Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
treatise527

осы еді, сол еді
. Этот компонент 
является вариантом функционально-самостоятельных простых предложений со 
сказуемым 
осы
, сообщающим время действия. Простые предложения со 
сказуемыми 
осы еді, сол еді
являются вариантами, функционально связанными 
со структурой сложных предложений, выражающих временные отношения: 
Аяғымыздың бортқа іліккені 
сол еді
, машина селкілдеп қозғала берді 
(Б. Тілегенов). Келгені 
сол еді
, бастық шақырып кетті. Нұрсұлу бір жаққа 
баруға жиналып жатқаны 
сол еді,
телефон шылдыр ете қалды 
(Қ. Жұмаділов) [14, 148 б.]. Демек, осы пікірден автордың сілтеу есімдігі мен 
көмекші етістік арқылы жалғаулықсыз ыңғайлас (мезгілдес) салалас сөйлемнің 
бірінші сыңарларының жасалу жолдарын көрсетуі есімді құрмалас сөйлемнің 
бір түрі деп айтуымызға болады. Одан əрі автор: «Предложения с субъективно-


19
глагольным построением теснее связаны со структурой сложного предложения 
в тех случаях, когда в качестве сказуемого выступает слово 
мұң екен
» - деп 
мына мысалдарды береді: «Ебейсіннің үйден шығуы 
мұң екен,
Құдайменде 
қарқылдап үйді басына көтере күлді (Ə. Нұрпейісов). Селдір сұйық қамыстары 
селтиіп, ащылық сораң өскен алқап еді. Соған жету мұң екен, əлгі сұр құйын 
лезде аппақ болып ұзарып шыға келді (Ə. Нұрпейісов) [14, 148-149 бб.]. Р. Əмір 
мұң екен баяндауышы туралы: «Компонент со сказуемым мұң екен практически 
употребляется только в сложносочиненном предложении. Мұң екен является 
сентимантичным словом, служащим для выражения синтиаксических 
отношений. В данном употреблении оно лишено конкретного лексического 
значения» - деп мұң екен сөз тіркесінің қазақ тілінде баяндауыш қызметінде жиі 
кездесетінін атап өтеді, дегенмен, бұл да есімді сөйлемнің бір жаңа түрі деп 
айтуға болады. Автор: «В состав сложносочиненного предложения с 
причинным значением могут входить номинативные предложения: Аңқаулығым 
ғой, солардың тұзағына ілініп қалғанымды білмеппін (Б. Майлин). Орынсыз 
дəнеңкесі жоқ, құрдай қатынап жатқан машина, жетер ілесіп 
(Қ. Мұхаметжанов). Ташкеннің дачаға баратын поезы жүргелі жатыр екен, 
қаптаған адам, ерсілі-қарсылы жүгіріп мазам кетті (І. Жансүгіров) [14, 150 
б.] - деп автор пікірін былай жалғастырады: «Будучи компонентом сложных 
предложений, номинативное предложение называет событие, действие, 
обусловливающее содержание следующего сообщения. Қаптаған адам в 
последнем примере обусловливает состояние, действие говорящего: ерсілі-
қарсылы жүгіріп мазам кетті» - деп есімді сөйлемнің құрмаластың 
құрамындағы орнын атап көрсетеді. 
Автордың бұл еңбектерінен есімді жай сөйлемдер мен есімді құрмалас 
сөйлемдердің жасалу түрлеріне көп көңіл бөлгенін байқаймыз. 
Жоғарыда талданған еңбектердің барлығы есімді сөйлемдерді жеке 
зерттеудің нысаны ретінде қарамаған. Олар сөйлемнің түрін ажыратуда, 
баяндауыштың жасалу ерекшелігін анықтағанда айтылып отырған. Қазақ тіл 
білімінде есімді сөйлемдерді жеке зерттеу нысанасы ретінде қарастырған елеулі 
екі еңбек бар. Оның бірі – К.Қ. Оңалбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі есімді 
сөйлемдер» атты кандидаттық
диссертациясы. Бұл зерттеу жұмыста жай 
сөйлемдердегі есімді сөйлемдерге қатысты төмендегідей мəселелер тұңғыш рет 
жүйелі түрде берілді: 1) есімді сөйлемдердің негізгі белгілері, ерекшеліктері; 
2) есімді сөйлемдерге қатысты сөз таптары; 3) есімді сөйлемдердегі құрама 
баяндауыштардың сипаты; 4) есімді, етістікті сөйлемдердің қайсысының бұрын 
қалыптасу мəселесі; 5) есімді сөйлемдерге тəн дауыс ырғағы, тыныс белгілері 
[16]. 
Б. Елікбаев «Қазақ тіл біліміндегі есімді құрмалас сөйлемдер» 
тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады [17].
Бұл еңбек бүкіл түркітануда есімді құрмалас сөйлемдер туралы тұңғыш 
зерттеу жұмысы болып табылады. Автор зерттеуінде есімді құрмалас 
сөйлемдердің қазақ, түркі, орыс тіл білімінде берілу дəрежесіне, өзіндік 
ерекшеліктеріне тыныс белгілеріне жан-жақты талдау жүргізеді. Жұмыста 


