Мұнайды өңдеу әдістері I. Мұнайды айдау немесе дистилляция


Владимир Григорьевич Шухов



бет3/4
Дата22.04.2022
өлшемі9,35 Mb.
#31873
1   2   3   4
Владимир Григорьевич Шухов

ұсынды.


Бұл процес кезінде мазуттың үлкен молекулалы көмірсутектері жоғары температурада, 20-70 атмосфералық қысымда ауа қатыстырмай қыздырғандықтан, кіші молекулалы көмірсутектерге айналады:

C10H34 → C8H18 + C8H16

C8H18 → C4H10 + C4H8

Бұл әдіспен автомобиль бензиндерін өндіреді.

Крекинг бензиннің құрамында тікелей айдау әдісімен өндірілген бензинмен салыстырғанда изоқұрылысты және ароматты көмірсутектер көп болып келеді.

Крекинг процесі радикалдық механизммен

жүретін төмендегідей топтарға бөлінеді:

• -С-С байланысы үзілуінен жоғары

молеклалардың жіктелуі;

• -дегидрлеу процесінің әсерінен С-Н байланыстың үзілуі;

• -измерлену;

• -синтездеу реакциялары ( полимерлену,

циклдену,конденсациялану).

Крекинг процесінде,шикізат ретінде мазуттан басқа мұнайдың фракциялары қолданылады.Крекинг өнімдері бензин,газдар,крекинг қалдығы.

Крекинг процесіне әсер етуші факторлар:

  • температура
  • қысым
  • әрекеттесуші заттардың реакция аймағында болу уақыты.

Риформинг

Риформинг процесінің шикізаты – октандық саны төмен бензин немесе лигроин. Бұлардан октан саны жоғары бензиндер немесе химиялық синтезде қолданылатын шикізаттар өндіріледі. Ол платина немесе молибден катализаторы қатысында ашық немесе тұйық тізбекті көмірсутектерді ароматты көмірсутектерге айналдыру арқылы іске асырылады. Сондықтан риформинг процесін ароматтандыру деп атайды


  • Жоғары температурада мұнайдағы органикалық қосылыстар химиялық түрін өзгертеді, айырылады және өзара әртүрлі екіншілік реакцияға түседі.Осы арқылы мұнайды өңдеудің термиялық процесі құрылады.Одан қосымша көмірсутек газдарын және мұнай коксін,т.б. мұнайда болмаған жаңа заттарды алуға болады.
  • Мұнай шикізатын өңдеудің термиялық процестері жағдайларға байланысты крекинг , костеу, пиролиз деген атқа ие болады.

Термиялық крекинг

Термиялық крекинг барысында бензиннің шығымы 30–35 , газдың шығымы 10–15 .Термиялық крекинг

процесiн–пиролиз деп те атайды. Пиролиз 670-720°С температурада және атмосфералық қысымда жүргiзiледi. Пиролиз нәтижесiнде бензин алынбайды, тек газ және смола алынады. Смоладан бензол, толуол, ксилол алынады.

В.Г.Шуховтың термиялық крекинг қондырғысы, 1934 жыл, КСРО, Баку

Катализдік крекинг

Бұл процесс 450-500˚С-та және катализатор (алюмосиликаттар) қатысында жүргізіледі. Катализдік крекинг өте жылдам және де бұнда қанықпаған көмірсутектер аз түзіледі. Осы әдіспен көбіне авиация бензині өндіріледі. Катализдік крекингте ароматты көмірсутектерді конденсациялағанда кокстеу процесі жүріп, кокс катализатор бетіне қапталады.

Нәтижесінде катализатор белсенділігі төмендейді.

Катализдік крекинг бензиннің құрамында көп мөлшерде ароматты және изопарафинді көмірсутектер болғандықтан, октан саны 78-80%, ал қорғасын тетраэтилатын қосып, 90-95 %-ке жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет