85
баяндауышы
-сыз жұрнақты қатыстық сын есім мен шартты райлы
бол көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.
Мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы сабақтас: Үлкен жазық маңдайы ақыл
бейнесін аңғартса, түксиген қабақ астындағы қисық, қиғаш көздері
ерекше
суық. Басыңқы сыңарының баяндауышы
ерекше суық күрделі сын есімнің
түйдектелуі арқылы жасалған. Жас қыз кірген кезде, қатып қарап қалған
Абайдың реңі
тіпті жат еді. Басыңқы сыңарының баяндауышы асырмалы
шырай мен сапалық сын есімге
еді көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы
жасалған.Тымағын алғанда, сұлу біткен кесек жүзі
салқын еді.
Себеп бағыныңқылы сабақтас:
Дəл кірер жері
тар болғандықтан, Көкбай
бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді. Бағыныңқы сыңарының
баяндауышы сапалық
тар сын есім мен есімше тұлғалы -дықтан қосымшалы
бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
құрып тұр.
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас: Досыңа, қатын-балаңа
қатты боп,
қайда барасың өзің
? Бағыныңқы сыңарының баяндауышы сапалық
қатты сын
есімі мен көсемше тұлғалы
бол көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы
жасалған. Жеңіл пешпет ішік киіп, білегін сыбаныңқырап алған Ызғұтты
аңшыдай шапшаң, ықшам. Басыңқы сыңарының баяндауышы
аңшыдай
шапшаң, ықшам бірыңғай сын есімдерінің түйдектелуі арқылы жасалған.
Шартты бағыныңқылы сабақтас: Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де
қоныс
аз, өріс
тар. Басыңқы сыңарының баяндауышы
аз, тар бірыңғай
сапалық сын есімдері арқылы жасалған. Ірі қара дегенде сиыр болса, ол кесел
қойдан да
жаман екен. Басыңқы сыңарының баяндауышы
жаман сапалық сын
есімі мен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. Жалғыздық пен осы
қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші
жоқтай. Басыңқы
сыңарының баяндауышы
жоқтай қатыстық сын есімі арқылы жасалып тұр.
Көп бағыныңқылы сабақтас: Ал, бүгінгідей қысылған шағында, мынандай
апат, ауыртпалық көрген шағында, қаншалық
əлсіз,
осал. Басыңқы сыңарының
баяндауышы бірыңғай сын есімдерінен жасалған. Бірақ, осы күндер бойында
Абай əн салып, қалжың айтып, келелі кеңес те сөйлеп жүргенмен, өз ішінде
жабырқау. Басыңқы сыңарының баяндауышы
жабырқау сын есімінен
жасалған. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан,
мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дəл көп жұлдыз
арасындағы
Шолпандай. Басыңқы сыңарының баяндауышы
-дай жұрнағы
арқылы жасалған
Шолпандай теңеулік мағынаны білдіретін қатыстық сын есімі
арқылы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: