Қазақ тілінде: Мен шахтер, сен құрылысшы;
Алтай тілінде:Мен алтай кижи, слер алтай улус;
Башқұрт тілінде: Мин язусы, һин укусы.
Сондай-ақ, барлық түркі тілдерінде үшінші жақтағы есім баяндауыштар
аффикссіз келеді, мысалы:
Қырғыз тілінде: Кенен дүниөдө джаз
«кең дүниеде жаз». Кейбір
жағдайда есім баяндауыштар септік формасын қабылдайды, мысалы,
Татар тілінде: Безнең полк окопта.
Тува тілінде: Бо ном башқының «Бұл кітап мұғалімдікі».
«Есім баяндауыштардың жалғаулықсыз келуі көне түркі ескерткіштерінен
жалғасып келе жатқан құбылыс» - деп атап өтіп, автор О.С. Сапашев өз
зерттеулерінде Суджа ескерткіштерінен мына мысалдар арқылы көрсетеді:
Қырғыз оғлу мен, құтлық бойла тартқан. «Қырғыз ұлымен, құтлық бойла
тарқан». Бұ ырық бітіг едгү ол. «Бұл ырық бітіг жақсы».
Жіктік жалғаулы зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Ырық бітіг
ескерткішінің тіліне тəн құбылыс. Бұл түркі тілдерінде кейіннен кеңінен
қолдана бастаған конструкция болса керек, өйткені «Ырық бітік» ІХ ғасырда
руника əліпбиімен жазылған ең соңғы шығарма болып табылады.
Түріктанудағы есімді құрмалас сөйлемдер де ертеден зерттеліп келеді.
Жүйесіне қарай көне тілдегі сөйлемдерді жай жəне құрмалас сөйлемдерге бөліп
қарастыруға болады. Мысалы, жай сөйлемге: Елте бұң йоқ (КТк., 3) «Елде мұң
жоқ», Үзе көк теңрі (КТү., 1) «Үсте көк Тəңрі».
Құрмалас сөйлемге: Қазғантықын үчін, ыдұқ өзім қазғантықым үчін, ел
йеме ел болту, бодұн йеме бодұн болты (Тұн., 55) «Жаулағандығыңнан, өзімнің
де жаулағандығымнан, елім де ел болды, халқы да халық болды» [21]. Осы
23
мысалдардан біз тарихи ескерткіштерде, яғни көне түркі тілінде есімді
баяндауыштардың бар болғанына көз жеткіздік [21].
Н.З. Гаджиева мен Б.А. Серебрянников түркі тіліндегі жай сөйлемнің
құрылымына салыстырмалы-тарихи талдау жасаудың негізгі мақсаты: тек
олардың түрін жəне түркі тілдеріне жататындығын анықтау емес, сонымен
бірге ретроспективті тұрғыда олардың тарихи даму үрдісіне көңіл бөлу керек
екендігін айтты. Сондай-ақ сөйлем мүшелері бастауыш туралы: «Область
подлежащего оказалась исторически относительно устойчивой» - деп оның
қандай сөз таптарынан жасалатынын айта келе: «Совсем иную картину дает
область сказуемого. Здесь, как будет показано ниже, наблюдаются
исторические изменения за счет и развивающихся глагольных времен, и
связочных средств. Грамматическое выражение сказуемого определяет тип
предложения – именной, или глагольной» [22, 74 б.]. Авторлар осы
еңбектерінде: «Вряд ли можно сомневаться в том, что в тюркском праязыке уже
существовало именное предложение, т.е. предложение, содержащее в своем
предикате имя. Такое предположение потверждается прежде всего
памятниками древнетюркской письменности, где именное предложение
выступает как уже вполне сформировавшееся явление» [22, 75 б.] – деп, ең
алдымен есімді сөйлемдердің пайда болғанын көне түркі жазбалары да
растайтынын сеніммен айтады.
Біздің тақырыбымыз есімді сөйлемдер болғандықтан, тек қана есімді
сөйлемдердің алғаш пайда болу фактілерін ғана көрсетуді жөн көрдік. Сондай-
ақ авторлар осы еңбектің «Простые предложения» деген екінші тарауында:
«Именное предложение, глагольное предложение, безличное предложение» -
деп бөліп көрсетеді. Етістікті сөйлемдердің кейіннен пайда болғандығы, шығу
барысы, қалыптасуы туралы былай баяндайды: «Об этом свидетельствует то,
что они возникли в группах тюркских языков, и даже, в отдельных языках уже
после того, как тюркский язык распался» [22, 84 б.].
Бірқатар тюркологтардың А.К. Боровковтың, В.М. Насиловтың,
А.Н. Кононовтың,
Н.А.
Баскаковтың,
Н.П.
Дыренкованың,
Е.И. Убрятовалардың еңбектерінде баяндауыштардың морфологиялық жағынан
дерлік жасалып құралатыны, көбінесе етістік жəне есім таптарынан болатыны
(дара түрі) орын алған, бірақ жалпылама алынып факт етіледі; ол жайындағы
түсініктер бəрінде де біркелкі келеді. Баяндауыштың күрделі түрінің де
анықталуы сондай дəрежеде: бірен-саран түрлері аталады да, мысалдар
беріледі. Күрделі баяндауыштың қаншалықты дəрежеде факт етілетінін
аңғаруда кейбір тюркологтардың пікірлеріне назар аударайық.
Түркі тілдеріне жататын ойрот тілін (алтай тілін) зерттеген ғалым
Н.П. Дыренкова «Грамматика ойротского языка» деген еңбегінің «Синтаксис»
бөлімінде жай сөйлемнің əрбір мүшесіне анықтама беріп, баяндауыш туралы:
«Самый главный управляющий член предложения – сказуемое – располагается
в самом конце предложения» - деп баяндауышты сипаттайды. Осы бөлімінің
«Двухчленное предложение» деген тараушасында: «Так называемое простое
нераспространенное предложение состоит из 2 членов – подлежащего
24
сказуемого – и выражает отношения: 3) субьекта и качества его: тун соок «ночь
Достарыңызбен бөлісу: |