ш атырына
шығады. Сарайдағы бүкіл кұрылысы — кабырғалар, тіреулер, арка жол-
дары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштер-
ден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиы-
нтығы: көзелер, саптыаяқтар, таоалар, кұмғандар, шүмекті қүмыралар
жиналды, олар біздің ғасырымыздың I жартысындағы ескерткіштердін
материалдарына үқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршык-
бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы үштары, алтын сырға, бір жүзді
пышақтар, сүйек үршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған
алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I—IV ғасырларға
жатады.
Сарай кешенінің мерзімін белгілеу үшін күмбезді жайға жерленген адам-
ньщтабылуыньщ принципті мәні бар. Өлік батыс қабырғаны бойлата қойы-
лған, ағаштан жасалған торлы табытка жерленген. Өлік басын батыска қар-
атып, шалқасынан жатыр. Керек-жарақтары да ерекше: ағаштан жасалған
екі ьщыс, көз салып, қара тас орнатылған, күміс пен алтын құймасынан
жасалған сырға, қорамсақ пен садаққа арнап ағаш қабығынан жасалған қап,
суйекпен әрленген ағаш садақ, темір қанжар, екі темір айылбас жатты.
Құрал- саймандарға қарағанда, адамды IV—V ғасырлар шебінде жерленген
деп анық айтуға болады, демек қоныс емірінің жоғарғы хронологиялықшегі
біздің заманымыздағы IV ғасырдың басынажатады.
Отырар-қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардын
278
бірі Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шар
шы шақырымдай болатын біршама шағын аумакта көлемі әр түрлі жиырма
шақты томпак төбелердің каддықтары жатыр. Солардың қатарында Пұшық-
Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе және ба-
скалары бар. Олардың ең ірісі ескерткіштердің көпшілігі шоғырланған
алкаптың атымен Көк-Мардан деп аталады. Қираған үйінді екі бөліктен -
негізгі төмпешік пен оның қасындағы темпешіктерден тұрады. Негізгі
төмпешік-қала жұртының орталық бөлігі - Арыстың ежелгі екі саласы
қосылатын жерде пайда болған аралда орналасқан. Қаланың салынуы арал-
дың орналасуына сәйкес анықталған, Көк-Мардан казір де солтүстіктен
оңтүстікке қарай созылған мойнақша түрінде. Тебенің көлемі екі гектар-
дан сәл астам, ал ең биік жері — 15 м. Қала орнына күрылыктан баратын
бірден-бір жол шығыс жағында және биіктігі 1,5 м, жоғарғы ені 1,5 м,
төменгі жағы 3 м болатын қолдан салынған бөгет арқылы өтеді.
Одан әрі бөгет қақпаларға апаратын жайпақ пандусқа ұласады. Кіре беріс
екі жағынан дөңгеленген екі мүнарамен корғалған, олардың үйінді орын
дары ғана сақталған. Өзен тармақтары бөліп жатқан қаланың орталык
төбесіне қүрылыс іздері бар аумак жанасып жатыр. Шығыс жағынан кала
учаскесі биіктігі 2,5 метрдей төрт бұрышты жалпақ төбе түрінде болып, бір
гектардай жерді алып жатыр. Ортадағы тебенің батысы мен солтүстік-ба-
тыс жағынан тағы да 3 гектарға жуык жер алып жатқан ертедегі құрылыс
табылды. Көлемі мен орналасуына карағанда Кек-Мардан кала орталығы
болған. Солтүстігіне таман, жарты шақырымдай жерден, шөгіп қалған он-
даған обалардан түратын, биіктігі 2—2,5 м, диаметрі 15 метрге дейін жететін
қалалық зират табылды. Қала орнының тек шағын учаскесі ғана ашылды.
Түрғын үйді жауын шайып, жел ұшырып әкеткен, сондықтан мүлде сак-
талмаған деуге болады. Оның үстіне каланын ез өмірінің соңғы кезінде
құлдырауға үшырағаны аңғарылды. Оның құрылыстары тозып, үйлерді
түрғындары бірте-бірте тастап кеткендей.
Төменіректе орналасқан неғұрлым ертедегі кала кең көшелер мен шағын
тұйық кешелер бөліп жатқан ауқымды үлкен махаллалардан түрған. Ү йлер,
әдетте, бір бөлмелі болған, екі бөлмелілері сирек, оның үстіне екінші бөлмесі
қойма болып келеді. Олар жер астында, дүрысырак айтканда, мәдени каба-
тта жатыр, сондықтан көше жақтан оларға үш-бес тепкішекті баспалдак
арқылы кірген. Есіктері үйдің бір бұрышына жақын орналастырылғаны
аңғарылды. Үйлердің ішкі көрінісі негізінен бір қалыпты, археологтардың
қазба жұмыстары аяқталғанға дейін-ақ ненің кайда орналасканын сенім-
мен айта алғаны кездейсоқ емес. Есіктің қарсы алдында, үңдің ортасына
жақын жерде тікбұрышты жерошақ болған. Ол шет жақтары балшықтан
деңестеу етіліп жерден қазылған. Бір жартысына от жағылған да, екінші
жағына көмір мен күл үйілген. Үй кабырғаларының біреуінен еден дең-
гейінде ж әне одан сәл жоғары жерден камин ге арналған сопақша кертпе
шығарылған. Әдетте оған саз балшықтан жасалган пеш орнатылған. Үй
қарапайым тәсілмен жылытылған, түтін есіктен ж әне төбедегі тесіктен
шығарылған.
Бөлмеде қабырғаларды жағалата адам жататын аласа сәкілер орнаты-
лған. Бұрыштарына су мен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған. Ыдыс
тар қабырғалардың жанында тұр. Әдетте олар құмандар, су таситын құмы-
ралар, көзелер болып келеді. Егер үй екі бөлмелі болса, екінші бөлмесі
279
қойма болады, онда қүмандар немесе күйдірілмеген балшыктан жасалған,
цилиндр тәрізді сыйымды, кеспек сиякты ыдыстар тұрған. Оларда тары,
күріш , бидай, арпа, асбүрш ақ сақталған. О ш ақтың қасында еденде
дәнүккіштер немесе диірмен жатты. Олар әр үйден дерлік тұтас күйінде
немесе сынықтары табылды. Кейде үйлерде диірменге арналған арнаулы
тұғырлар салынған. Оның төменгі жартысы — тапшаны — аласа дөңгелек
бөренеге мықтап бекітілген. Диірмендердің көлемі бірдей - диаметрі 25
сантиметрден 35 сантиметрге дейін. Кейбір үйлерде, әдетте үйдің бұрыш-
тарында куыс жасалған. Олардың алдында сәл деңестеу жер бар, күл каба-
ттарына қарағанда, оған ғүрыптық от жағылса керек.
Үйлердің біреуі өзінің әдеттен тыс екендігімен ерекшеленеді. Оған бас-
палдақпен төмен карай кіреді, үйдің көлемі 20 шаршы метрге жуық. Кіре-
берістің қарама-қарсысындағы қабырғада 0,5 м биіктікте шет жақтары
қошқар мүйіз түрінде жапсырып жиектелген, тікбұрыш түріндегі куыс бар.
Куыстың астында екі сатылы тақыт — келемі 1,5х 1 м мехрап тұрды. Тақыт-
тың оң жағында балшык қабырғамен бөлінген кішкене коршау бар. Мұнда
қүрбандыққа шалынатын қой ұсталған болуы мүмкін. Үйдің ғибадатхана
міндетін атқарғаны күмәнсіз. Бүған сол жерден табылған ауыр салмақты
қыш шырағдандар, мехрап үстіндегі таза күл қабаты да дәлел болады.
Ғибадатхана өзіндік қайталанбастығымен ерекшеленеді, бірақХорезм-
дегі кушан заманына жатқызылған Гяур-қала орнынан қазып-аршылған
залдың оған бірсыпыра ұксастығы аңғарылады. Бұл залдың кабырғалары-
нда жапсырып жиектелген куыстар, олардың астында такыттар табылған.
Кәк-Марданнан басқа, Пүшық-Мардан қаласының орнына жақын ор
наласкан оңтүстік ж әне солтүстік Қостебе қоныстарынан алдын ала
жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында біздің заманымыздағы I
мыңжылдықтың бірінші жартысындағы кабаттар табылды. Пүшык-Мар-
дан қаласының орталығында биік цоколь-стилобатқа салынған мыкты
бекіністің қираған үйіндісі табылды. Бірінші кабатында күмбез тәрізді тар
дәліз болған. Екінші қабаттың қүрылысы 1—1,2 м биіктікте сақталған Олар
ды жоғарғы кабатына, ішінара бекініске жапсарлас жатқан ашық
алаңға
сәйкес келетін тұрғын үй құрылысының кабаты жауып жатыр.
Қазір Оңтүстік Қазақстанның алдыңғы орта ғасырлардағы
көп теген
қалаларының түп-тамыры сонау кангюйлер дәуірінде пайда болған қоны-
старға барып тірелетіні анықталды. Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінен
б.
з.
I мыңжылдыктың ортасына дейін шығыс Арал еңірінде өзіндік ерек-
шелігі бар жетіасар мәдениеті еркендеген. Бұл мәдениеттің жүз елуден ас
там бекіністі қала орындарынан, жүздеген обалы қорымдардан тұратын
ескерткіштері Сырдарияның ең солтүстіктегі ежелгі тармақтары
К уандария,
Ежелгі Қуандария бойында шоғырланған. Археологиялық зерттеулер мұнда
бірқатар қала орындарының тұрғын үй қүрылысы мен бекіністі жүйесін
ашты. Жетіасар мәдениеті тараған аймақ көлдер,
ө зе н
жайылмалары су-
ландырып, ертедегі Қуандарияның атырауындағы
к өп теген
тармақтар бөліп
жатқан кең-байтақ атыраудық үйінділі жазық болып табылады.
Стратигра-
фиялық зерттеулердің көрсеткеніндей, мұнда б. з. б. I мыңжылдықтың ор-
тасында-ак мықты бекіністі қамалдар пайда болады. Алайда, жетіасар мәде-
ниеті қалаларының кейде бір жерде мың жылдай өмір сүруі себепті ең ер-
тедегі қабаггары кейінгі терең қабатгар астында қалған. Сондыктан олар
ды азды-көпті кең келемде зерттеу өте қиын және Жетіасар алқабын қоны-
280
стану мерзімі туралы корытындылар осы кезге дейін алдын ала жасалган,
Жетіасардың ертедегі кезеңін дәуірлерге бөлу де болжал болып калып отыр.
Ертедегі кезендегі Жетіасардың барлык кираған қала орындары біртек-
тес келеді. Олар биіктігі 10—20 м және аумағы 8—10 га, дөңгелек, сопақша
түрдегі қалың екі қабатты ортасы шымнан каланған цоколь-стилобатка
тұрғызылған. Барлық қалалар күшті және дамыған қорғаныс күрылыст-
арының жүйесімен бекітіліп, ішіне түгелдей секция-үйлер салынған.
Қ ұры лы с салуға кел ем і үлкен (6 0x30x10; 40x25x10) ш икі
кірпіш,күйдірілген кесектер пайдаланылған. Күмбездерді котергенде тра
пеция сияқты шикі кірпіш қаланып, тұрғын жайлардың төбесін жапканда,
есік жақтауларына және басқаларына ағаш кұрылымдар колданылған.
Түрғын жайға кіретін есік бір кабырғаның ортасынан немесе бұрышынан
шығарылған. Бұл жағдайда есік үйдіңтұрғын жайынан кіре берістегі әлдебір
қалқа сияқты шағын кабырғамен бөлінген. Біздің жоғарыда көргеніміздей,
тұрғын үйдің мұндай үлгісі бүкіл Сырдария бойы аймағына тән және мұнда
орта ғасырларға дейін сақталған. Негізгі тұрғын жайға коса, оған косалқы
құрылыстар жапсарластыра салынып, олар кейде тұрғын үй және койма
ретінде пайдаланылған.
Зерттеушілер бекіністер кұрылысынан коғамдык міндеттер аткарылған,
әлдебір жоралғылар откізуге арналған жайларды да бөліп көрсетеді. Бұл
жайлар колемімен, озгеше сәкілері болуымен және баскаларымен ерек-
шеленеді. Қалалар әдетте жекелеген суландыру жүйесінің төңірегіне бес-
жетіден топталған. Олардың арақашықтығы 10-12 шакырымға жетеді.
Жерлеу. Кангюйлер заманының коныстары касында үлкен зираттар
орналасқан. Оларда түрлі аймактарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тарағ-
ан. Кангюйлерге тән ең сипаттысы үңгіп (екі түрлі), лақыт жасап және жай
шүңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сагана салу болып табылады.
Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқұм, Жамантоғай, Төре-
байтүмсық корымдары зерттелді27. Сол кездегі отырар-каратау, жетіасар
мәдениеттеріне жататын баска зираттардағы сияқты, еліктер киімімен, жеке
пайдаланатын заттарымен коса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су
күйылған керамика ьщыстар бірге салынган. Еркектердің каоірлерінен кару-
жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің үштары, садактардың сүйек-
тен жасалған бастырмалары), әйелдердің кабірлерінен көбінесе әшекей
заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген калакшалар табыл
ды28. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жа-
салған талдау кабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдыктың
бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді.
Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен,
Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу қүрылыстарының алуан
түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) каласының орны маңы-
ндағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың озі
біздің заманымыздағы I мыңжылдыктың бірінші жартысында пайда бо
лган29. Оның шығыс жағында келемді зират орналасқан. Төбесі тапталып,
опырылып қалған сопақша төбеге казу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі
2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5
метрге дейінгі тереңдікте жаткан кабірлер бар екені анықталды. Негізінен
өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнкырларына жерленген. Шүңкыр-
дың төменгі жағына шикі кірпіш каланған, сағаналар да шикі кірпішпен
281
жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда ке
рамика ыдыстарға жерлеу аиыкталды. Негізінен, бұлар — балалар, жасөспі-
рімдер. Ал ересектер кабір шұңкырының түбіне, киімімен, жеке керек-
жарақ заттарымен (сәндік заттар, қару) косып жерленіп, керамика ыдыс-
тарға (күмыраларға, саптыаяқтарға) тамак салып, су құйып койған. Жер
леу ғұрпы мен коса салынған күрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыр-
төбе қорымының аршылған кабірлерінің негізгі бөлігін отырыкшы кангюй
тайпалары мәдениетінің соңғы кезеніне жаткызуға және оның мерзімін
біздің заманымыздағы III—Уғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді.
Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мындаған жерлеу қүры-
лыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жер-
ге кему және сағаналарға жатады. Олардын, көпшілік бөлігі — оба астын-
дағы жерден қазылған шұнкырлар. Обанын айналасынан кішкене ор казы-
лғаны аңғарылады. Қабір шұңқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік баш -
тына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған
төсенішке үзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақы-
тқа салынған. Қасына 2—3 керамика ыдыс койылған. Еркектердін қабірінен
әдетте пышактар, семсерлер, сүйектен жасалган бастырмалары бар күрделі
садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің кабірлерінде кола айналар, кабы-
ршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі.
Жетіасардағы кабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табыла
ды. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді
етіп жабылған. Тікбүрышты камераның (орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-
үш кабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киіз-
ге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамак салып, су
күйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де
жер астындағы сиякты, бірақ олар күйдірілген кесектен каланған аласа цо-
коль-стилобаттарға тұрғызылып, сірә, олар да оба үйіліп жабылса керек.
Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабі-
рлер жетіасар мәдениетінің бүкіл бойыніа болған, ал сағаналардың пайда
болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы II—IV ғасырларға
жатады деген корытындыға келуге негіз береді30.
Бұл орайда жерден қазылған кабірлер мен сағаналарға жерленгендер
арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялык елеулі
айырмашылықтар байқалмайды.
3. ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОЛӨНЕР, САУДА
Кангюй мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшаф-
тық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған.
Мүнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары,
кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шелдер де бар еді. Накты шағын
аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің
непзгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудан-
дар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен,
шаруашылыктын, белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хо-
резмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі
және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен
282
1
г ~ г
'
1
' ч
^
Сонгы кангюй обаларынан табылған олжалар: 1, 2, 3, 5, 6 - Қоңыртөбе (Отырар жазирасы), 7, 8, 9 - Чоң қақпа (Талас өңірі), 4 -
К,оңыртөбеден кездейсок табылған олжа, 1—7, 9 — кола, 8 — алтын.
қалалар калыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен
суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік кұрылым шең-
берінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылык бағыттары-
нын өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір
болатын.
Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылык кызметі қарапайым сулан-
дыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы
ғасырлардың езінде-ак, мысалы, Ш ыршык өзенінің оң жағалауында ірі Зах
каналы (20 шақырым) казылды, ал сол жағалауында Ханарык каналы тар-
тылды.
Жетіасар алкабында тұрақты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғ-
андарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін
пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды31. Көк-Мардан алқа-
бындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында
топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суланды
ру үшін пайдаланылғанын керсетті, олардан егістіктер мен бакшаларға су
ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер
мен олардың төңіректерінің аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арық-
тардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің калдыктары аңғарылды. Кан-
гюйдің қазылған коныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен
дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) калдыктары, бақша дақылдары
(кауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән-
сүйектері табылды.
Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан кор сақтауға арна-
лған үлкен кыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра- шұңқырлар
қазылған. Мәдениқабатга, түрғын үйлердің қираған жұртындадәнүккіштер,
тас диірмендер мен келілер көп. Түрғын үйлер жанында малды коршауда
ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдьщ негізгі бөлігі, сірә,
қоныстан тыс жерде, ұжымдыктабында үсталса керек. Кангюйлердін коны-
старын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың
ішінде ең көбі қойдың, сиырдьщ, ешкінін, жылқынын сүйектері. Палео-
зоологтар елік, таутеке, аркар, киі:;, марал, кабан сиякты жабайы жануар-
лардьщсүйектерін де бөліп керсетеді. Баскасын былай койғанда, мүйіздер-
ден әр түрлі бүйымдар жасалған. Үйрек, каз, бірқазан сияқты суда жүзетін
қүстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен
қабы рш -
ақтарыньщ табылуы дәлелдейді. Балықты с үңгімен тұйреп, басқа да әр турлі
құралдармен аулаған.
Тегінде, мемлекеттің бидеуші тандаулы адамдары, кейініректе Орталык
Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларынын
көшпелі түрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса
керек. Осыған байланысты қытай хроникаларының кангюйлер билеуші-
лерінің жазғы және қысқы ордаларының эр жерде орналасқанын, олар-
дың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала
кетейік.
Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына ете ертеден бас
тап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән
екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ес-
кере келіп, кангюйдің қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта бол
са, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жаткан Орталык Казак-
284
стан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау эбден орынды болады32.
Қолөнер. Кангюйлердің қалалары мен коныстары жергілікті базарлар-
ды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айна-
лады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше коп табыл
ды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі кажеттерді камтамасыз ететін ыдыс-
тардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамак
дайындау үшін пайдаланылған. Сұйықты тасу және сактау үшін тұтқалы
кұмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге казып орнатылған үлкен ыдыс
тар - көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін саптыа-
яқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдеттегі бұйымдар ішінде зор
көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі.
Мысалы, түтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған какпак сондай бүйым.
Ол жануардың тұмсығы деңес, күлақтары тік әрі шұнак,сауыры шөп корек-
тілерге тән, қысқа кұйрығы жоғары кайрылған.
Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайын
дау ісінде кыш үршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып түратын
тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын
жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып орнектеу колданылған.
Күйдіру кобінесе кыш күйдіретін пештерде жүзегё асырылды. Жалпы алған-
да, зертгеушілер Сырдариядағы керамика ендірісінің әдеттен тыс карап-
айымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Кангюйлер заманындағы
корымдар мен коныстардан алуан түрлі металл бүйымдардың табылуы
жергілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығанын корсетеді. Кангюй
үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш — Илак аймағы-
ндағы қоныстар мен қалалар болды. Нак сол кезде осында, тауларда,
жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс
ендеудамиды. Алдыңғы қалалықірі металлургия орталықтарының бірі кир-
аған Құлата каласының орнындағы қала болған. Оның келемі 50 гектарға
жеткен, металлургия ендірісінің іздері айқын сакталған33.
Әдетте күрамы бай кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашык
өңірлер мен аралас топырақты ендеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бер-
генімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кенді балқыту, байыту, тегінде,
кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, төрт
бүрышты пештер де пайдаланылған34.
Металл бұйымдардың кұрамы мен шеберханалардың қалдыктары ме-
таллургияның түрлі салалары - темір ұсталығы, кола құю, зергерлік істің
дамығанын дәлелдейді. Шеберханалардың өніміне корғаныс және шабуыл
жасау қарулары, ат әбзелдерінің белшектері, ауыл шаруашылық күралд-
ары, темірден соғылған бүйымдар кірген.
Кангюйлердің кабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар,
жебелердің ұштары, сауыт табақшалары табылады. Темір тағалар, шегелер,
ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар — сырғалар, алка-
лар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады.
Әдетте кангюйлер қоныстарының кабаттарынан сүйектен ою оятын
коленер іздері табылады. Қолөнершінің үйі жанындағы қоқыс тегілетін
шұңқырлардан айыр тұяқтылардың өнделген (арамен кескен, тескен) іздері
бар мүйіздері қалдықтар түрінде екінің бірінде кездеседі. Сүйектен пышак-
тың, канжар мен семсердін саптары істелген. Канжарлардың қындарына,
әр түрлі кобдишалардың, кұтылардың сыртына сүйек табақшалары салы-
Достарыңызбен бөлісу: |