Microsoft Word Послед doc


 Сын есімді есімді құрама баяндауышты сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет44/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
treatise527

2.2.2 Сын есімді есімді құрама баяндауышты сөйлемдер
Сын есімдер есімді сөйлемді жасауда тек есімді баяндауыш түрде ғана 
емес құрама баяндауыш түрінде келгенде сөйлемдерді тиянақтауы нақтырақ. 
Сын есім мен көмекші етістікті есімді сөйлемдердің жасалуын көрсетсек.
Сапалық сын есім мен көмекші етістік арқылы: Тымағын алғанда, сұлу 
біткен кесек жүзі салқын еді. Күлкісінің үні соншалық сыңғыраған, сонша 
мөлдір, нəзік еді. Қонаққа тігілген үйлер мол, ауыл сəні зор екен. Бірақ аспан 
ашық емес
- Салыстырмалы шырай арқылы: Қалған қыздардың жастары бұдан 
кішірек еді. Бірақ Құнанбай есебі бұлардан тақысырақ екен. Қанша дегенмен 
қырдың қара заңынан, мұсылманның қожа, молласының шариғатынан 
Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ қой.
- Күшейтпелі шырай арқылы: Жіп-жіңішке боп, ұзын сызылған қап-қара 
қасы да жігіт жүзінің жақсы ажарын аша түскендей. Бағыныңқы сыңарының 
баяндауышы жіп-жіңішке сын есімі мен көсемше тұлғалы бол көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған.
- Қатыстық сын есім мен модаль сөздер арқылы жасалған түйдекті 
баяндауыш: Аузы сөзге олақ болса да, алқыны, екпіні күшті тəрізденеді
Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген қоңырқай көздері саналы сияқты. Мəкіш 
те Абайдан осы жөннен жауап естімекке ынталы сияқты. Осы сөйлемдердегі 
негізгі мағынадағы сөздер күшті, саналы, ынталы дара қатыстық сын есімдер, 
ал оларға тəрізденеді, сияқты модаль сөздері тіркесіп келген. Негізінде бұл 
тұлғалы сөздер сөйлемнің соңында келуі басты шарты. Демек, модаль сөздер 
арқылы жасалған есімді сөйлемдерде сөйлемді тиянақтау жағы басым. Егер 
көмекші етістіктер өзі түйдектелген шақтық мағына үстейтін болса, модаль 
сөздерде де шақтық мəннің ізі бар деп айтуға болады. 
- Күрделі сын есім мен көмекші етістік арқылы: Өзгеше өнер нұрымен 
балқыған, ерекше сұлу еді. Ол үйдегі Абайдың апасы Мəкішпен ерекше тату 
еді. Сын есімдер есімді сөйлемдердің баяндауышы қызметінде сондай-ақ 
көптік, тəуелдік жалғауларының тұлғасында келіп, оған ғана шылауының 
тіркесуі арқылы: Көзге ілінетін ұзын шидің басы, селдір қамыс болса, немесе 
анда-санда кездесетін тікенді шеңгел, қарағай басы кезіксе, соларды сыдырып 


81
жеп, үзіп жұлып талшық етіп, көпке төзіп келе жатқан түйенің ірілері ғана. Дəл 
қораның өз жанында сай тұрған аттар бірен-саран ғана. Дара сапалық сын 
есімге ғой нақтылық демеулігінің тіркесуі арқылы: Өмір сондай абзал ғой!.. – 
Ойпыр-ай, Үсен-ай, сенің орысшаңның ударениесі орысшаны отызға кеп 
оқыған менікінен де жаман ғой. Егер сын есімдер есімді баяндауышта 
тəуелденіп жұмсалатын болса, енді құрама баяндауыштың негізгі сыңарында да 
тəуелденіп, онан кейін көмекші етістіктің түйдектелуі арқылы жасалады. 
Бөжекеңді көрген жерде сəлеміңді түзу бер, бір кездегі жақынның жақсысы 
еді. Сын есімдер баяндауыш қызметінде –дай, -дей- жұрнақты қатыстық сын 
есіммен көмекші етістік арқылы жасалған: Осымен бар ынтымағын Құнанбайға 
бағындырған жиырма ауыл: дəл бір ұялас бөрідей еді. Ол алдарынан тосқауыл 
болатынын білген кісідей екен. -лы, -лі жұрнақты қатыстық сын есім мен 
көмекші етістік: Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес, жасаулы, кілемді, 
алашалы екен. Бөжей Құнанбайға қатты ашулы еді. -ды, -ді- жұрнақты 
қатыстық сын есім мен көмекші етістік: Толық денелі, дөңгелек жүзді 
Нұрғаным сұлу да, сəнді екен. -ты, -ті -жұрнақты қатыстық сын есім мен 
көмекші етістік арқылы: Ондай жандардың өзін айыптаса жұрт жазықты емес. 
Омбы қар қорықтың шет-шетінде қалың болғанымен, дəл шилердің ішіне 
кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен
-лас, -лес- жұрнақты қатыстық сын есімге көмекші етістігінің тіркесуі 
арқылы: Құнанбай Қаратайлармен əсіресе сыйлас еді. –қыш, -кіш- жұрнақты 
қатыстық сын есім мен көмекші етістік: Көргісі келмейді, əсіресе танығанын 
айтқыш емес. -тал жұрнақты қатыстық сын есім мен көмекші етістік: 
Шүкіманның көңлі жүйрік , сезімтал еді. 
Абай жолы роман – эпопеясындағы сын есімді есімді сөйлемдер 
төмендегіше семантикалық мағынада жұмсалған: 
- Түсін білдіреді: Екеуінің шапан, тымақтары да сұрғылт түсті. Түн 
жарық емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен.
-Бірқалыпты жайды білдіреді: Құнанбай қоршауында, ол екеуі қажып 
талған түрлерімен, ашаң, жүдеу жүздерімен өзгеше сұп-сұр. 
-Армандауды білдіреді: Өмір сондай абзал ғой! 
- Сұлулықты білдіреді: Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен 
тартылған, кіршіксіз аппақ, өзгеше өнер нұрымен балқыған, ерекше сұлу еді
-Мінезін білдіреді: Шүкіманның көңлі жүйрік, сезімтал еді
- Парасаттылықты білдіреді: Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген 
қоңырқай көздері саналы сияқты.
-Өлшемдік қасиетін білдіреді: Абай енді көрді, көлденең өтіп, селдей ағып 
жатқан халықтың саны ұшан- теңіз екен.
-Салыстыруды білдіреді: Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес
жасаулы, кілемді, алашалы екен. 
-Теңеулік мағынаны білдіреді: Абайдың да оған бейіл, мейірі – аға, 
туыстай ғана, əкедей емес. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Күңгірт 
көңілден кешіп өткен ойлар күздің ақ сұрғылт бұлтындай.


82
Міне бұл қасиеттерге қарағанда М. Əуезов «Абай» романындағы есімді 
сөйлемдер жан- жақты формада қалыптаса келе əр түрлі реңкті білдіруде өте 
шебер құралған. Бірақ сөйлемдердегі осы қасиеттері осы кезге дейін қазақ тіл 
білімінде арнайы зерттеудің объектісі болмағаны белгілі. Бұл бүкіл роман 
бойынша бір ғана тамшы ретіндегі көрініс.
М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сын есімді есімді 
сөйлемдердің жай жəне құрмалас түрлерін көрсетсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет