86
өткен. Сонымен қатар қазақ тілі оқулықтарында да бұл мəселе арнайы берілген.
Осы салада А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов,
О. Төлеуов т.б. ғалымдар үлкен еңбек жазды. Əрине, осы аталған
еңбектерде
сан есім
морфологиялық жағынан
зерттелгенімен, ара-арасында сан есімдердің
тек сөйлем мүшесі болуы ғана айтылады. Демек, жоғарыдағы авторлардың
еңбегі бойынша сан есім көбіне тек морфологиялық жағынан ғана сөз болды
деп айтуға болады. Сан есімдер синтаксистік зерттеулерде сөйлем мүшелері
болуымен бірге Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Т. Сайрамбаев еңбектерінде сөз
тіркесінде жұмсалуы сөз болады. Бізге қатыстысы сан есімдердің сөйлем
мүшелері ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Табиғи жағынан алғанда
сан есімдер анықтауыш болуы тиіс.Сол сияқты сан есім басқа да сөйлем
мүшелері қызметінде жұмсалатыны туралы жоғарыда айтып кеткенбіз.
Дегенмен ол туралы жоғарыдағы авторлар еңбегінен мысалдар келтіруге
болады. М. Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығынан: «
Асқар сағатына
қараса, сағат түнгі тоғыз болып қалған екен (С. Мұқанов). Мұндағы есім
баяндауыштың құрамында үш көмекші етістік бар:
тоғыз – негізгі де,
болып
қалған екен – көмекші сөздер. Соңғы үш көмекші сөз негізгі баяндауышқа əрі
шақтық, əрі видтық (болып қалған – тоғыз болуға таянған, бір-ақ əлі болған
жоқ), əрі модальдық мағына қосып тұр.
Осындай, есім баяндауыштардың құрамында айтылатын көмекші
етістіктер есімдердің баяндауыштық қызметін дəлдеп, мағынасын толықтырып
тұрады. Ондай көмекші етістік қатысқан баяндауыштарды күрделі есім
баяндауыштар деп танимыз» [1, 140 б.] - деп автор мезгіл бағыныңқы сабақтас
сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы сан есімді есімді есімді құрама
баяндауыш арқылы жасалғанын көрсетеді.
Біз осы тақырыбымызда сан есімді есімді құрама баяндауышты
сөйлемдердің жасалу жолдарын, сөйлем түрлерін талдамақпыз.
Сан есімдер сөйлем соңында үнемі таза сан есім түрінде келмей, құрама
баяндауышты болып та келеді. Сан есімдерге көмекшілік қызметте көмекші
етістік, түрлі көмекші есімдер, модаль сөздер қатысты. Олар есім
баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, шақтық, видтік, модальдық
мағына қосады. Сан есімдер ондай сөздермен тіркесте негізгі мағынаға ие
болады да, көмекші сөздер сол сан есімдерге көмекші қызметте жұмсалады.
Əсіресе сан есімді тіркесте ондай сөздердің көп қолданылатыны көмекші
етістіктер мен нумеративті сөздер. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:
Достарыңызбен бөлісу: