Беттік активті емес заттардың ерекшілігі мен сипаты: еріткішпен салыстырғанда, беттік керілуі артық және жақсы ериді. Олар беттен көлемге қарай қарай ұмтылатын болғандықтан теріс адсорбцияны байқауға болады, яғни Г0. Оларға барлық бейорганикалық электролиттер жатады: қышқылдар, негіздер, тұздар, құмырсқа қышқылы, аминосірке қышқылы сияқты кейбір органикалық еріткіштер жатады. Бұлардың молекулаларында гидрофобтық бөліктері жоқ, суда жақсы еріп онымен гидратталатын иондар береді. Беттік активсіз заттар суда ерігенде, судың беттік керілуін жоғарылатады, өйткені олар өзінің полюсті бөлігімен судың ішкі жағына ортасына ұмтылады да ерітінді бетіндегі концентрация төмендейді.
Гиббс теңдеуі Г= - с/RTd/dC d/dC — беттік активтілік. ( эрг/см2*моль н/е Дж/м2*моль)
С- заттың молярлық концентрациясы
R- универсал газ тұрақтысы
Т- температура