Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет42/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
treatise527

Жай сөйлем түрлері
Хабарлы сөйлемдер: Бəрінің қолында үкілі домбыра. Бұл Бөкенші мен 
Борсақтың көші.
Сұраулы сөйлемдер: Ашуланба, баламысың? Лепті сөйлемдер: Қоңыр 
қозым!.. Жас! Сонысы осы жол – тек Керімбала! 
Жалаң сөйлемдер: Ол - ақындар. Кəмшат ауру.
Жайылма сөйлемдер: Оның аты үлкен үміт. Күндіз болса барлық жұрт ат 
үстінде. Қыстыгүні де Шыңғыс желі шаруаның досы. 
Жақты сөйлемдер: Ол – қозышы Бөрібасар. Құнанбай қиналған күйде.
Толымды сөйлемдер: Бұл өзі оңынан соғатын жел. Көктемде бұл жел игілік 
желі. Ол жамбы – кешегі Ұлжан əкелген күміс еді. 
Толымсыз сөйлемдер: Қыз ішінде жалғызы едім. Шыңғыстың қыс 
басындағы көркі. Құла түсті ықшам тігілген шапан. 
Болымды сөйлемдер: Ол келбетті адам. Тойғұлы Мамай руының үлкен 
байы.
Болымсыз сөйлемдер: Мен Кеңгірбайдың ұлы емеспін. Жас балаға ат қою 
жақсы ырым емес.
Құрмалас сөйлемдер
Зат есімді мезгілдес салалас құрмалас сөйлемдер
Салалас құрмалас сөйлемнің өзіне тəн барлық мағыналық түрлерінің 
(мезгілдес, себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес, түсіндірмелі, 
салыстырмалы, шартты) баяндауыштары есімді сөз таптарынан да жасалады. 
Соның ішінде баяндауыштары зат есімді салалас құрмалас сөйлемдердің 
жасалу жолдарын төмендегіше талдап көрсетелік.
 Нөлдік тұлғалы дара зат есімді баяндауыштар
– антропонимдік атауды білдіретін жалқы есімді баяндауыштар арқылы: 
Өзі ақын, өзі əнші, өзі сері Біржан. Оның бірі – жеңге, бірі – Тоғжан. Осы 
сөйлемдердің үшінші, екінші сыңарларының баяндауыштары қызметінде кісі 
есімін білдіретін Біржан, Тоғжан жалқы есімдері келген. Олар нөлдік тұлғада 
тұруы арқылы есімді мезгілдес салалас құрмалас жасауға мұрындық болған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет