Модуль Химиялық термодинамика және тепе-тендік Дәріс Химиялық термодинамиканың негіздері



бет31/33
Дата11.02.2023
өлшемі0,8 Mb.
#67143
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ìîäóëü Õèìèÿëû? òåðìîäèíàìèêà æ?íå òåïå-òåíä³ê Ä?ð³ñ Õèìèÿëû? òå

Тест тапсырмалары
Химиялық термодинамика тақырыбы бойынша

  1. Келесі анықтамалардың қайсысы жабық жүйеге сәйкес келеді? Жабық жүйе дегеніміз:

а) қоршаған ортамен зат алмасуы жоқ, бірақ энергия және жұмыспен алмасуы мүмкін жүйе;
б) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін;
в) сыртқы ортамен энергия алмасуы жоқ жүйе;
г) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін, бірақ энергиямен алмасуы жоқ жүйе.



  1. Күй параметрлері қандай өлшемдермен сипатталады?

а) Т, Р, ρ, концентрация; б) ΔS, ΔН, Т, р;
в) ΔΗ, Т, р, концентрация; г) ΔΗ, Т, V, ρ.

  1. Келтірілген теңдеулердің қайсысы термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайды?

а) Q=ΔU +A в) dQ=H2–H1
б) Н=рV–U г) Q=U2–U1

4. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуін көрсетіңіз?


a) Q=ΔH+A в) QV=pdV б) QV=ΔU г) Q = ТΔS/ΔV
5. Төмендегі анықтамалардың қайсысы Гесс заңын сипаттайды? Химиялық реакциялардың жылу эффектісі:
а) жүру жолынан тәуелсіз, тек бастапқы және соңғы заттардың күйімен анықталады;
б) аралық реакциялардан тәуелді;
в) реакция кезінде бөлінген жылу мөлшерінен тәуелді;
г) әрекеттесуші заттардың концентрациясынан тәуелді.
6. Стандартты түзілу жылу деп, төменде келтірілген жағдайда 1 моль заттың жай заттардан түзілу реакциясының жылу эффектісін айтамыз:
а) р=1,013105 Па, Т=298K.
б) Т = const
в) р=const, V=const
г) Т, р = const

7. Стандартты жану жылуы деп, заттың оттек атмосферасында оксидтерге дейін жанғанда бөлінген жылу мөлшерін айтамыз:


а) 1 моль заттың 1,013105 Па қысымда;
б) 10 моль заттың;
в) 1 моль заттың қалыпты жағдайда;
г) 10 моль заттың 298 К температурда.

8. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі қандай факторлардан тәуелсіз?


а) әрекеттесуші заттардың табиғатынан;
б) температурадан;
в) заттардың агрегаттық күйінен;
г) бастапқы заттардың концентрациясынан.

9. Энтальпия мен ішкі энергияның өзара байланысын көрсететін теңдеу қайсысы?


а) H=U–pV б) H=U+pV в) H=U2–U1 г) H=Q/T

10. Суттектің жану реакциясы сұйық су түзілумен оқшауланған жүйеде өтсе, жүйенің ішкі энергиясымен энтальпиясы өзгере ме?


а) ішкі энергия өзгереді;
б) энтальпия өзгереді;
в) ішкі энергия да, энтальпия да өзгермейді;
г) ішкі энергия өзгермейді.
11. Идеалды газдар үшін СР және СV қатынастары қандай?
а) CP=CV б) СP=CV +R в) СP>CV г) CPV
12. Келтірілген термодинамикалық функциялардың қайсысы ішкі энергияны сипаттады?
а) ΔН б) ΔU в) ΔG г)ΔF
13. Термодинамиканың 2-ші заңының аналитикалық сипаттамасын көрсетіңіз:
а) dS = dQ – dA; б) dS = S2 – S1; в) dS ≥ dQ/T; г) dS = Q.
14. Қандай термодинамикалық параметр тұрақты жағдайда ΔU процесс бағытын анықтайды?
а) р, Т; б) V, Т; в) р, S; г) V, S.
15. Т = сonst; р = сonst жағдайда қандай термодинамикалық потенциал өздігінен өтетін процесс бағытын анықтайды:
а) изобара-изотермиялық потенциал;
б) изохора-изотермиялық потенциал;
в) энтропия;
г) ішкі энергия.
16. Оқшауланған жүйеде қайтымсыз кристалданған зат үшін энтропия қалай өзгереді?
а) артады;
б) кемиді;
в) өзгермейді;
г) қортынды айтуға болмайды.
17. Өздігінен өтетін процестер үшін р = сonst; Т = сonst жағдайда Гиббс энергия (изобаралы-изотермиялық потенциал) мәні қалай өзгереді:
а) ΔG>0; б) ΔG < 0; в) Δ G = 0; г) өзгермейді.
18. Оқшауланған жүйеде химиялық реакция өздігінен өнім түзілу бағытына жүреді. Бұндай жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?
а) ΔS > 0; б) ΔS < 0; в) ΔS = 0; г) өзгермейді.
19. Суда еру процессі кезінде Гельмгольц энергия мәні қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ΔF = 0.
20. Ашық жүйелер үшін қандай күй функциясы процесс бағытын анықтайды?
а) энтропия; б) энтальпия; в) Гиббс энергия; г) химиялық потенциал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет