2
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте математиканы оқыту
әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмҧны
Арнайы мектептің негізгі міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі
бар оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі және эмоциядық-ерік
аясындағы кемшіліктерді мүмкіндігінше жеңу, оларды кәсіби еңбекке
даярлау, заманауи қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу.
Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқытудың міндеттерін
анықтау барысында аталмыш міндеттерді негізге алу қажет. Математика
– арнайы мектептегі негізгі жалпы білім беретін міндеттердің бірі.
Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін
міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті
ӛмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру
стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып
саналады. Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы
мақсаттарға жетуді кӛздейді:
аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуника-
тивтік іс-әрекетіне, ӛздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-
ақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық байланысты жалпы
10
адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға
ретінде қалыптастыру;
оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын
дамыту;
меңгерген математикалық білімдерін ӛмірде қолдануға жан-
жақты дайындауды жүзеге асыру.
Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы
міндеттері айқындалады:
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын
және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік
туғызу;
математиканы қоршаған болмысты танып білуге кӛмектесетін
ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және
қалыптастыру;
оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен
және ересек адамдармен ӛзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену.
Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда
ерекше қажеттіліктері бар оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды
игеруді қажет:
-
натурал сан, нӛл , натурал сандар қатарлары мен олардың
негізігі қасиеттері туралы, жай және ондық бӛлшектер туралы
ұғымдарды;
-
негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы,
бағасы, денелердің кӛлемі мен сыйымдылығы, уақыт, фигуралар
ауданы), шамаларды ӛлшеу бірліктері және олардың арасалмақтығы
тураалы түсініктерді;
-
метрлік ӛлшем жүйесін, уақыт ӛлшемдерін білу және оларды
тәжірибе жүзінде қолдануды;
-
қарапайым ӛлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды
қолдана білу іскерлігін (сызғыш, сағат, таразы, ӛлшем ыдыстары және
т.б);
-
бүтін (кӛптаңбалы) және бӛлшек сандармен негізі тӛрт
арифметикалық амалдарды орындай білуді;
-
жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық
есептерді шешу іскерлігі;
-
жазықтық және кӛлемді геометриялық фигуралар туралы
түсініктерін қалыптастыру, олардың қасиеттерін білу және оларды сызба
құралдары (сызғыш , циркуль, үшбұрышты сызғыш, транспортир) арқылы
салу.
Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқыту барсында қажетті
материалды игеру механикалық жаттау және жатттығу сипатында
болмауы керектігін ескеру қажет. Оқушылар алынған білімдері саналы
түсінулері керек. Затты кӛрнекі негізде түсінікті математикалық
11
ұғымдардың қалыптасуына ауысу қажет, оқушыларды жалпылауға
үйретіп, оның негізінде практикалық жұмыстарды орындауға жетекшілік
ету қажет.
Арнайы мектеп оқушылары кейбір теориялық білімдерді игеруі
қажет,олардың негізінде практикалық біліктері саналы қалыптаса түседі.
Алдымен, бұл сандарды натуралды қатарының қасиеттерін, ондық
жүйесіндегі есептеуді зандылықтарын, арифметикалық амалдар
қасиеттерін, олардың арасындағы байланыстарын, қатынастарын,
тәуелділігін меңгеруге қатысты.
Математикаға оқыту барысында алынған білімдерді түрлі ӛзгерісте-
гі жағдайларда қолдану міндеті қойылады. Аталмыш міндетті шешу
Зияты зақымдалған оқушыларға тән ойлаудың артта қалғандығын,
білімдерді біріңғай жаттанды түрде қолдануын жеңуге мүмкіндік береді.
Осы міндетті шешу сәттілігі кӛбіне оқытудың әдістері мен тәсілдерінің
таңдалуына, олардың мақсатқа сай ұштасуына және оқу үрдісінде дұрыс
қолданылуына тәуелді. Егерде мұғалім оқушыларды бір түрдегі
есептерді шешуге үйретуге берсе, бір түрдегі ойды тұжырымдап айта
берсе немесе бір түрдегі сұрақтарды қолдана берсе, онда бұл кӛзге
кӛрінген алдамшы білімге әкеледі.
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды
математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекеті
мен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады.
Арнайы мектептегі математикаға оқытудың тәжірбиелік бағытты-
лығы шеберханалардағы еңбек сабағында, мектеп жанындағы участ-
кілерде, ӛндірістік және ауылшаруашылық мекемелерінде пайда бола-
тын есептерді шешуге теориялық бӛлімдерін, есеп шығару, ӛлшеу
іскерліктері мен дағдыларын қолданудан тұрады.
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бӛлімдері:
-
бүгін сандар арифметикасы,
-
шамалар,
-
арифметикалық есептер,
-
бӛлшектер арифметикасы,
-
кӛрнекі геометрия элементтері.
Арнайы мектепте математикаға оқытудың ерекшеліктері:
әр сыныптың бағдарламалық материал кӛлемінің шағын болуы;
бағдарламадағы материалдық орналасу ерекшелігі (дайындық
жаттығулардың болуы және кейбір тақырыптарды алдын ала
ӛту);
оқыту барысында теңеу, салыстыру және қарама-қарсы қойып
салыстыру тәсілдеріне сүйену;
материалды концентр ретімен оқу (бес концентр);
кӛрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану;
оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы;
болмыстың нақты құбылыстарын бақылау барысында алынған
білімдерді жалпылау;
12
жеке және дефференцалды ықпал етуді жүзеге асыру;
оқытудың пропедевтикалық (дайындық) кезеңі;
оқытудың түзету бағыты;
Математианы оқу пәні ретінде оқушылардың танымдық қабілетте-
рін дамыту үшін зияткерлік іс-әрекеті мен эмоциялық-ерік аясын түзету
үшін қажетті алғы шарттары бар.
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың кӛрнекі және
кӛрнекі-әрекетті әрекетті негізінде сан, шама, фигура туралы алғашқы
түсініктерін қалыптастыра отырып, мұғалім сонымен қатар математикаға
оқыту үрдісінде кӛрнекі-әрекетті, кӛрнекі-бейнелі, одан кейін аталмыш
балалардың абстрактты ойлауын дамыту міндеттерін қойып шешеді.
Арнайы математика сабағында мұғалім мен оқушылар күштерінің
ӛзара әрекеттесуі нәтижесінде (мұғалімнің бағыттаушы және ұйымдасты-
рушы қолданылуымен) оқушылардың қарапайым математикалық ойлауы
дамиды, оның салыстыру, талдау, синтез сияқты формалары қалыпта-
сып түзетіледі, жалпылау мен нақтылау қабілеттері дамиды, есті, зейінді
және басқа психикалық функцияларды түзету үшін жағдайлар
туғызылады.
Арнайы мектепте математикаға оқыту үрдісінде оқушылардың тілі
дамиды, олардың сӛздігі ерекше математикалық терминдермен (атау-
лармен) және сӛздермен толықтырылады. Оқушылар ӛз әрекеттеріне
түсінік беруге, есептерді шығару, арифметикалық амалдарды немесе
геометриялық тапсырмаларды орындау туралы толық сӛздік есеп беруге
үйренеді. Бұның бәрі оқушылардан ӛз іс-әрекетерін түсінуді талап етеді,
олардың әрекеттері қорытындыланған сипатқа ие болады, бұл Зияты
зақымдалғаноқушылардың кемшіліктерін түзетуде ӛте маңызды.
Математикаға оқыту оқушыларды ұйымдастырып тәртіпке бейім-
дейді, тұлғаның келесідей қасиеттерінің қалыптасуын қамтиды: ұқыпты-
лықты, тұрақтылықты, ерік және еңбек етуге деген ықыласын, бастаған
ісін аяқтау іскерлігін тәрбиелейді.
Математика сабағында практикалық жаттығуларды орындау
үдерісінде (илеу, басып алу, бояу, сызу, қию, желімдеу, ӛзгерту,және т.б)
баланың моторика кемшіліктері түзетіледі. Математикаға оқытуда жалпы
білім
беруші
(білімділік),
түзете-тәрбилеуші
(тәрбиелік)
және
практикалық міндеттерді арнайы (түзете оқыту) мектеп жағдайында
жүзеге асыру, тек математикаға оқытуды басқа оқу пәндерімен, еңбекпен
тығыз байланыста жүргізгенде ғана мүмкін.
Арнайы мектеп жұмыс тәжірибесі математика бойынша үлгерімі
жақсы оқушылардың басқа пәндер бойынша да практикалық тапсырма-
ларын жақсы орындайтындығын кӛрсетеді. Ақылы кем оқушылар түрлі
пәндер бойынша алынған білімдер арасындағы ӛзара байланысты ӛз
бетінше анықтай алмайды. Әр оқу пәнінің мұғалімнің, оның ішінде
математиканың да, міндеті – әр пән бойынша алынған білімдердің бірі-
бірі толықтыратындығын кӛрсету, сонда ғана оқушылар бӛлек білімдер
алмай, кеңінен қолданылатын білім жүйесіне ие болады. Математика
13
сабағында оқушылардың жаратылыстану, геогрфия, тарих, бейнелеу,
еңбек, дене шынықтыру жіне басқа да пәндер бойынша алынған
білімдерін қолдану қажет. Аталмыш пәндер мәліметтер арифметикалық
есептерді, мәтінді есептерді құрастыруда қажет материал болуы мүмкін.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Арнайы мектепте математиканы оқытудың жалпы міндеттерін мен
ерекшеліктерін атаңыздар.
2.
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсы қандай
бӛлімдерден тұрады?
3.
Математика пәнінің қандай оқу пәндерімен байланысы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |