Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері



бет16/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

Физикалық-химиялық қорғаныс


Таза және зақымдалмаған теріде микробтар саны аз, өйткені тер және май бездері
бактериоцидтық заттарды (сірке, қүмырсқа және сүт қышқылдары) үнемі шығарып отырады. Ауыз қуысы арқылы енген бактерияларға, вирустарға, антигендерге асқазан күрделі кедергі жасайды, өйткені олар асқазанның қышқыл сұйығымен, ферменттермен залалдансыздырылады Ішекте залалдансыздыру факторларына ішектің калыпты микробтары бөліп шығаратын ферменттер, бактериоциндер, трипсин, панкреатин,липаза, амилаза және өт жатады.

Иммунды биологиялық қорғаныс Фагоцитоз


Фагоцитоз (грек. рһаgos- обимын,жұтамын. суіоз жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл
фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық корғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.
Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит
деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған
Лизоцимді 1909 жылы П.Л. Лащенко ашқан, ал 1922 жылы А.Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи төзімділігінде ерекше зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті (лат.тілінен-murus –қабырға) молекулалық салмағы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофильдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза ұлпасының сұйықтығна үнемі дарып отырады. Лизоцимді қаннан, лимфадан, көз жасынан, омырау сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс-зәр және ас қорыту жүйесінен, ми ұлпасынан табуға болады. Лизоцим тек жана ми-жұлын сұйықтығында және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Ағзада бір тәулікте бірнеше грамм лизоцим бөлініп шығарылады.
Лизоцимнің бактериоцидтік және бактериостатистік қабылеті бар. Сонымен қатар лизоцим фагоцитоз бен антидене синтезін белсендіреді. Лизоцим жасуша қабырғасының гликопротеидтерін (мурамилдипептидаза) ыдыратып жасушаның бұзылуынына себепкер болады, сонымен қатар зақымдалған жасушаны фагоцитоздауын жеңілдетеді.
Лизоцимнің синтезделу процесі бұзылса, онда органимнің бөгде затқа төзімділігі әлсірейді. Соның себептерінен организм ісік және жұқпалы ауруларға шалдығуға икем болады. Ондай жағдайларда емдеу үшін тауық жұмыртқасының ақуызынан, не биосинтезді жолмен алынған лизоцимдер қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет