Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
treatise527

Нөлдік тұлғадағы жалпы есім мен демеулік шылауы: Жылқы қамынан 
аман болған Жидебайдағы ауыл ғана. – Байғұс Алшекең де дос-ақ қой! 
Тəуелдік жалғаулы жалпы есім мен демеулік шылауы арқылы:
- Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салыспаған сияқтысыз. Ол - 
ғылымдардың анасы ғой. 
Тəуелдік жалғаулы жалпы есім мен көмекші етістікке сұраулық 
шылауының тіркесуі: - Неге? Сəуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? - Е, 
олжа, əкеңнің олжасы емес пе?
Туралы септеулік шылауы тек тура толықтауыштық тұлға деп берілуі 
барлық түркі тілдеріне тəн. Сонда шылаулы түйдекті тіркестер тек сөйлемнің 
ішінде қолданылып жүрсе, енді ондай түйдекті тіркестер сөйлемді тиянақтау 
дəрежесіне ие болуда.  
Атау тұлғадағы жалқы есім мен туралы:
 
Оның біреуі – Тəкежан туралы. 
Атау тұлғадағы жалпы есім мен туралы: Хабарының басы – ертең 
Есқожа ауылында болатын той туралы. 
Тəуелдік жалғаулы зат есім мен туралы: Ол – осы жақында болатын ас 
туралы, Бөжейдің асы туралы. Ол - осы елдің ішіндегі тынымсыз бұзар
атқамінер, партияқорлардың толып жатқан дау-шары туралы. 


75
«Еді», «екен» көмекші етістіктер екендігі белгілі. Бірақ «еді» мен «екен» 
бірді-екілі етістік формаларға байланысуында шақтық емес, таза модальдық 
дəнекер болады. Есімді сөйлемдердің жасалуында көмекші етістіктер үлкен 
орын алады. Көмекші етістіктер есімдерге түйдектелгенде есімді сөйлемдерде 
шақтық мəн пайда болады. Оның өзі өткен шақ, келер шақ, осы шақ, негізінде 
жүзеге асады. Сонымен бірге таза есімді баяндауышқа қарағанда көмекші 
етістікті есімді сөйлемдерде сөйлемнің тиянақтылығы əлде қайда басым 
болады. 
Роман-эпопеяда баяндауыштары жалқы есім болып келген зат есімдерге 
«еді» көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер біршама, 
мысалы:
1. Бұл Құнанбаймен ере келген Көтібақ Пұшарбай еді.
2. Ол сөйлеген Ұлжан еді.
3. Ендігі басу айтқан Сүгір еді.
4. Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді.
5. Өзгеден бұрын бұл жөнді ұққан Абай еді.
6. Ол жібергені – Ербол еді.
Баяндауыштары тəуелдік мəнде болып, оған «еді» көмекші сөзінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер роман-эпопеяда мол, мысалы:
1. Баланың бұл ерте əзірлеген жауабы еді.
2. Қодар аталас жақыны еді.
3. Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа əңгімеші адамға талай уақыт 
тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі əдеті еді.
4. Бұл Желқұйын туралы өз ауылындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі 
еді.
5. Өз баласының аузынан үн, сол бір – «дəуренің өтті» деген суық 
сарынның қатаң лебі еді.
6. Бұл Абайдың да ойы еді.
Кітаптан алатын білім нұсқаның бүгін тіршіліктің қолма-қол керегі үшін 
асығыс қажет болған бір шағы еді.
Араз-құразға ынтасы мен бейімі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді.
Баяндауыштары атау тұлғалы дара болып, оған «еді» көмекші етістігі 
тіркескен дара болып келген сөйлемдер:
1. Далада жылы түн еді.
2. Үй ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді.
3. Тегінде жұртты сескендіріп, қашқындардың жүрегін шайлықтыру үшін 
шығарылған отряд еді.
4. Бұл жүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді.
5. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол жылау еді.
6. Онысы - əжесінің адамшылық аналық қасиеттерін жоқтау еді.
Баяндауыштары (сын есім+ зат есім) түйдекті болып келген оған «еді» 
көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:
1. – Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ ат, бөрте 
ат еді.


76
2. Сондай, ұйқы мен ояудың, түс пен өңінің арасында əсіресе шаршаған 
күнгі ұйқыда болатын қызық бір, аралық хал еді.
3. Абылғазы емендей, шақпақ сүйек, зіл салмақты адам еді.
4. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаңаяқ, аяғын қалың 
күс басқан, 10-11 жасар бала еді. Соңғы сөйлемнің баяндауышы 10-11 жасар 
бала еді - сан есім + зат есім+еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы күрделі 
баяндауыш құрамында жұмсалған. 
5. Тінібек пен қыз əкесі – ылди бойының саудагер байы Əлдеке – 
құдандалы, дос еді.
6. Абайдың қайтар жолда мінбегі «Аймандай» деген бір қара жал, қара 
құйрық, сұлу құла ат еді.
Баяндауыштары көптік тұлғада тұрып, оған «еді» көмекші етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:
1. Бұл сөздер биылғы жазды не қылса да үлкен ылаңның зор бəленің жазы 
етуге айналған сөздер еді.
2. «Жігітек», «Бөкенші» деген сондай аттар еді.
3. Абайды шын балаға айналдырып жіберген осы сүйістер еді.
4. Араз-құразға ынтасы мен бейілі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді. 
Соңғы сөйлемде баяндауышы тəуелдік жалғауының ІІІ жағында келіп оған 
«еді» көмекші етістігі тіркескен. 
Баяндауыштары зат есімнен болып оған «екен» көмекші етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:
1. Е-е, айыпкер табылды де?.. Ол əн екен!
2. Күйеу алдыннан шыққан қыз-келіншек екен.
3. Тіл көмегі болса да мынандай мырза көмекке қуанып кетті. Ендігі бір 
ғана күдігі Базарлы екен. 1, 2 сөйлемдердің баяндауыштары атау тұлғада тұрып 
оған «екен» көмекші етістігі тіркескен. 3-ші сөйлемнің баяндауышы жалқы 
есімнен жасалып оған «екен» көмекші етістігі тіркесіп келген.
4. Сəлем беріп, иба қып кірген күйеулер екен. 4-ші сөйлемнің баяндауышы 
көптік жалғаулы зат есім мен «екен» көмекші етістігі арқылы жасалған.
ІV «Емес», «жоқ» көмекші сөзді құрама баяндауышта субъектінің, заттың 
ісі не болмаса объективті болымсыздық формада факт етіледі, субъектінің істі 
істеуге қабілеттілігі, сапаға иелігі болмайтындай мағына білдіреді. «Жоқ» 
көмекші сөзді құрама баяндауыштың болымсыздық мəні «емес» көмекші сөзді 
құрама баяндауыштыкінен гөрі тұжырымды келеді. «Емес» сөзі «емес» 
көмекші етістігінің болымсыздық формасы келер шақтың есімше түрінде: 
алдыңғы тіркескен сөзіне болымсыздық не қарсылықты мағына мағына үстеп 
жұмсалады. Баяндауыш «емес» көмекші сөзінің дара түрінде айтылған атау, 
жатыс, шығыс септік формалы болымды мəнді зат, сын, сан есімдер мен 
есімдіктерге жəне есім тіркестерге «жоқ» көмекші сөзінің атау септік формалы, 
кейбір зат есімдер мен жіктеу есімдіктеріне тіркесуі арқылы да құралып 
жұмсалады. Мысалы:
1. Сіз қызмет адамы емессіз.
2. Мен революционерлердің ішіндегі үлкені емеспін.


77
3. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес.
4. Хатерден қашатын Абылғазы емес.
5. Абай Тəкежан үйіне ат қойып келген жоқ. Жас балаға ат қою жақсы 
ырым емес. Бұл сөйлемдердің бірқатары тек болымсыз формалы бір 
баяндауышты, бірқатары болымсыз да, болымды да формалы екі баяндауышты 
болып жұмсалған. Болымсыз формалы баяндауыштар «емес» сөзінің атау 
септік формалы есімдерге тіркесуі арқылы жасалған; бастауыштың заттық
сындық, сандық сапаға иелігі не қатыстылығы сөйлеу уақытымен байланысты 
болымсыз екендігін білдіреді. М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясындағы зат есімді есімді сөйлемдердің жай жəне құрмалас түрлерін 
көрсетсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет