Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76

4 16

және  әр  түрлі  аймақтар  арасындағы  өзара  байланыстарды  өзгертпеді. 

Жергілікті жерлерде билік басында осында бұрын билік еткен әулеттердің 

өкілдері  отырды.  Орын  алып  келген  талас-тартыстар  сарыны  жойылмай, 

кайта күшейе түсті, өйткені  «Түркістан патшалары», Ж үзжанидың айтуы- 

нша,  қаракытайлардың  көмегімен  бір-бірін  «бағындыру  және  талқандау» 

әрекеттерін  жалғастыра  берді75.  Үдайы  жанжалдармен  өздерін  титықтата 

отырып,  қаракытай  әскерлерін  ұстауға  мол  сыйлықтар  беруде  шаш-етек- 

тен шығындарға ұшырап, жаулап алушыларға алым төлеп, жергілікті биле- 

ушілер өздерінің үлестерін болшектеуді күшейтті, ал мұны гурхандар бел­

сене қолдап отырды. Осының салдарынан қарақытай иеліктерініңқұрамы- 

на кіретін Қазакстан мен Орта Азия аймақтары, сондай-ак гурхандарға вас- 

салдык  тәуелділікті  мойындаған  бірлестіктер  шаруашылык  ж әне  саяси 

жағынан әлсіреді. Жетісуда, Мауараннахрда, Ферғанада бір мезгілде бірне- 

ше ұсақ ж әне ірі мәліктер мен сүлтандар  биледі76.

Іле  алқабы  мен  М ауараннахрдың  карлұктары,  Бесбалық  үйғырлары, 

Самарқандтағы  соңғы  Қарахандар  іс  жүзінде  өздерінен  алым  жинайтын 

гурхан  билеушілерінің  басқаруында  болды.  Қарақытай  шонжарларының 

басқаруы  үлкен  ауыртпалыққа  ұшыратты,  ал  олардың  қысым  жасауы, 

әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары наразылықтуғы- 

зды77.  Ибн  әл-Асир  былай деп  атап  көрсетеді:  «карақытайлар»  Түркістан 

мен  Мауараннахр  елінде тұрды  ж әне  олардың халқын  ауыр  езгіге  салды. 

Олардың әрбір халада билеушісі (болды), ол каракытайларға ақша жеткізіп 

беріп тұрды78.

Хорезмде алымдар  мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жина- 

ушылары79 мезгіл-мезгіл жинап алып отырды,  басқа аудандарда алым  ж и­

нау мен оны қарақытайлардың астанасына жеткізу кұкығы жергілікті фео- 

далдарға берілді80.

Империяның  жариялануына дейін  өздерінен  де  күшті  болған  намест- 

никтер институтына сүйене отырып, қарақытай көсемдері өздерінің әулег 

меншігі ретінде үлесті жерлерді иемденуге талаптана қоймады. Кекбір өлке- 

лердің, мәселен Тараздың наместниктері кейін келе толық билік жүргізген 

әміршілерге айналып алды81.

Санжар сұлтанды жеңгеннен кейін гурхан Баласағұн түбінде  Ғұз-орда- 

да өз ордасын кұрды.  Үйғыр кепестері Жетісуды Чуғал (Ж ікіл) деп агады. 

Деректемелерде хабарланғанындай, оның тұрғындары бейбіт, егіншілікпен 

айналысады,  билеушінің пайдасына  оннан  бір  үлес  төлейді,  ал  гурхан  ор- 

дасының орасан кендігі  соншалык, оны аралап шығу үшін  жарты күн ке­

рек болады82.

Қаракытай мемлекеттік бірлестігінің калыптасуымен бірге басқарудың 

патриархатгық-феодалдыкпринциптері орнығып, нығая берді. Алайда жоға- 

рғы  билікті  мүраға  қаддыру  жүйесі  өзіндік  сипат  алды;  гурханға,  әдетте, 

бүл  да  гурхан  атағын  алатын  әйел  мұрагер  болды.  М ұның  өзі  жергілікті 

мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Бұл дәстүрді 

айыптау  Ш ығыс  авторларының  шығармаларынан  керініс  тапты83.  Мұра- 

герліктің  мұндай  принципінің  болу  себебі  мынада  еді:  қарақытайлардьщ 

әулеттік одағы некелесетін ер ж әне әйел ру-фратриялардан, император руы 

мен  император  әйел  руының  екі  ру-фратриясынан  тұратын,  сондықтан 

олардың  екеуінің де  бірдей дәрежеде  гурхан тағына отыруға қүқығы бол­

ды. Осыдан «алмасып мұраға алу» келіп шықты, оның мәнісі екі рулас әулет

14 -  Қазақстан тарихы,  т. 1 

». 7


топтары  өкілдерінің арасында билікті  бөлуде  емес,  одан да  гөрі  өздерінің 

соңындағы  генеалогиялық ортақтығымен  байланысты  көшпелі  тайпалар- 

' дың  арасында  белгілі  бір  әскери-саяси  тепе-тендікті  орнықтыруда  бола­

тын84.


Елюй Даши  1143 жылы өлді де, билік  гурханның жесірі Табуянға көшті, 

ал  жеті  жыл  өткен  соң баскару тізгінін  Иле  алды.  Оның тұсында тұңғыш 

рет халық санағы жүргізілді. 84 мың отбасы жазылды, бұл, тегінде, Сырда­

рия мен Еміл арасын мекендеген көшпелілердің саны болса керек. Қарақы- 

тайлардың бүкіл өмір салты даланың тұрмыс белгілерін сақтады85.  Иленің 

патшалық қүруы  13 жылға созылды, ол өлгеннен кейін 1155 жылы тақ Елюй 

Дашидың  карындасы  Бұсұғанға  берілді.  Оның  мұрагері  Чжилугу  болып, 

ол  1169 жылдан бастап шамамен  1203  немесе  1214 жылға дейін  патшалық 

кұрды.  Қарақытай мемлекетінің тарихындағы  жаңа кезең соның есімімен 

байланысты.  Бөлш ектену  үрдісі  карақы тай  әскербасы лары ны ң  шын 

мәнінде  автономиялы  наместниктерге  айналуына  әкеліп  соққан  еді.  Гур- 

ханның атынан әрекет жасай отырып, олар іс жүзінде әбден дербес болды 

да, оған тек алым жіберіп тұрумен шектелді.

Шынына келгенде, гурханның биледі деген аты ғана болды.

Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар. XII ғасырдың орта шенінен 

бастап карақытайлар өздерінің салық саясатын айтарлыктай өзгертіп, ашык 

тонауға көшті, бейбіт қоныстарға шапкыншылық жасады, «өлтірді, тұтқы- 

нға алды, тонады жоне есепсіз көп адамды колға түсірді»86.

Жетісу  мен  Мауараннахрдағы  карақытайлардың  жағдайы  феодалдық 

кыркыстардың созылуынан  әлі де  біраз  уақыт  біршама берік  болып  қала 

берді.  Мәселен,  отырыкшы  халықтан  салықтар  алуға  мүдцелі  карлүқтар 

өздерімен бәсекелесуші Самарканд тамғаш-ханы (1156) ықпалынан уакыт- 

ша құтылды. Гурхан бүған дереу араласып, озінің қолшоқпары Жағры-ха- 

нға  қарлүқтар  «қару-жарак  асынуын  қойып,  егіншілікпен  айналысатын 

болсын» деп,  оларды  Самарканд пен  Бұхарадан  көшіруге  бұйрық берді87. 

Самаркандтан аттанған карлұк атты әскері жол бойында кездескеннін ■' эрін 

«тонап, қырып жоя отырып», Бұхара жағына бет алды, бірақ қантөгіс ұры- 

ста оны қарақытай әскерлері тас-талқан етті. К еп ұзамай гурхан Балкыдан 

айрылды, оның билеушісі жыл сайын харадж (жер салығын) беріп тұратын 

еді.  1198 жылдың сәуір-мамыр айларында Хорасан мен Орта Азияның оны- 

мен шекаралас аймактарын басып алуға ұмтылған Ауғанстан жерінен шыкк- 

ан гурид билеушілері карақытайларға күйрете соққы берді.

Іле-шала гурханның кол астынан құтылуға тырысқан Хорезм де қаракы- 

тайларға қарсы күреске  шықты.  Гуридтерге  қарсы күресте оньт қолдаудан 

бас тартқан хорезмшах Бұхараны қоршап, содан сон, басып алды.  1205 жылы 

жазда қарақытайлар Термезден кетті, осыдан кейін олардың вассалдары — 

Самарканд пен  Бүхара билеушілері  — гурханға карсы күресте  Хорезммен 

одақтасу  амалын  іздестіре  бастады.  Мауараннахр  Үзкентке  дейін  дерлік 

осындағьі «әрбір қала мен әрбір өлкені» алған және өздерінің наместник- 

терін қойған хорезмдіктердің қолында калды.  Тараз да Хорезмге  біршама 

тәуелді болып қалса керек. Жергілікті жасактың  1210 жылы талқандалып, 

тұтқынға алынған қолбасшысы  символды  түрде  таққа  отырғызылып,  Хо­

резмге жіберілді.

Алайда,  Самарқандта  түбегейлі  өзгерістер  бола  қоймады.  Ол  былай 

тұрсын,  хорезмшах  «бәрі де  кытайлар  белгілегендей  болсын» деп  ондағы

418


сұлтанды арнайы  наместникпен  бірге  Самаркандка сый-сыяпатпен аттан- 

дырып салды88.

Гурханның Іле алқабындағы (Қойлық ж әне Алмалык) өз вассалдары — 

қарлұқ билеушілерімен қатынасы шиеленісе түсті.  Ол Ғұз-ордадан  Қашғ- 

арға көшуге  мәжбүр болды89.

Көп кешікпей найман тайпаларының күшті конфедерациясымен одақ- 

тасқан карлұктар Қашғар шегінде қаракытайлардың ең соңғы гурханы Чжи- 

лугуді қолға түсірді. Қарақытайлардың иеліктері біржолата наймандардың 

қолбасшысы Күшліктің қолына көшті.

4. ҚЫ ПШ АҚТАР

XI ғасырдың басында бұрынғы кимек,  қыпшақ ж әне  куман тайпалары 

қоныстанған аумакта әскери-саяси үстемдік қыпш ақ хандарының колына 

көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары 

оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі 

оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Ш ығыс Европа мемлекетімен тікелей бел- 

сенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.

XI  ғасырдың екінші  ширегінде  қыпшақтардың  әскери-тайпалық шон­

жарлары Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Кас­

пий еңірі далаларынан огыз жабғуларын ығыстыруына  экономикалық та, 

саяси себептер де  болған  еді.  Саяси фактор  ең алдымен  XI ғасырдың  бас 

кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан 

сыртқы  оқиғаларға  байланысты  болатын.  Сонымен  бірге  қыпшактардың 

өзін-езі  билеуге ж әне  өз мемлекетін кұруға ұмтылған әулеттік топтардың 

орталықтан  аулақтау  сарынының  маңызы  аз  болған  жок-  XI  ғасырдың 

бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, 

жайылымдык жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен катар Еділ бойы, 

Үстірт және Сырдариян лң төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сау-: 

да жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Европа- 

мен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының 

бірі ретінде мейлінше кажетті  болатын.

Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға 

таралуына  байланысты  этникалык-саяси  жағдайдың  өзгеруіне  карай  XI 

ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (М афазат әл-гузз) деген 

атаудың орнына  «Қыпшақтар  даласы»  (Дешті  Кыпшақ)  деген  атау  пайда 

болды90. Маңғыстауды, сондай- ақоған  жапсарлас жатқан аймақтарды қар- 

атып  алған қыпшақтар  Хорезмнің солтүстік шегіне  жакындап  келді.  Сол 

аркылы  қыпшақтардың саяси  ықпалы  едәуір  кеңейді.  XI  ғасырдың орта- 

сында кумандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба ж әне бұржоғлы 

руларының қоластындағы қыпш ак тайпаларының үлкен топтары оңтүстік 

°рыс  ж әне  Қара теңіз  өңірі далалары  мен  Византия  ш екараларына дейін 

қоныс аударды. Осьі оқиғалардың нәтижесінде қыпш ақ тайпаларының жері 

этно-аумақтық  екі  бірлестікке:  Еділ  езені  бөліп  жатқан  Ш ығыс  кыпшақ 

және Батыс қыпш ақ бірлестіктеріне белінді. Қазіргі Қазақстан аумағынын 

көп бөлігі Ш ығыс қыпш ақ үлысы ханының билігінде болды.

Қыпш ақ ақсүйектерінің шығыс Дешті Қы пш ақ тайпалары қоныстанған 

аумақты едәуір кеңейтуіне мүмкіндік  берген XI ғасырдың бірінші жарты-



419

сындағы каулаған қауырт окиғалар Сырдариядағы оғыздар державасымен, 

Орта  Азиядағы  салжұқтар,  хорезмшахтар  және  карахандар  әулеттерімен 

соғыстарға және кактығыстарға әкеп сокты. Сыртқы кауіпсіздікті камтам- 

асыз ету кажеттігі де рөл атқарып, ол кыпшактар мемлекетінің кұрылуына 

объективті себеп болды.

Ғ ылыми әдебиетте қыпшақтарда мемлекет болу проблемасына екі көзқа- 

рас  бар.  Олардың  біріншісін  жактаушылар  кыпшақтарда  бір  жағдайда  — 

бұрынғы мемлекеттік күрылым91 ретінде, ал екінші жағдайда, атап айтқан- 

да,  хорезмшахтардың  мәдени  ықпалы  барысында  кыпшақтардың  мемле- 

кеттік дәстүр  элементтерін  игеруі92  ретінде  қарастырылатын  мемлекеттік 

болған деп санауға бейім.

Екінші  пікір  бойынша,  мемлекеттің  болу  мүмкіндігінін  өзі  бекерге 

шығарылады93. Мәселен, кыпшақтардың саяси құрылысы Үлы Далаға мем- 

лекетсіз  үйренісудің  үлгісі  ретінде  аныкталады94.  Алайда,  екі  жақтың  да 

көзқарасындағы айтарлықтай олкылық проблеманы кимектер  мен кыпш­

актар арасындағы сабактастык байланыстар түрғысынан карастыруды ұна- 

тпаушылық болды.  Айта  кетелік,  мүндай мүмкіндік кимектерде  мемлекет 

болғаны  анықталғаннан  кейін  ғана  туды95.  Ж азбаша  деректемелердін 

мәліметтері кыпшактарды Кимектер мемлекетінің толық құкылы мүрагер- 

лері болған деп санауға мүмкіндік береді.

Қыпшак хандығының саяси  негіздері  кыпшақ және  куман тайпалары- 

ның едәуір топтарының шығыс Дешті  Қыпшақта орталықтан аулақтау ни- 

еттерімен жасаған коныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір 

нығайды.


XI  ғасырдың  екінші  жартысынан  XII  ғасырдың  бірінші  үштен  біріне 

дейін кыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байка- 

лады, солардың ішінен деректемелерде ең елеулі екі билеуші — «құдіретті» 

билеуші және «ең үлкен кұрметке ие патша» бөліп айтылады.

Бүл  айтылғандар  қыпшақтардың  этно-әлеуметтік  қауымында  ерекше 

ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік бе- 

реді.

Қыпшақ хандарының билігі  әкесінен баласына  мұраға калып отырған. 



Елберілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- 

жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшак ханының әл-еуметтік руы 

туралы мынадай қүнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазакстан аумағы- 

нан  Үндістанға  монғолдардан  кашып  барған  «(ұлы)ханның  аскан  ұлы 

үлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде 

белгілі болды96.  «Үлық-ханның әкесі де,  — деп жазады одан  әрі Джузджа- 

ни, — Елбөрі  тайпасының арасында күшті  кісі болған  ж әне хан  атағымен 

аталған»97,  ал  оның  атасы  Елбөрі  Абар-ханның  үрпағы  саналады.  Демек, 

Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялык 

негізін калаушьщан басқа ешкім де емес.

Осыған  байланысты  Махмуд  Кашғаридың  кыпшақтар  арасындағы Та- 

бар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан 

жөнінде ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді.  Ал барлық жағынан 

алып  карағанда,  Табар-хан  мен  Абар-хан  бір-ақ  адам.  Осыны  негізге  ала 

огырып,  Табар-хан  (немесе  Абар-хан)  XI—XIII  ғасырдың  басындағы  Қы- 

пшак хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.

Орда деп  аталған  хан  ордасында  ханның мал-мүлкі  мен хан  армиясын

420


басқарған ханның баскару  аппараты орналасты.  Әскери-әкімшілік жағы- 

нан  Қыпш ак  хандары  ертедегі  түріктердің дәстүрлерін  ұстанып,  екі  кан- 

атка: ордасы Ж айык өзенінде, Сарайшық каласы орнында орналасуы ықти- 

мал  оң  канатка  және  ордасы  Сығанақ  каласында  (Сырдарияда)  орнала­

скан  сол  канатка  болінді98.  Неғұрлым  күштісі  он  канат  болды.  Дұрысына 

келгенде,  хандыктың  орталығы  Торғай далаларында  болса  керек.  Әскери 

үйым мен әскери-әкімшілік баскару жүйелеріне ерекше мән берілді, ейткені 

олар көшпелі тұрмыстың ерекшелігін корсетті ж әне көшпелі тіршілік әдісі 

үшін ең табиғи ж эне колайлы  болды.

Үстемдік  еткен  ақсүйек  топтарының  катаң  иерархиялық  жүйесі  (хан­

дар, тархандар,  югурлар,  баскақтар,  бектер,  байлар)  айкын көрсетілді,  со­

нымен катар рулар мен тайпалар да оздерінің әлеуметтік маңызы жағынан 

бөлінді.  Орталык Азияның кешпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалар- 

дың қатаң иерархиясы коғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі прин­

цип!  болды.

Қыпшак хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, аксүйектер көршілес 

және  алыстағы  елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды.  Ж азба де- 

ректерде  кытай,  үнді,  үйғыр  ғүламалары  мен  данышпандары  катарында, 

кыпшактан  шыккан  окымыстылар да  аталады.  Кыпшактардың  мұсылман 

дініне  тартылуы  олардың  мәдени-әлеуметтік дамуының  жоғары деңгейін 

көрсетеді.

Кыпшақ көшпелі коғамы өркениетінің озіндік ерекшелігі — оларда бай- 

ланыс желісінің оте жетілдірілгендігі  болып табылады.  Кыпшақтар елінде 

қолданылған коммуникациялык байланыстар жүйесі сол кездің «техника- 



лык»  прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін.  Осыған байланыс­

ты XI—XIII ғасырдың басындағы кыпшақгардың этникалықаумағының кең- 

байтақ кеңістігі  олардың қоғамының  коммуникациялык  мүмкіндіктеріне 

сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.

Қыпш ак коғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тец болған жок. 

Негізгі  теңсіздік  малға  жеке  меншік  еді.  Жылкы  басты  байлык  саналды. 

Орта ғасырлардағы авторлардың хабарлағанындай, кыпшақтар елінде көпте- 

ген  адамдар  бірнеше  мың  жылқы,  ал  олардың  кейбіреулері  он  мың  ж әне 

одан да көп үйірлі жылкыны иеленген100.

Қыпш ак тайпаларының кошіп-конуы тез малшы топтары жүздеген, ал 

кейде  мыңнан  да  астам  шақырым  жерге  көшіп  жүрді.  Олардың  кошетін 

аумағы тарихи дәстүрлерге, байлык дәрежесіне ж әне табиғат жағдайлары- 

ның сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны 

мен  кеш у  жолдары,  сан  ғасырлық тәжірибе  ұрпақтардың  бойында  калы- 

птасты. Осыған байланысты «отан» (этникалык аумак) ұғымына «жайылым- 

дық жер», «жайлау»  ж әне  «кыстау»  үғымдары  арқылы ой  жүгіртуге бола­

ды. Тұракты кеш у жодцарын елеулі экономикалык, әлеуметтік немесе саяси 

себептер ғана өзгерте алатын. Кешу жолдары мен жайылымдарды бөлу коға- 

мның қалыпты тіршілігін камтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің 

негізгі шарты болды. Мал үрлау қатаң жазаланды, дағдылы кұкықтың (тере) 

орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Ж еке меншіктегі 

малға  рулық-тайпалық белгілер  (таңбалар)  салынды.  Малынан  айрылған, 

демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін кауым м үшесі отырыкшы тұрғын- 

дар-жатактар (ятұктар) катарына өтті.  Кедей ятұктар жеткілікті мөлшерде 

мал  пайда  болысымен-ақ,  ол  қайтадан  кеш пелі  шаруашылыкка  ауысып

421


отырды. Қыпш ак коғамында ең кұкықсыз топ соғыс тұткындары есебінен 

толықтырылып  отыратын  құлдар  болды.  Этникалык  аумак  шептерінің 

көптеген ерекшеліктерін басқа халықтармен этникадык-саяси қарым-қаты- 

настар  анықтады.  Қыпш ак хандары  Орта  Азия  мемлекеттерімен,  әсіресе 

хорезмшахтармен  ерекше  табанды  күрес  жүргізді.  Егемендікті тану,  әде- 

тте, вассалдардың билеушілерге ададдыкка ант беріп, алым төлеуінен, оньщ 

соғыс  ж оры ктары на  е з  қолдарымен  қаты суы нан  көрінді,  Салжұктар 

әскерінің құрамы көбінесе қыпшак көсемдері  бастаған тайпалық топтар- 

мен толықтырылып отырды.

XI 


ғасырдын  екінші  ширегінде  хорезмшахтар  салжұқтардың  өктемді- 

гіне карсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер колдарын қы- 

зметке кең көлемде тартты.  1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арс­

лан  хорезмшахтарды  бағындырып,  қыпшақтарға  қарсы  Маңғыстауға  жо- 

рық жасады, онда кыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қы- 

пшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақтайпа- 

сына  шабуыл  жасап,  олардың  30  мындық әскерін  талкандады101.  Осьщан 

кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға ж оры к жасады.  Осы  соғыс  на- 

уканының нәтижесінде  кыпшақ тайпаларының  бір  бөлігі  уақытша Хора­

сан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Сірә, осы тайталастар барысында кы- 

пшақтар оғыз-салжүктардың алкабұлақтайпасын тұткынға алса керек, бірак 

соңғылары, Махмұд Қашғаридың айтуынша, олардан құдайдың көмегімен 

күтылып кеткен102.

XI 


ғасырдың  сонғы  ш ирегінің  аяғында  М аңғыстауда  ж әне  Каспий 

теңізінің шығыс  жағалауында бүрынғысынша кыпшақтар  билік жүргізді, 

оларға оғыз және түрікмен тайпаларының жекелеген топтары саяси жағы- 

нан тәуелді болды.  1096 жылы «кұдіретті» хан бастаған қыпшак бірлестігінің 

тайпалары Хорезмге жорык жасады. Алайда хорезмшахтардьщ қамқоршы- 

лары салжұктар оларды Маңғыстауға кайтуға мәжбүр етті.

Махмұд Қашғаридың жанама мәліметтеріне қарағанда, кыпшактардың 

әскери-көшпелі шонжарлары карахандар әулетінің билеушілерімен саяси 

жағынан күрделі өзара катынастарда болған.  Қарахандар кыпшақ ұлысы- 

ның шығыс шектеріне  жорыктар жасады, ал кимектер Ертіожағалауынан 

Жетісудағы  түріктердің  мүсылман  державасына  шапқыншылык  жасады. 

Қыпшак хандары  өз  жерінің  оңтүстік-батысында,  Тараз  аймағында  Кар­

ахандар мемлекетімен шекаралық мекен ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін 

садды.


XI 

ғасырдың аяғында Жент,  Ж анкент  жөне төменгі  Сырдарияның ба­

ска да қалалары қыпшак көсемдерінің қолында кала берді. Алайда XII ғасы- 

рдың  бірінші  жартысында  бұл  аймақ  кыпш ак хандары  мен  оны  кайткен 

күнде де  иеленуге тырысқан  Орта  Азияның  мұсылман  әулетгері  арасын- 

дағы табан тірескен  күрес  өңіріне  айналды.  Кутб  ад-дин  Мұхаммед биле- 

ген  кезеңде  (1097—1127)  қыпш ақтар  хорезмш ахқа  пәрменді  қарсылық 

көрсетіп,  теменгі  Сырдария  мен  Арал  ж әне  Каспий теңіздері  аралығьш- 

дағы далалык жерлерді ездеріне сақтап қалды. Қыпшақ билеушілері Мүхам- 

медтің  мұрагері,  үлы  Атсызды  (1127—1156)  күшті  де  алғыр  қарсылас  деп 

білді.  Хорезмшах билігінің алғашқы кезінде  Санжарға адал бодан  болып 

кала берді.  Сол екі арада, көп кешікпей ол өзінің бүкіл ой-ниетін ең алды- 

мен  шектес  жаткан  кыпшақ  тайпаларын  бағындыру  арқылы  өз  билігіі 

күшейтуге  бағытгады.  Исламды  таратуды  желеу  еткен  хорезмшах  Атсы



422

Жентке жорык жасап, оны жаулап алды да, сонан соң солтүстікке аттанып, 

Маңғыстауды өз иеліктеріне  косты.

Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорыктар жасай отырып, хорезмшах 

Атсыз  1133  жылы  «дінсіздер  арасында  зор  кұрметке  ие  болған»103қыпшақ 

ханын женді. Деректемелер жоғарғы қыпшак ханының байырғы өз ұлысы 

шегінде алғаш  рет ірі  жеңіліске ұшырауының себептері туралы  ешкандай 

қосымша мәліметтер келтірмейді. Ш ынына келгенде, қыпшақ хандығының 

бытыраңкылығы сол кезден (XII ғасырдын екінші жартысынан) басталып, 

күшейе  түседі,  оны  біркатар  себептер  туғызды,  олардың  негізгілері:  кы- 

пшақ тайпалары  арасында,  ең  алдымен  олардың ақсүйек  топтарында  Хо- 

резмді  жақтайтын  бағдардың  қалыптасуы,  каңлылардың  ірі  бірлестігінің 

күрылуы,  билік  жолындағы  әулеттік  әзара  кырқысқан  күрестің  күшеюі 

болды.

Атсыздың дербестікке үмтылудан туған тәуелсіз қимылдарына Санжар 



ескерту жасап, Хорезмге жорық ашты және хорезмшахты өзіне бағынған- 

дығын білдіруге мәжбүр етті.  Жазбаша деректемелердің хабарлауына 



Кар­

аганда, қыпшақтардың әскери-аксүйек шонжарлары  1145—1152 жылдарда 

Атсызға Жентті үш рет беруге мәжбүр болған. Хорезмшах Жентті «әлемнін 

ең басты жері және исламның аса ұлы шекаралык шет аймағы»104 деп білді, 

сондықтан бұл каланы иеленуге ерекше мән берілді. Жент пен Маңғыстау- 

ды ез иеліктеріне косу аркылы ол кершілес көшпелі тайпаларды Хорезмге 

тәуелді  етті.  Атсыз  өзінің  үлкен  ұлы  Әл-Арсланды  Жентке  билеуші  етіп 

тағайындады.

XII 

ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап,  әсіресе  Текеш  билік  күрған 



дәуірде (1172—1200) қыпшак шонжарларымен жақындасуға нысаналы сая- 

сат жүргізідді.  Қыпшактардың, қаңлылардын, кимектердің тайпалық топ- 

тарының  басшыларын  хорезмшахтар  қызметке  тарта  бастады.  Қыпш ак 

бірлестігі  мен  хорезмшахтар  әулетінің  билеуші  шонжарлары  бір-бірімен 

туыстық байланыстар орнатты.  Қыпшақ ханы Ж анкеші  озінің кызы Тер- 

кен-қатынды  хорезмшах  Текешке  берді.  Ортә  ғасырлардағы  катынастар 

дәстүрлеріне сәйкес, түрлі деңгейлердегі этникааралык байланыстарда «та- 

тулық пен туыстық одағы» сияқты касиеттердін ерекше зор маңызы болды. 

Олар  екі  жакты қоғамдык-саяси қолдаудан көрінген нақты ж әне кебінесе 

тығыз байланыстардың түтас жүйесін туғызды. 

»

Үран  тайпасының  көсемі  Алып  Кара  бастаған  қыпшақтар  1181  жылы 



Женттің шекарасына келіп, хорезмшахқа қызмет етуге тілек білдірді. Алып 

Қара өз ниетінің шын екенін дәлелдеу үшін үлкен ұлы Қыранды оғландар- 

мен (бектердің балаларымен) бірге хорезмшахқа қызмет ету үшін Гурганд- 

жға  жіберді.  Текеш жіберілген  адамдарды лайықты қарсы  алып,  Қыранға 

өз қызын ұзатады. Көп кешікпей Текештің үлы М әлік-ш ах пен Алып Қар- 

аның  біріккен  әскерлері  қарақытайларға  карсы  аттанды.  Осы  бірлескен 

кимылдардың нәтижесінде Таразға дейінгі жер азат етілді. Текеш Иран мен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет