МөЖ №2 Тақырыбы: «Тағамдық өсімдіктер және олардың шипалық қасиеттері»


Аналық аузы ғылыми медицинада қолданылады



бет2/5
Дата08.02.2023
өлшемі2,01 Mb.
#66209
1   2   3   4   5

Аналық аузы ғылыми медицинада қолданылады.

  • Аналық аузы ғылыми медицинада қолданылады.
  • Ішке экстракт, ұнтақ дәрі, шәй ретінде қолданылады. Қан тоқтату және өт айдау қасиетіне ие. Қан тоқтататын қасиеті құрамында К витаминінің болуына байланысты. Жүгері майы тамаша тағамдық май, атеросклерозды емдеуде пайдалы, себебі қандағы холестерин мөлшерін азайтады.

2. Linum usitatissimum L. Кәдімгі зығыр. Зығырлар (Linaceae DC. Ex S.F.Gray) тұқымдасы.

Linum usitatissimum L. Кәдімгі зығыр. (Linaceae DC. Ex S.F.Gray)

  • Кәдімгі зығыр ТМД- ның Европа бөлігінің солтүстігінде және Сібірде кең таралған.
  • Зығырды талшығы және тұқымдары үшін (шыны майы үшін) өсіреді. Зығыр дәндерін сумен араластырса, қоймалжың сұйықтық пайда болады, бұл қоймалжыңның ішті айдайтын және асқазан жарасын емдейтін қасиеті бар. Оны дайындау үшін бір қасық зығыр дәндерін ыстық сумен 10 минут шайқайды, үстіне су құйғанда қоймалжың сұйық ісінеді.
  • Медицинада «Линетол» препараты қолданылады, оны зығыр майынан алады, құрамында 9-11% қанықпаған май қышқылдары болады. Күйік пен сәулеленуден зақымданған теріге линетолды жағады. Хромасома саны 30.

3. Allium sativum L. Сарымсақ. Жуалар (Alliaceae J. Agardh) тұқымдасы.


Allium sativum L. Сарымсақ. (Alliaceae J. Agardh)

Сарымсақ (Allium sativum L.) және жуа (Allium сера L.) әр елде көне заманнан бері, әсіресе дәрілік өсімдік ретінде Шығыста белгілі болған. Жуаны ішке асқазан және жүрек ауруларын, шихан ауруларын емдеуде қолданады. Бірақ, ежелден келе жатқан әдеттердің бірі сарымсақты жіпке тізіп мойынға ілу арқылы инфекциялық аурулардан сақтанған.

  • Сарымсақ (Allium sativum L.) және жуа (Allium сера L.) әр елде көне заманнан бері, әсіресе дәрілік өсімдік ретінде Шығыста белгілі болған. Жуаны ішке асқазан және жүрек ауруларын, шихан ауруларын емдеуде қолданады. Бірақ, ежелден келе жатқан әдеттердің бірі сарымсақты жіпке тізіп мойынға ілу арқылы инфекциялық аурулардан сақтанған.
  • Б.П.Токин теориясы бойынша өсімдік тіршілік үшін күресте зиянды микроорганизмдерге қарсы химиялық заттар түзген. Бұл қорғаныш химиялық заттарды Б.П.Токин фитонцидтер деп атаған, кейде оларды жоғары сатыдағы өсімдіктердің антибиотиктері деп те атайды. Б.П.Токин көптеген өсімдіктер бактерияларға қарсы ұшқыш фитонцидтер бөлетінін айтқан. Өсімдік шырындарының антибактериалды қасиеті бар, олар микроорганизмдерді өлтіреді.
  • Сарымсақ пен жуаның қоймалжың қосындысын шыны қақпақтың астына қойып, қасына бактерия салынған инфузориялар немесе ауру тудыратын саңырауқұлақтары бар ыдысты қойсақ, біраз уақыттан соң микроорганизмдер өліп қалады. Көптеген зерттеулерден соң іріңді жарақаттарды және жараларды сарымсақ пен жуаның буымен емдеу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет