ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
ВЕТЕРИНАРИЯ және АГРОМЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын клиникалық балаумен III»
Тақырыбы: Мешел (рахит) ауруы
Орындаған: Амантаева А.А Тексерген: Билялов Е.Е.
ВМ-801 тобының студенті ________ ___________
(қолы)________ (бағасы) (күні)
(қолы)_________
Комиссия_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
Семей, 2022 жыл
Жоспар
Kipicпe.................................................................................................................
|
2
|
1
|
Негізгі бөлім................................................................................................
|
4
|
1.1
|
Зат алмасуы және оның бұзылыстары.....................................................
|
4
|
|
1.2
|
Мешел ауруының дамуы, клиникалық белгілері, емі............................
|
9
|
ІІ
|
Өзіндік зерттеу............................................................................................
|
13
|
2.1
|
Шаруашылыққа сипаттама........................................................................
|
13
|
2.2
|
Шаруашылықтағы малдардың мешел ауруымен ауруы.........................
|
16
|
2.3
|
Ауру тарихы................................................................................................
|
17
|
2.4
|
Жалпы зерттеу............................................................................................
|
18
|
2.5
|
Курация.......................................................................................................
|
17
|
Қорытынды.........................................................................................................
Ұсыныстар...........................................................................................................
|
18
19
|
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................
Қосымшалар
|
20
21
|
Кіріспе
Мешел (гиповитаминоз D), (рахит) - өсіп келе жатқан жас жануарлардың созылмалы ауыр ауруы, D - витаминнің, фосфордың - кальций алмасуының бұзылуымен, сүйек ұлпасындағы дегенеративті өзгерістермен (оссификацияның бұзылуы, остеоидтық ұлпаның шамадан тыс өсуі, қалыптасқан сүйектердің жұмсаруы және атрофиясы). Рахит көбінесе ауылшаруашылық кәсіпорындарында, қозыларда,, күшіктерде, құлындарда, бұзауда тіркелген жеке шаруа қожалықтары мен шаруа қожалықтарының жағдайында, әсіресе көбінесе торайларда, көбіне өмірінің бірінші жылында байқалады. Сонымен бірге, табиғи мекендейтін жерлерде жабайы аңдарда рахит пайда болмайды, ал сарай жүйесімен тұтқында жабайы аң терісі болады (құс күштері, арктикалық түлкілер мен түлкілер). Жануарлардағы ауру, әдетте, маусымдық көрініске ие, ол кеш - күзде және қыста - көктемде, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасы төмен, ылғалдылық жеткіліксіз, күн радиациясы жеткіліксіз) жас жануарлар серуендеуден айырылады. Кейбір фермаларда, жеке қожалықтарда және шаруа қожалықтарында тамақтандырудың зоотехникалық нормалары мен рахит мөлшерінің зоогигиеналық параметрлерінің сақталмауы салдарынан, шошқа популяциясының 40 және одан да көп пайызы ауырады.
1 Негізгі бөлім
1.1 Зат алмасуы және оның бұзылыстары
Зат алмасуы дегеніміз - организамінің өзіне тән тіршілігі мен өсіп-өнуін қамтамасыз етуін, невр жүйесімен және фермент гормондармен реттелетін аса маңызды қасиеті. Сырттаан келіп түскен және клеткада пайда болған заттардың химиялық жолмен құбылуы, осыдан туған энергияның /куаттың/сан қілы сарылуы сияқты процестердің біртұтас жиынтығы. Мұның негізі - қарама- қарсы, бірақ өзара жысдасқан екі реакция: ассимиляция, басқаша- анаболизм /фементтік құбылу және бұған жұмсалған энергия /қуат/ нәтіжесінде клетка құрамындағы заттардың түзілуі /синтезделуі/, сол клетканың сырттан келіп түскен қосындыларды бойына сіңіруі, қарапайым /жай/ молекулалардың күрделі молекулаларға айналуы/ мен диссимиляция, басқаша – катабализм /сырттан келіп түскен және клетка құрамындағы қосындылардың ыдырауы, осыған сәйкес энергия бөлініп шығуы/. Зат алмасуының негізгі аурулары: авитаминоздар, аллотрофагия/малдың қоректік қасиеті жоқ/, ацетонемия, диабет, остеомаляция т.б.
Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулар.
Малдарда зат алмасудың бұзылуынан болатын 30- дан астам аурулар белгілі. Бұл аруларды анықтаудың ерекшеліктері бар:
1. Қоректік заттардың / белок, көмірсутегі, май, витамин, минералды заттар және т.б./ организмге түскеннен бастап ақырғы болатын қалдыққа дейінгі алмасу процесін жете білу керек;
2.Зат алмасу процессінде организмге зиянды заттардың қалай түзілетінін және олардың ары қарай қалай ыдырайтының білу керек;
3.Әрбір заттың алмасуы жеке дара жүрмейтінің, олардың бір- бірімен тыгыз баланыста болатының естен шығармау керек;
4. Заттардың алмасуына көптеген ферментердің әсер ететіің, олардың нейроэндогринді жүйемен реттелетінің ескеру керек;
5. Заттардың алмасуының қалыпты деңгейде болып, организмде гомеостаздың сақталуы малдардың күтіміне, рационына, дұрыс пайдаланылуына байланысты екенін ұмытпау керек;
6. Бірнеше топты малдың ауратынына, оларды топтап емдеу әдісіне көніл бөлу керек;
7. Организмде зат алмасуының бұзылуының алғашқы сатысында аңықтау үшін баолық зерттеі әдістерін /әсіресе лабораториялық/ жан-жақты қолдана білу керек.
Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымрақ клиникалық өзгерістеріне зәр қоя отырып 4 топқа жіктеіге болады:
1. Организмдегі негізгі заттардың /көмірсутегі, май, белок/ алмасуларының бұзлуының басымрақ болуы / майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, миоглобинурия, гипогликемия/;
2. Минералды заттардың асмасуының бұзылуының басымрақ болуы /сүйек дистрофиясы, гипомагнемия/;
3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын арулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі /гипокобальтоз, гипокупороз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы/:
4. Гиповитаминодар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.
Белок алмасуы - мал денесіндегі белоктың ұдайы, үзілместен сапырылысы құбылуы. Белок, протеин- амин қышқылдарынан түзілген көп молекулалы табиғи қосындылар. Тірі денеде қалыптастыратың, құрамында көміртегі /50-55%/, сутегі /6-7,5 процент/, өттегі /21-24 пр./, азот /15-18,5 пр./, күкірт /0,3-2,5 пр./, фосфор /1-2 пр./, сондай-ақ аз мөлшерде темір, натрий, калий, кальций, магний, мыс, қалайы, марганец, йод, кобальд, бром сияқты элементтер бар органикалық зат. Белок алмасуы бірнеше сатыдан түрады: 1/. Малдың асқазанына келіп түскен азық белогінің ыдырап, пептидтер мен амин қышқылдарына айналуы, бұлардың қанға сіңіп, тканьдерге ауысуы; 2/. Амин қышқылдары мен пептидтердің тканьдерде дәл сол организмге тән белоктарға, сондай-ақ гормон, кофермент, пигмент сияқты биологиялық заттарға айналуы /түзілуі/; 3/. Денедегі белоктардың амин қышқылдарына дейін ыдырап, одан әрі тотығып, аммиакқа, көмір тотығына және суға айналуы; 4/. Белок алмасуының ақырғы туындыларының аммиак, т.б. бейтарапталып, сыртқа шығуы сатыларынан тұрады.
Белок алмасуының бірнеше бұзылуынан түрады: 1.гипопротеинемия- белоктың қанда азаюі- цироз, кетоз, нефроз, нефрит, абцесс т.б.; 2. гиперпротеинемиядан- белок кобеюі, гепатит, сепсис, ірінді эндометрит; 3. Парапротеинемиядан- қанда анамольді белок кобеюі; 4. диспротеинемиядан – қанда белоктің мөлшері бүзлу- індетті, паразиттік ауруларда.
Белок алмасуы бұзылуында негізгі синдромдары:
Ацетонемиялық синдром- сүт қышқыл, ацетон иісі сезіледі, гипотония, кілегей қабықтары бозарған, сарғыш түсті, кетонемия, кетонурия, кетолактия, жүрек соғысы мен дем алысы жиі және т.б.
гепатотоксиқалық синдром- баурда дистрофиялық өзгерістер, көлемі ұлғайған, ауырсынғандық байқалады, ауру мал көбінесе жата береді, ынқылдайды, жүрек-қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігінің белгілірі байқалады.
Гастроэнтералды синдром- күйыс қайыруы аз, кейде жоқ, месқарының жиырлуы әлсіз, кейде жоқ, ішектерде газ, жиырылуы әлсіз,нәжіс кейде қатып қалады, кейде іш өту байқалады. Нәжіс жығымсыз иісті, қышқылдығы жоғары, жалқаяқ аралас. Бауыр ұлғайған, агалактия, кетонемия, кетонурия, кетолактия.
Невротикалық синдром- бұлшық еттері тартылады, дірілдейді, мал алға ұмтылып басымен қабырғаға, не жем қорға тіреліп тұрады, тістерін шықырлатады, қалай болса солай қозғалады, кейде қозу процесі ессіз болады. Ауыр жағыдайда сиырлар бастарын артына қайырып жатады.
КЕТОЗ- организмде кетон заттарының шоғырлануы салдарынан гипофиз- бүрек үсті безі жүйесінің, қалқанша безінің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және т.б. ағызылар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатың көбінесе созылмалы түрде кездесетін ауру.
Сүйек дистрофиясы- ірі малдардың организімде кальцийдің, фосфордың, кальцийферолдың асмасуларының бұзылуы салдарынын сүйектерде дистрофиялық өзгерістердің/остеомаляция, остеопороз, остеофиброз/ болуымен сипатталатын.
Тірі организм өлі табиғаттан өзінің химиялық құрамының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сол себепті кез келген организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін сыртқы ортадан құрылымдық материалдар қабылдап отыруға мәжбүр болады. Тіпті, организм сүйеніші болып табылатын сүйектің өзі құрамын үздіксіз жаңартып отырады. Тірі организм осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.
Жеке торшалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организмге сыртқы ортадан азық құрамында келген қоректік заттардың өзгерістерімен, олардың цитоплазма құрамына енуімен байланысты. Демек, зат алмасу дегеніміз – тіршілік процесстерінің химиялық қозғалысы.
Тірі материяның химиялық жүйесіне қасиеттің бірі – құрылымдық өзгерістер мен энергия алмасуының біртұтастығы. Демек, зат пен энергияның алмасу біртұтас процесстің екі беті, бірақ түсінуге жеңілірек болу үшін оларды жеке талқылаймыз.
Зат алмасу (метаболизм) – бір-бірімен тығыз байланысты екі процестің жиынтығы. Олар ассимиляция және диссимилизация. Ассимилизация нәтижесінде қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түрінде торшалардың құрылымы күрделіленеді. Бұл процесте химиялық бос энергиялар пайдаланылады, сондықтан ассимиляция эндоэргиялық құбылыс. Диссимиляция нәтижесінде торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс.
Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді. Оның алғашқы кезең сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өңдеуден өтіп, қорытылуынан басталады. Сол себепті ас қорыту процесіндегі зат алмасудың бастапқы кезеңі деп атайды.
Ас қорыту жолынан ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға сіңуімен екінші саты басталады.
Зат алмасу процессінің соңғы үшінші кезеңі организмде пайда болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару болып табылады. Организмде қалыпты жағдайда жүретін күрделі биохимиялық процесстер жиынтығын жалпы зат алмасу деп аталады.
Салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдайында қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін негізгі зат алмасу дейді.
Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алмасу дейді.
Қоректік заттардың организмде түрленуін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістер
тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нәтижесінде түзілген заттарды – аралық не соңғы алмасу өнімдері немесе метаболиттер деп атайды.
Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді. Белгілі бір өнім өндіру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн немесе жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін зат алмасу процессінің деңгейін өнімдік зат алмасу деп атайды. Мысалы: бір кг шөпті қорыту үшін сиыр 461 кДж энергия жұмсайды.
Зат алмасу процесі (еркек) Мысалы: бұқада сиырға қарағанда 10-26%, қабанда 20%, қоразда 20-30% - жоғары болады. Яғни малдың жынысына, жасына, салмағы, тұқымы, азық, физиологиялық күйіне де қатысты. (Ірі мал 2-3 апталық аштыққа, ит 60-70/ күн аштыққа шыдайды.
Зат алмасуы дегеніміз – организмнің өзіне тән тіршілігі мен өсіп өнуін қамтамасыз етуін, нерв жүйесімен және фермент гормондармен реттелетін аса маңызды қасиеті. Сырттан келіп түскен және клеткада пайда болған заттардың химиялық жолмен құбылуы, осыдан туған энергияның сан қилы сарылуы сияқты процестің біртұтас жиынтығы. Мұның негізі қарама-қарсы бірақ, өзара жымдасқан екі реакция: асимиляция, басқаша анаболизм.
Белок , көмірсутегі, май, су, электролит және минералдық зат алмасудың бұзылуларына сипаттама.
Жануарлар организміндегі зат алмасудың қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында – жалпы денсаулығымен рацин құрамы қатаң қадағалау шарт. Осыған орай әр жануардың қажеттілігіне қарай рацион құрамын толықтырулар жүргізіледі.
Мысалы: Күйісті малдарды (сүт бағыт) карбамидті концентратпен азықтандыру жануар организмінің белок және аминқышқыл алмасуына жағымды әсер етеді. Сондықтан да жоғары өнім алу үшін, қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерісін балау арқылы жалпы зат алмасу және оның бұзылуларына баға беру қалыптасқан.
Зат алмасудағы нейрогуморальдық реттелудің негізгі ролін жүйке жүйесі және оның жоғары бөлімі (кора мозгового и головного мозга) атқарады. Бұл механизм ортаңғы ми арқылы іске асады оның әсері эндокринді без арқылы атқарушы мүшеге беріледі. Ең соңғы қабылдағыш звено организм клеткасы болып табылады.
Бұл жағдайда перифериялық нерв ұштарындағы өзекшедегі (сосудах) сұйықтықтың қандайда бір химиялық компоненті өзгерген жағдайда яғни, геморецепторлары тітіркенуді қабылдайды.
Осы қағидаларды диагностикалық тұрғыдан сипаттайтын болсақ: жануарларда белоктың қорытылуы мен амин қышқылдарының реабсорбциясы жиі бұзылады. Төл гастиртінде пепсиннің болмауынан , белок толықтай қорытылмауынан шіру (гнилостная) жиі бұзылады. Сондай-ақ, ұйқы безі ауруынан трипсин, химиотрипсин және карбоксиполипептидазаның аз бөлінуі себепті белок қорытылу үрдісі бұзылуы болады. Қан белогы биосинтезінің бұзылуы себепті патологиялық белоктар түзілуі жүреді.
Организмдегі белок жетіспеуінен жануарлардың өсуі, өнімділігі төмендейді. Сондай-ақ, белок жетіспеушілігінде – белоктық биохимиялық кешеннің – витамин және ферментпен түзілуі әлсірейді. Осындай белоктық жеткіліксіздіктердің өтелуі (компенсируется) мүше және тін белоктары есебінен өтеледі, әсіресе бауыр, одан соң қан белогы есебінен артынан бұлшық ет және басқа да тіндер белогы есебінен жұмсалып бұл 5-8% мөлшерінде болады. Бұл патологияда эндокринді без функциясы және гормондар синтезі бұзылады. Жалпы бұндай жағдайда белок жеткіліксіздігінде метионин аминқышқылын беру тиімді, емдеуге қажетті алғы шарттар іздестірілуі керек.
1.2 Мешел ауруының дамуы, клиникалық белгілері, емі
Мешел - Рахит - Rhachitis (rhachis - арқаның қыры, омыртқа). Д-витамині фосфор, кальцийлердің алмасуының бұзылуы салдарынан организмде сүйектің құрылықының өзгеріп, олардың мал өміріне қажетті қызметтерінің нашарлауымен сипатталатын, төлдерде кездесетін созылмалы ауру.
Қозылар, лақтар, бұзаулар, торайлар, күшіктер, әсіресе бір жасқа дейін жиі ауырады. Құлындарда сирек кездеседі. Тағы жануарлар табиғи жағдайларда ауырмайды десе де болады. Аурудың жыл мерізіміне байланысы да бар. Әсіресе күздің аяғында, жазғытурымның басында жиі тіркеледі. Жеке шаруашылықтарды торайлардын ішінде 25,2-39,6 %-ға дейін ауру малдар тіркелген.
Аурудың негізінде кальций, фосфор тұздарының алмасуының жеткіліксіздігінен сүйектің шеміршектенуі жатыр. Ал ол алмасуды реттейтін Д2, ДЗ витаминдері. Олар мал азығындағы провитаминдерден ультракүлгін сәулесінің әсерінен түзіледі.
Өсімтал жас малдарға күнделікті 4-10 ӘБ/кг мөлшерінде Д витамині керек. Төлдер ондай қажетті витаминді уыз (100-200 ӘБ/кг), сүт (10-50 ӘБ/кг) арқылы алады. Кальцийдің ионы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің қызметтерін реттейді, ал микроэлемент кальций қанның ұюына қатысады. Төлдердің организмінде азықтағы кальцийдің қорытылуы өте нашар, сондықтан олар уыз бен сүттен дайын түрінде қабылданады.
Салмағы 30-40 кг бұзауға күніне 6,4- 9,6 г кальций керек. Жаңа туған бұзаулардың организмінде 13,5 г/кг мөлшерінде кальций болады. Күніне нәжіспен 11,8 мг/кг; зәрмен - 0,8 мг/кг бөлініп отырады. Ал сүтте 1,11-1,28 г/кг кальций болады.
Жаңа туған бұзауда фосфор 7,23 мг/кг болады. Салмағы 30- 40 кг бұзауға күніне 4,3-6,2 г фосфор керек. Күніне нәжіспен 4,3 мг/кг білінетін көрінеді. Барлық бөлінетін фосфордың мөлшері (зәрмен бөлінетінін қоса есептегенде) тәулігіне 0,6 г болады. Ал сүтте 0,95 г/кг болады, оның 86-98 %-ы қорытылады.
Осындай жағдайларды ескере отырып бұзаулардың организміндегі кальций мен фосфордың қажетті мөлшерін реттеуге болады.
Аурудың себептері. Негізгі себебі рационда кальцийферол, Д витамині, кальций, фосфорлардың жеткіліксіз болуы. Төлдерді күн сәулесімен шомылдырмағанда (ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі). Малдардың азығында кальций мен фосфор жеткілікті мөлшерде бөліп қана қоймай, олардың ара қатынасы да дұрыс болуы керек (1,2 : 1; 2 :1). Ауру әсіресе кальций жеткіліксіз, ал фосфор көп болғанда жиі кездеседі. Жас төлдерді дәнді дақылды азықпен (сұлы, арпа, бұршақ т. б.) бірыңғай тамақтандырғанда да ауру дамитын көрінеді. Себебі олардың құрамында кальций аз, ал нашар корытылатын фитинді фосфор көп болады. Ал фитинді фосфор организмде фитаза ферменті жеткіліксіз болғанда сол қалпында нәжіспен бөлінетін көрінеді.
Мал азығында қышқыл заттардың басым болуы, қалқан безінің, ас қорыту жүйесінің аурулары, А витаминнін, белоктың, микроэлементтер 1, Cu, Mn -тердің жеткіліксіздіктері аурудың себебіне жатады.
Дамуы. Кальцийтриолдың жеткіліксіздігі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакциясын әлсіретеді. Зат алмасуының бұзылуы қанда қышқыл қалдықтарының шоғырлануын туғызады. Осының салдарынан пайда болған ацидоз қос қалқан бездерінің қызметін үдетеді. Ол барып лимон қышқылының түзілуін үдетеді, ол қышқыл сүйектегі кальшийді ерітіп, оны қанға шоғырландырады.
Көп бөлінген қос қалқан бездерінің гормондары бүректердегі фосфордың реабсорбциясын нашарлатады, олар зәр арқылы көп бөліне бастайды. Ауру малдың қанқа сүйегіндегі минералды заттар азаяды. Организмде минералды заттардың алмасуы бұзылады.
Бүйрек безінің жұмысы үдейді. Орталық жүйке жүйесінін, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары жүйелерінін қызметтері бұзылады.
Сүйектерде кальций мен фосфор дұрыс алмаспағандықтан олардың химиялық, физикалық қасиеттері өзгереді. Жіліктердің кемік басы, қабырғалардың басы жуандап, шеміршектенеді. Шеміршек пен сүйектің шекарасы жойылып, шеміршектін сүйекке айналуы нашарлайды. Жылдам өсетін төлдерде бұл процесс тез білінеді.
Организмде қанның түзілуі бұзылады да, гипохромды анемияның белгілері байқалады. Қатты ауырған торайлардаң сүйегінде 65,4-ға дейін су анықталады. Органикалық заттар қалыпты жағдайдағыдан әлдеқайда көп болады. Ондай сүзек жеңіл, жұмсақ, жылдам қисайғыш және сынғыш келеді. Ауру мал өспейді, өнім бермейді, қатпа болып қалады.
Өлекседегі өзгерістер. Сүйектері жұмсақ, оны инемен тесуге, пышақпен оп-оңай кесуге болады. Олардың буын жақ бастары жуандаған, қисайған. Кейде қабырғалардың кейбір жерлерінде ойық пайда болады. Жілік сүйектерін тілгенде онда шеміршектің көптігі байқалады. Сүйек қабы қызарған, қалыңдаған, кемік бастары қанталаған, май қуысы кеңіген, жіңішкеріп, ұзарған. Ауру асқынғанда басқа да аурулардың белгілері анықталады.
Клиникалық белгілері. Төлдердің тәбеті нашар, бұзылған. Алдыңғы қарыншақтардын жарылуы әлсіз, сирек. Олар әртүрлі заттарды: лас жүнді, тесенішті, қабырға балшықтарын, топырақты, нәжіспен ластанған сұйықты т. б. жалап-жалмайды, ішеді. Осының бәрі ас қорыту жүйесінің жұмысының бұзылуын тудырады. Ауру төлдің жүні ұйпаланған, терісінің серпімділігі нашар. сүт тісінің ауысуы кешеуілдейді, өніп-өспейді. Торайлар дірілдеп-қалшылдап, төсенішті қазып тынышсызданады, ауырсынғандық байқалады, шыңғырады. Қозғалысы нашарлайды, кейде ақсайды, алдыңғы аяқтары бүгіліп тізерлеп, еңбектеп жүреді. Аяқ сүйектері қисаяды, буындары жуандайды, бел омыртқасы қисаяды (кифоз, лордоз, сколиоз) бас сүйектерінің пішіні өзгереді. Қабырғаларының сүйек пен шеміршек қосылған жерлері жуандайды. Дем алыстары ауырлап, демікпе пайда болады; жүрек соғысы жиілейді, саздары әлсіз. Қан айналысы нашарлайды, ауру малдың құлақтарының түстары, тұмсықтары, көз склерасы көгерген. Қанда гипохромды анемия, лейкоцитоз, нейтрофилия анықталады.
Барысы. Ауру көбінесе созылмалы түрде өтеді және басқа аурулармен жиі асқынатыны байқалады.
Анықтау. Ауру малды жан-жақты тексерген жөн. Ол үшін малды азықтандыру, күтіп-бағу жөніндегі деректерді жинайды. Негізгі клиникалық белгілерін анықтайды, қанды лабораториялық зерттеуден өткізеді. Құйрық омыртталарын рентгенге түсіріп, оны Шарабрин ұсынған стандартпен салыстырып, қорытынды шығарады. Сүйектер гистологиялық зерттеуден өткізеді. Ауруды мыстың жеткіліксіздігінен болатын аурудан (акупороз), сүйек пен буынның басқа ауруларынан (сүйек хондрозы, ревматизмі) ажырата білу керек.
Емдеу. Төлдердің күтімі мен азықтандырылуын реттейді Ашық күні серуендетуді ұйымдастырады. Ультракүлгін сәулесімен қамтамасыз етеді. Рационда жеңіл қорытылатын, құрамында протеин, минералды заттар мен микроэлементтер жеткілікті азықтық заттар болуы керек. Витаминге бай көк шөп, жоңышқа, шөп ұны, сүт, іркіт, сәбіз, сұлының, не арпаның үны, байытылған жем, сүйек үны, проципитат, үшжальцийлі фосфат, кальций глицерофосфаты, ағаштың күлі, бор, жағылған сүйек т. б.
Эргокальцийферол, холекальшийферол, витамин қосылған балық майы, үшвитамин (ретинол, холикальцийферол, токоферол), видеин, видекаротин, дафасол препараттарының көмегі жақсы. Балық майы күн көзінде көп тұрып қалса, онда ондағы токоферолдан токсистерол улы заты түзілетінін ескеру керек.
Терінің астына қан жібереді, сәулелендірілген береді, белокты гидролизатты қолданады. Қан азайғанда ферроглюкин, ферродекс, темір, мыс, кобальт препараттарын қолданады. Кофеин мен глюкоза ертінділерін жібереді. Аурудың белгілеріне қарсы шара қолданады.
Сақтандыру шараларын жалпы және арнайы шаралар деп бөлуге болады.
Жалпы шараларға жататындар: асыл мал өсіру; буаз малдардың азықтандырылуын, күтімін жақсарту; белокты-витаминді азықпен қамтамасыз ету.
Арнайы шаралар: буаз малдардың тууына 4-6 жұма қалғаннан бастап ультракүлгін сәулесімен қамтамасыз ету, балық майын, сәулелендірілген ашытқы, эргокальцийферол, үшвитамин беру керек. Төл организмін бірінші күннен бастап протенняен, ретинолмен, кальцийферолмен, минералды заттармен қамтамасыз ету керек. сынап-кварц лампасымен қыздыруды, серуендетуді дұрыс ұйымдастырып; жоғарыда көрсетілген дәрілердің сақтандыру үшін ұсынылған дозаларын қадағалап, үнемі беріп отыру керек.
II. Өзіндік зерттеу
2. 1. Шаруашылыққа сипаттама.
Шығыс Қазақстан облысы,Аягоз қаласы, «Шоқпар» атты шаруа қожалығы. Шаруашылық негізінен мал шаруашылығымен айналысуда. Төрт түлік малдың барлығы яғни, ұсақ малдары, қой, жылқы малы кездеседі. Ауданның жері ойлы-қырлы болып келеді. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа температурасы қаңтарда - 15,5С, шілдеде - 20,5С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 250-350 мм. Ал күннің жарығы, жылулығы ауыл шаруашылық өнімдерін алуға қолайлы жағдай туғызады. Мал шаруашылығын дамытуға өте - қолайлы жер. Жəне де шаруашылықта малдарға арнайы салынған жылқы қора жайлар да бар. Жері қоңыр жəне сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, кайын, өзен бойларында тал, қарақат мойыл өседі.
2.2. Шаруашылықтың індеттік жағдайы.
“Шоқпар" шаруашылығының індеттік жағдайы, негізінен бұл аймақта жылқының ауруы, сақау ауруы осыдан 2 жыл бұрын табылған болатын, қазіргі таңда ол аурумен көп мал ауырмайды. Негізінен бұл аймақта ауру жоқтың қасы болатын, бірақ бұл ауданға шет елдерден əкелінген малдардан қайта жоғалып кеткен аурулар жандануда. Ол аурудың бəйге келу себебі, шаруашылық малдарды асылтұқымдандырып жатқандықтан болуы əбден мүмкін. Шетелден əкелінген малдардың карантинге уақытылы тұрмауы, немесе Аягоз ауданының климатына бейімделе алмау салдарынан туындайды. Осыған қарамастан эпизототрядттағы мамандар бұл жердің індеттік жағдайын жақсату мақсатында, алдын алу мақсатында жоспарлы түрде қарқынды жұмыс жасауда жəне сол жоспарды жүзеге асыруда көптеген еңбек етуде.
2.3 Шаруашылықтағы малдардың мешел ауруымен ауруы
Мен осы «Шоқпар» шаруашылығында жұмыс атқарып, жүргенде малдардың біразы ауырған, ал 2 бастың өлім жітімге ұшырағандығын көрдім. Осы ауырған малдарды көре салып сол жердегі малдарды күтуші адамдардан бұның қалай болғаны туралы сұрағанымда, малдардың жайылымға барып келгеннен кейін өзгерістердің байқалғандығын мəлімдеді. Төлдердің зат алмасу процесінің бұзылуынан ауырғанына нақты көз жеткізу үшін жəне осындай клиникалық белгілері байқалған малдарға ем жүргізе бастадым. Менің курстық җұмысымның мақсатына байланысты мен өзіндік зерттеу жұмысын жүргізу үшін осы шаруашылықтағы ауырған малдардың ішінен бір қозыны таңдап алдым.
Ауру малдын тарихы.
Мал иесі жəне мекен - жайы: Карибаев Е. «Шоқпар» ш/қ
Малдың түрі: қозы
Жынысы: ұрғашы
Түсі және белгілері: қара (бирка №): № 224
Тұқымы: қылшық жүнді
Зерттеуге алған күні: 12.04.2022
Мал түскен кезіндегі диагнозы: мешел
Шығарылу күні: 16.04.2022
Ветеринар дəрігер:
Anamnesis vitae. Мал иесі өз үйінде асыраған. Мал жайылымға шығарылған. Азықтандыруы зоотехникалық нормаға сай болмаған. Мал күніне екі рет шамалы азықтандырған, көбінесе жайылымда дала шөбімен қоректенген, судан мұқтаждық көрмеген. Профилактика мақсатында вакцианалары уақытылы қабылданған. Осы уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған.
Anamnesis morbi. Егесінің мәліметтері бойынша қозы 10 күн бұрын әлсіздене бастаған, тәбеті нашарлаған. Әлсіз, өнімділігі төмендеген. Бойы аласа. Көрінетін кілегей қабықтары қызара бастаған.
3.5. Жалпы зерттеу
Температурасы 39
Пульсі 70-80 мин/соғыс
Дем алысы 20/мин соғысы
Габитус: дене бітімі ірі, дұрыс; қимыл қозғалысы бұзылған, қоңдылығы орташадан төмен, ортада өзін еркін ұстап тұра алмайды
теңселеді.
2. Тері ылғалдылығы қалыпты; иісі спепификалық; əлсіз байқалған; түсі көк бүпіндігі бұзылмаған, серпімділігі сақталған.
3. Тері жабындысы: қалың; біркелкі; эластикалығы өзістірған;
4. Тұяқ, қалпы: барлык аяқтарының тұяқтарының бүтіндігі бұзылмаған. ауырсыну жоқ;
5. Көрінетін кілегей қабаттары.
a) конъюнктива: ақшыл қызылдан көкшіл қоңырға ауысады, бүтіндігі сақталған: тегіс секреция сақталған;
б) танау пигменттелген; бүтіндігі бұзылмаған; тегіс, өте көп мөлшерде серозды сұйық аққан;
в) ауыз: пигменттелген бүтіндігі бұзылмаған; тегіс; бөтен денелер кездеспейді; ылғалдылығы орташа, сілекей мөлшерде бөлінген;
1. Жүрек тұсы: жүрек түрткісі байқалмайды. Пальпация кезінде ауырсыну жоқ, діріл мен естілетін шулары жоқ
2. Жүрек түрткісі: локальденген, 4-қабырға аралығында ашық буында байқалады, аритмия күші салыстырмалы.
3. Жүрек тоны: анық, қатайған, аритмия.
4. Жүрек тұсындағы шулар: аускультация кезінде естілмейді;
5. Жүрек шекарасы. Перкуторлы шекарасы айқаспаған;
a) жоғарғы: жауырын-иық бойынша;
6) артқы: 5-қабырға арасы;
6. Артериалды пульс: жиілеген; ритмі қатайған, жұмсақ,
7. Веналар: күрес тамыр қанға толық қатайған бүтіндігі бұзылмаған эластикалы; веналық пульс кері; ундуляция жоқ.
Тыныс алу жүйесі
Жоғарғы тыныс алу жүйесі:
танау қуысы: конфигурация өзгермеген;
танаудан аққан сұйықтық: екі жақты үнемі, түссіз, серозды,
ауаның шығуы: екі жақты қиын, жылы, күші ақырын, иісі спецификалық;
қосалқы қуыстар: терісі қозғалмалы; конфигурация бұзылмаған, симметриялы; пальпация кезінде. жергілікті температурасы көтерілмеген, ауырсыну жоқ, сүйек негізі қатты, перкуторлы дыбыс - тимпаниялық толасталған;
жұтқыншақ: басының ұстауы қалыпты, ұлғаймаған, жергілікті температурасы көтерілмеген, ауырсыну жоқ, шеміршектер деформацияланбаған ішкі зерттеу жүргізілген жоқ;
трахея: томпаю, ауырсыну, жергілікті температурасы Көпісрілмеген; шеміршегі қалыпты; ж
жөтелу рефлексі: қалыпты,анда санда, қысқа, ауырсынусыз;
қалқанша безі: сəл ұлғайған, ауырсыну жоқ, тегіс.
2. Кеуде қуысы: симметриялы; пальпация кезінде ауырсыну жоқ, қабырға мен қабырға аралық бұлшық ет зақымданбаған, вибрация, шулар байқалмады; дем алу типі костоабдоминальді.
3. дем алу қозғалысы: аритмиялы, минутына 80/мин,, ентігу жоқ;
4. өкпе шекарасы - сол жағынан - 11-i, оң жағынан - 10-ы қабырға таралымы, жауырын-иық буыннан екі жақтан - 8-і қабырға аралығы.
5. Дем алыс шулары: дем алу везикулярлы, қатты, күшейген.
Ас қорыту жүйесі
1. Тәбеті, шөл: өте төмен немесе жоқ, қатты шөлдеген;
2. Азықты қабылдау, жұтуы,шайнау,ішуі: қалыпты; шайнауы активті емес, патологиялық дыбыссыз, ауырсыну жоқ. Жұтыну
3. Кекіру құсу, күйіс қайтару: шайнау əлсіз, азық қабылдағаннан соң 25 мин соң; күйіс қайтару əлсіз немесе жоқ:
4. Ауыз қуысы, тісі, еріні: қалыпты құрысқан жоқ, тонусы əлсіз, пальпация кезінде ауырсынбайды, температура қалыпты; симметриялы; Ауыз қуысы ашылады, жағымсыз иіс шығады. Кілегейлі қабаты зақымданбаған, сілекей көп шұбырған, қызыл еті өзгеріссіз. Тілі қалыпты, зақым жоқ. өзгеріссіз. Тістері қалыпты орналасқан, зақымдары жоқ, ауырсыну жоқ.
5. Өңеш пен жұтқыншақ: басының ұстауы қалыпты; ұлғаймаған, жергілікті температурасы көтерілмеген; ауырсыну жоқ. Ішкі зерттеу жүргізілген жоқ;
6. Қарын керілген: асимметриялы (сол жағы шығыңқы мес қарын орн.) ауырсыну болуы мүмкін.
7. алдыңғы қарыншақтар:
a) мес қарын: аш бүйірі қалыпты толған; пальпация кезінде тығыздалған; консистенция жұмсақ; азық массасы бар. Жиырылуы 1-2 рет/мин. Жиырылуы өте төмен не мүлдем тоқтаған крепитация. тимпаниялық аш бүйірде, астыңғы жағында топасталған.
б) Жұмыршақ: қатты ауырсыну байқалмады.
в) кітапша: қатты ауырсыну байқалмады:
r) ұлтабар: қатты ауырсыну байқалмады, перистальтикасы ақырындап
Ішектер:
a) жіңішке ішек: ауырсыну жоқ, перистальтика қалыпты, периодты.
б) тоқ ішек: ауырсыну жоқ, перистальтика қалыпты, периодты.
8. Бауыр: пальпация кезінде оң жақ соңғы қабырға астынан бірақ шыққан, ауырсыну бар, консистенциясы тығыз.
9. Дефекация: іш өту жиі; позасы қалыпты немесе қиналып; газ бөлуі аздап. Нəжіс мөлшері əр түрі консистенциясы сұйық, иісі жағымсыз
10. Ректальді зерттеу: сфинктер тонус баяу, аздап ауырсыну; кілегей қабаты азық тонусы өзгерген, бүтіндігі бұзылған.
Курация
Кесте – 1.
Күндері
|
Температура
|
Пульс
|
Дем
|
Ауру барысы туралы ақпарат
|
Емдеу азықтан
|
1204.2022
|
39
|
70
|
20
|
Жалпы жағдайы нашар. Кілегей қабаттары, терісі бозарыңқы, суық, мұрын айнасы, құлақтарының ұштары көгерген, көбінесе жата береді, тұрғанда шалқаяқтап әзер тұрады. Азыққа тәбеті жоқ.
|
Күтімін жақсартып, тұратын жерін жақсарттым. Серуендетуге шығардым. Д витаминін ектім.
|
1304.2022
|
39
|
80
|
18
|
Кілегей қабаттары бозыңқы, жабырқаулы, азыққа тәбеті жоқ.
|
Күтімін жақсартып, құрамында д витамині бар азықтармен азықтандырдым.
|
|
|
|
|
|
14.04.2022
|
39
|
80
|
18
|
Пульсі мен дем алысы қалпына келуде. Малдың жағдайы аздап жақсарды, тәбеті бар.
|
Күтімін жақсартып, жеңіл азықтармен азықтандырдым. Д витаминін ектім.
|
15.04.2022
|
38,8
|
73
|
17
|
Жалпы жағдайы жақсы. Тәбеті жақсарды.
|
Күтімін жақсартып. Құнарлы, витаминді азықтармен азықтандырдым.
|
16..04.2022
|
38,5
|
73
|
16
|
Малдың температурасы, жүрек жұмысы, азыққа деген тәбеті бірқалыпты.
|
Күтімін жақсарттым. Құнарлы азықтармен азықтандырдым.
|
Нәтижесінде мал толығымен жазылды. Қоңдылығы жақсарды. Дер кезінде емдеу шараларын жүргізбегенде сауықтыру қиынға соғады екен. Мал иесіне азық рационына қатал тексеру жүргізіп отыру керектігін ескерттік.
Достарыңызбен бөлісу: |