салқындатқыш резенке түтіктер арқылы салқын суға жалғастырылады. Колбаны электр плиткасымен қыздыра бастайды.
Колбаның ішіндегі сұйық бір уақытта қайнай бастайды. Термометрдің сынап бағанасы белгілі биіктікке дейін көтеріліп, сұйық қанша қайнаса да бір деңгейде тұрып қалады. Сол нүкте сұйықтың қайнау температурасы болып есептеледі.
Зертханалықжұмыс№2АЛКЕНДЕР тәжірибе.Этилендіалужәнеоныңқасиеттері.
Реактивтер: Этил спирті, күкірт қышқылы, бром суы және калий перманганатының 2%-тікерітіндісі Құрғақ пробиркаға фарфор түйіршіктерін салып, оған 1 мл этил спирті мен 2 мл күкірт қышқылын құяды. Пробирканы газ жүретін түтікке жалғастырылған тығынмен нығыздап тығындап штативке бекітеді. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын 1 мл бром суы бар пробиркаға батырып, қоспаны ақырын спиртовкаға қыздырады. Бром суы жылдам түссізденеді. Содан газ жүретін түтіктің екінші ұшын 1 мл калий перманганатының 2%-тік ерітіндісі құйылған пробиркаға батырады. Калий перманганатының күлгін түсі жойылады. Газ жүретін түтіктің екінші ұшынан шығып жатқан этилен газын тұтандырады. Этилен метанға қарағанда ашық жалынмен жанады. Этиленнің бром суымен және калий перманганатының ерітіндісімен реакциялары қос байланыстың сапалық реакциялары. Этил спирті мен күкірт қышқылының реакциялардың схемасын жазыңдар. Концентрлі күкірт қышқылы қыздырғанда тотықтырғыш болып есептеледі. Сондықтан да этил спиртін концентрлі күкірт қышқылымен қыздырғанда аз мөлшерде диэтил эфирі түзіледі. Тотығу өнімі көміртек (ІV) оксиді, көміртек (пробиркадағы қоспа қараяды). Көміртек әсерінен күкірт қышқылы тотықсызданып, күкірт (ІV) оксиді түзіледі. Ол этиленмен тәрізді бром суын және перманганатты түссіздендіреді. Сондықтан әр уақытта этиленді күкірт (ІV) оксидінен бөліп алады. Түзілген күкірт (ІV) оксиді мен көміртек (ІV) оксидін газ жүретін түтікшедегі натронды ізбес ұстап қалады, яғни сіңіреді.
Күкірт қышқылының көміртекпен, күкірт (ІV) оксидімен көміртектек (ІV) оксидінің натронды ізбестен реакцияларының теңдеулерін жазындар. Этиленнің броммен реакциясының схемасын жазындар, оның механизмін талдаңдар. Калий перманганатының сулы ерітіндісінде этиленнің тотығу реакцияларының схемасын жазындар. Этиленнің жану реакциясының тендеуін жазыңдар.
тәжірибе. Алкендердібромдау.
Реактивтер: Сұйықалкенжәнебромныңтөртхлорлыкөміртектегі3%-тікерітіңдісі. Құрғақ пробиркаға 1 мл сұйық алкен құйып, оны шайқап тұрып үстінен тамшылатып бромның төртхлорлы көміртектегі 3%-тік ерітіңдісін қосады. Егер бромның түсі өзгермесе пробирканы ыстық суға батырып түсі жойылғанша қыздырады. Пробиркаға дымқыл, суланған көк лакмус қағазын батырады. Қағаздың түсі өзгермейді. 2-метил-2-бутилге және 2,3-диметил-2-пентенге қосылу реакцияларының схемасын жазындар. 1 г 2-метил 2-бутеңді бромдау үшін 3%-тік бром ерітіндісінен қанша мл керек?
тәжірибе. Алкендердітотықтыру.
Реактивтер: Сұйықалкен,10%-тікнатрийкарбонатыныңерітіндісіжәне2%-тіккалийперманганаты. Құрғақ пробиркаға 1 мл сұйық алкенмен 1 мл 10%-тік натрий карбонатының ерітіндісін құйып, оны шайқап тұрып үстіне тамшылатып 2%-тік калий перманганатының ерітіндісін қосады. Калий перманганатың күлгін түсі жойылып, қоңыр түсті марганец (ІV) оксидінің тұнбасы пайда болады. Реакция теңдеуін жазындар.