20
есімді құрмалас сөйлемді дəстүрлі жіктеме бойынша есімді салалас құрмалас 
сөйлемдер мен есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер деп бөліп алып, олардың 
ерекшеліктері мен жасалу жолдарына тоқталған. 
Түркітану ғылымында жекелеген түркі тілдерінің синтаксисі белгілі 
деңгейде зерттелініп келеді. Мұндай зерттеулер біздің ғасырымыздың басынан-
ақ еуропа, орыс ғалымдарының тарапынан қарастырған. Олардың қатарына 
П.М. Мелиоранский, Н.А. Баскаков, А.П. Поцелуевский, Н.П. Дыренкова, 
Н.К. Дмитриев, В.М. Насилов, А.К. Боровков, Е.И. Убрятова, Э.В. Севортян, 
Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтар жəне т.б. ғалымдардың еңбектерін 
атауға болады. Дегенмен түркітану ғылымында тарихи синтаксиске қатысты 
жекелеген арнаулы еңбек жоқ екені белгілі. Нақты айтқанда, көне түркі руника 
жазбалары тілінің синтаксистік құрылымы, сөйлем құрылысы, сөйлем 
мүшелері олардың сөйлемдегі орын тəртібі туралы басын аша зерттеген 
еңбектер саны көп емес.
Түркологтардың дені орыс ғалымдары, бір жағынан əрбір түркі тектес 
елдердің ғалымдары болып бөлінгенімен, жалпы түркологияда олар өз 
саласына үлкен із қалдырды.
Біз өз жұмысымызда тақырыбымызға қатысты ғалымдар пікіріне назар 
аударуды жөн көрдік. Алғаш рет түркітануда есімді сөйлем туралы сөз еткен 
түркмен тілінің маманы А.П. Поцелуевский: «Одна из этих особенностей 
связана с очень поздним (сравнительно) возникновением в тюркских языках 
финитных глагольных форм, а, следовательно, и предложений вербального 
типа. Так, например, в языке орхонских надписей VIII века нашей эры мы 
находим только две личные формы глагола: императив и имперфект (общую 
форму прошедшего времени). Вполне понятно поэтому, что для 
синтаксического строя древних тюркских языков характерно абсолютное 
преобладание номинальных предложений» - деп ғалым түркі тілдерінің еуропа 
тілдеріне қарағанда бір айырмашылығы – есімді сөйлемдер алғаш 
қалыптасқанын сөз етеді. Автор ертедегі VІІІ ғ. Орхон жазуларында көбінесе 
есімді сөйлемдерді мол кездесетінін айта келе, дегенмен, императив, 
имперфекті тұлғалы етістіктер де кездеседі, бірақ олардан соң есімдік 
баяндауышты тұлғалардың да кездесетінін айтады. Соңғы ескерткіштерде т.б. 
жазбаларда етістіктің элементтерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы кездесе 
бастады. Одан əрі етістікті сөйлемдердің қалыптаса бастағанына байланысты 
ХVІІІ-ХІХ ғғ. есімді сөйлемдерге қарағанда етістікті сөйлемдер басымдылық 
жасай бастайды. Бұл құрамды баяндауыштар тек жай сөйлемде ғана емес, тіпті 
құрмалас сөйлемдерде де мол орын алды деген шешімге келеді. Сондықтан да 
қазіргі кезде сөйлем түрлерінің бəрі көбіне етістікті сөйлем түрінде беріліп жүр 
– дейді [18, 284 б.].
Автор бұл еңбегінде есімді сөйлемдер, олардың баяндауыштарының зат 
есім, сын есім, есімдік сөз таптарымен бірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет