Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
веsçьldьq, веskyndjk, orьnвasar, әrtyrlj деген сөздер бірыңғай сияқты. Емле 
жөніндегі ережеде бұл жөнінде айрықша ереже берілмей, тек ескерту ғана 
берілген. Солай болса да күнделікті тәжірибеде бұл мәселе өзінен өзі дұрыс 
өріс алып кетті. Бірақ көп сөздер бірыңғай болмай әртүрлі жазылып жүр. 
Әзірше қандай сөздердің қосылып жазылып, қандай сөздердің бөлек 
жазылуының ешбір критерийі жоқ. Әркім өз бетімен кетушілік бар. Бұл 
әрине дұрыс емес. Ендігі жерде бұл жағы тағы бір ізге салынуы керек. Біздің 
бұл жөніндегі бір ұсынысымыз: екі сөзден құралған жер, су аттары қосылып 
жазылуы керек (Alatau, Itөlgen, Qantәŋrj, Веlвúlaq, Baiserke, Ҫaŋaturmьs). 
Мұндай бір мағына білдіретін сөздердің қосылып жазылуы неміс тілінде көп 
қолданылады» (Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар).
Кирилл әліпбиін қайта жаппай қолдануды ұсыну Кеңес жетекшілерінің 
сыртқы саяси жағдайдағы ұстанымдарына да байланысты еді. Бастапқыда 
латын әліпбиі әлемдік революцияларды жүзеге асыратын үлкен мүмкіндік 
ретінде қаралса, кейін әр елдің жалпы түрлі саяси жағдаяттарға байланысты 
ұстанып отырған бағытына қарай «буржуаздық» әрі «әсіреұлтшыл» сипат ала 
бастайды.
Осыған орай 1940 жылдан бастап қазақ жазуының кирилл 
графикасына көшу керуені басталды. Неше ғасырлар бойы араб 
графикасымен сауат ашып, одан кейінгі ұжымдастырумен бірге келген латын 
(1920-1936 жж.) жазуындағы әдебиеттер мен құжаттар кирилл жазуында 
сауат ашқандар үшін мүлде жабылып қалды. Олардың қажет дегенін ғана 
өкімет құзырлы мекемелер арқылы кирилл жазуына аудартып басқан болды. 
1940 жылдың соңындағы “Латын жазуындағы қазақ әліпбиін кирилл
графикасының негізіндегі әліпбиге өзгерту” заң жобасы он жыл бойы 
жүргізілді. Кирилл жазуы түгелдей халыққа сіңімді болып кеткеннің өзінде
үзбей шығып тұратын республикадағы “Социалистік Қазақстан” сынды 
басылымдар он шақты жылға дейін материалдарды кирилл әліпбиінде де,
латын әліпбиінде де қатар беріп отырды.(Иманқұлова Ж. Таңбалар тарихы 


14 
және әліпби ауыстырған елдер тәжірибесі. Еркін Еуразия медиа порталы // 
Ғылым мен білім айдары, 27.05.2013ж)
[11]. 
1939-40 жылы қазақ жазуын орыс алфавитінің негізінде көшірумен 
байланысты қазақ тілінің емлесі де өзгертілді. Яғни латын алфавитіне 
байланысты жасалған соңғы 1938 жылғы ережеге бірсыпыра өзгерістер 
қосылды. Осы өзгерістердің дұрыс орфографиялық нормасын енгізу 
науқанына білек сыбана кіріскен ғалымдар М.Балақаев, С.Аманжолов және 
Н.Сауранбаевтар болды. Олардың түсінігінде, ертеректегі қатені соңғы кезде 
түзеу айып емес, қайта керекті іс деп танылды. Осы кезеңде дау тудырған
мәселелер сөз басындағы, сөз ортасындағы ый, ій жөнінде болатын.
Бұл орфографиялық өзгерістерді 1947 жылы С.Аманжолов былай түсіндірген 
болатын: «Қазақ тілінің емлесі негізінде сөздің естілуіне қарай жасалған. Бұл 
- құрғақ сөз емес, принцип, жол. Сондықтан «ый» естілген жерде жазбасқа 
болмайды. Өйткені оның мағынамен тығыз байланысты екенін ескеру керек 
болды. Мысалы, сый (подарок), си (мочиться); тый (запретить),ти 
(трогать, попадать); мый (мозг), ми (трясина). Бұл сөздер үшін ереже 
алмай-ақ, ескерту беріп кетсе де болар еді, бірақ болып жатқан туынды 
сөздерде де «ый» айқын естілетінін байқаған соң, оларды «и» мен беру 
қолайсыз болды. Мысалы, оқы(й), тасы(й), қабы(й), сылы(й), жылы(й), т.б. 
Ереже шығару үшін бұлар да аздық етер деп едік, сөз ішінде «ый»-лардың 
естілуін көрмеске, есептеспеске болмады. Мысалы, қыйын, сыйын, қыйсын, 
қыйқым, сыйқым, сыйық, тыйын. Кейбір тіл мамандарының ойынша, 
жоғарыдағыдай «ый» естілген жердің бәріне «и» жазсақ болмай ма, иман, 
Иса, иық сияқты сөздерде «ы»-сыз-ақ жазамыз ғой дейді. Мұны айтушы 
жолдастар, біріншіден, мағына мен форманы шатастырған. Екіншіден, 
мұнымен байланысты сөздегі «и» әрпінің жуан я жіңішкелігі онан кейінгі
әріпке қарай ажыратылады деген ереже шығаруымызға тура келеді. Бұл 
баяғы дәйекшені елестетеді. Сөз басындағы «и» ешбір сөз қалпына, 
формасына, мағынасына нұқсан келтірмейтіндіктен алынған, ал соған қарап 
сөз ортасындағы, аяғындағы «ы»-ларды «и»-мен берейік деу – емле ережесін 
қиындату, қазақ сөзінің табиғатын, жаратылысын білмеу, я біле тұрса да 
ескермеу болып табылады». (1947 жыл С.Аманжолов. Емле ережесі мал емес 
отбасы мұрағатынан. ана тілі 18 шілде, 2002 жыл) [12].
Демек ғалым бұрынғы орфографиялық норманы түбегейлі өзгертпей, 
кейбір сөз ортасындағы ый-дың мағына білдіруші фонемалық қызметін 
жоймай жазуды алға тартады.
Ал Н.Сауранбаев 1950 жылы орфографиялық емле өзгерістерінің 
барлығына жеке пікірін білдіре отырып, олар жай өзгертулер емес, өмірден 
туған жаңалықтар, заңды жөндеулер деп таниды. Ғалым: «Қосақты «ы» мен 
«и» орнына бір ғана жалаң «и» қолдану оғай әрі тиімді, жинақты сияқты. 
Жуанына да, жіңішкесіне де «и» жазудан сөздің мағынасы бұзылмайды, 
қайта «ый» жазылатын сөздердің жазылуы бірыңғайланып жеңілденеді. 
Мәселен, ыйық, қый, сыйыр сияқты сөздерді шұбалаңдатпай иық, қи, сиыр, 


15 
қия деп анық, ықшамдап жазуға болмай ма? Бір дыбысты қос әріппен 
таңбалау дұрыс емес дей отырып, өзіміздің оған баруымыз бірізділік 
болмайды»,- деген өзіндік пікірін білдіреді. Байқап қарасақ, Н.Сауранбаев 
модель бірізділігін, ықшамдау принципін ұстанған. Ал С.Аманжолов ұлттық 
тілге тән айтылым нормасын сақтау, омонимдерді көбейтпей, екі түрлі 
ұғымды бір сөзбен емес, фонема арқылы ажыратып, екі сөз ретінде жазу 
(мый - ми) қағидасын ұстанады. Тілдің жазуда ышамдалуы үшін, 
орфографиялық ережелердің бірізділігі сақталуы үшін Н.Сауранбаевтың 
ұстанымы тиімді, ал ұлттық тілдің шынайы құндылығын, айтылым нақышын 
бұзбай сақтау үшін С.Аманжоловтың принципі ұтымды.
Дегенмен, осы лектегі тіл зерттеуші мамандардың осындай тартысты 
зерттеулерінің негізінде қазақ тілінің дұрыс жазылу нормасы лайықты 
қалпына келді. Мағынасы ажыратылуға тиісті сый, тый сөздері мен сол 
сөздерден басталатын сөз тіркестері ый формасын сақтап жазылатын болды. 
Бірақ С.Аманжолов ұсынған мый (бастағы мый) мен ми (ми батпақ) 
ұғымдарын ажыратып көрсету үшін ый формасын жазу негізге алынбай, екі 
ұғым да жіңішке и дыбысымен жазылу заңдылығына еніп кетті.
Ал Сауранбаевтың замандасы, алғашқы орфографиялық сөздік 
құрастырушылардың бірі М.Балақаев өз пікірін былайша білдіреді: 
«Орфография жалпыға ортақ, оның ережелері бірізге түсіп, әбден 
қалыптаспайынша, жалпыхалықтық тіл нормасын жасау, әдебиет тілінің 
еркін дамып, қалыптаса беру процесін тездету, жалпыға ортақ 
орфографиялық норма жасау, мектептерде тіл сабағын оқытуды дұрыс жолға 
қою мүмкін емес». (М.Балақаев «Орфографияның бірер ережелері туралы». 
Қазақстан мұғалімі. 1953 6-наурыз.) [13]. 
Жалпы Н.Сауранбаев латын әрпінен кирилл графикасына көшу 
тұсындағы емле ережелерін тұрақтандыруда көп еңбек сіңірді. Қазақтың төл 
дыбыстарының жазылу принциптерін жеке-жеке атап көрсеткен тұстары да 
болды. Ондағы кейбір өзекті мәселелердің шешу жолдарын мақалаларында 
нақты көрсетіп отырды. 1950 жылы Қаз ССР Ғылым Академиясының 
хабаршы журналына жарияланған «О путях рационализации и унификации 
современного казахского алфавита» мақаласында қазақ тіліне тән 9 әріптің 
(Ә, Ө, У, Ү, І, Қ, Ғ, Ң, Һ) дыбысталу ерекшеліктерін сақтай отырып, орыс 
тіліндегі кейбір сәйкес әріптермен таңбалауға әбден болатынын мысалдармен 
дәлелдейді. Бұл жерде ғалым кеңестік билікте қамшы ойнатқан тіл саясатына 
бағынуға мәжбүрлікті сезінгендіктен, қазақ тілінің әліпбиін кеңес 
отанындағы туыстас ұлттардың ұлттық мәдениеттерімен қатар тілін де 
жақындастыру мақсатына жетудің бір жолы деп түсінген болады. Себебі, 
ғалым мақаласының кіріспесінде-ақ халықтар достығын нығайту үшін ортақ 
тілдік құрылымды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтеді. 
Тіл арқылы мәдениетті сіңіру, тіл арқылы ұлттар достастығын орнату, 
тіл 
арқылы 
өзге 
мәдениеттермен 
таныту 
теориясын 
ұстанған 
Н.Сауранбаевтың сол кезеңдегі мақаласы бүгінгі күнгі тіл біліміндегі 


16 
лингвомәдениеттану саласының міндеттерін, қажеттілігін ертеректе-ақ 
сезінгені байқалады. Социалистік саяси құрылыммен өмір сүрген сол заманда 
тілдің халықты біріктіре алатын, ұлтты тұтастыра алатын құдіретті күшін 
Н.Сауранбаев мақаласында былай көрсеткен болатын: «В наше время, когда 
«все дороги ведут к коммунизму», нет условий к обособлению национальных 
культур друг от друга, в том числе и национального языка. Язык как средство 
общения в своем дальнейшем развитии в период постепенного перехода от 
социализма к коммунизму должен и будет отражать стремление народов к 
культурному сближению» [14]. 
Н.Сауранбаев әліпбидің дұрыс қалыптаспауы, дұрыс тұрақтанбауы, 
әріптер санының тым көп болуы орфографиялық емлені біріздендіруге кері 
әсерін тигізетінін негізге ала отырып, қазақ әліпбиіндегі 41 әріпті (сол 
кезеңде кирилл-қазақ әліпбиінде 41 әріп болған) ықшамдап, жасанды (автор 
қолданысында - искусственные) дыбыстарды жоюды ұсынады. Ғалымның 
басты позициясы жасанды қазақ әліпбиін жасаудан қашу болды. Сонымен 
қатар ғалымның түсінігінде әріп саны көп болған сайын транскрипция 
құбылысы орын алады деп, қазақ жазуының транскрипцияға салынбауына 
жол бермеуді негізге алды.
Қазақ әліпбиінің заман талабына сай жасалуын, қоғамдық өмірге 
бейімді болуын, сондай-ақ он бес одақтас республика халықтарымен ортақ 
тілдесе алатын мүмкіндікте болуын тілеген Н.Сауранбаев қазақтың төл 
дыбыстарын орыс әліпбиіне ұқсату үшін ө –ні ë-мен, ә-ні я-мен, ү-ні ю-мен 
жазуды ұсынған болатын. Бұл жердегі ғалымның басты мақсаты болашақта 
кеңестік одақтың ортақ бір ғана алфавиті және ол кирилл графикасына 
негізделетін болғандықтан, тіл құрылымын да, емле ережелерін де жаңа 
әліпбиге бейімдеу жолдарын тиімді шешу болатын. Дегенмен, Н. 
Сауранбаевтың бұл ұсыныстары қабылданбады, бірақ ғалымның у дыбысына 
қатысты тың зерттеуі кейін дұрыс емле жасауға негіз болды. Мысалы, «У 
дыбысы Ү және Ұ дыбыстарымен ұқсас. Бірақ нағыз У, яғни ашық еріндік 
дауысты дыбыс тек сөз соңында ғана көрінеді: ту, су, қу» [О путях 
рационализации и унификации современного казахского алфавита. Вестник 
НИ Каз ССР. 1950 №1] 
Бұнымен қоса Н.Сауранбаев қазақ әліпбиін өзге туыстас халықтардың 
әліпбиімен бірегейлендіру мақсатында ә, ө, ү жіңішке дауысты 
дыбыстарымен келген сөздерді а, о, у әріптерімен белгілеп, олардың 
жіңішкелік айтылу арқылы мағынасын таныту үшін барлық позицияда 
кездесе беретін і әрпін қосақтау арқылы таңбалап көрсетуге болатынын 
мысалмен дәйектейді. Сонда ә, ө, ү әріптері жойылып, әліпби саны 
ықшамдалады, яғни үш әріптің қызметін бір «і» әрпі атқара алады деген 
пікірін білдіреді. Ғалымның бұл пікірі де жүзеге аспады. Дегенмен, осындай 
пікірлерден кейін емленің теориялық негізін жасауға қажетті сілтемелер 
алынды. Мысалы, і мен ы дыбысының барлық позицияда еркін жұмсалатыны 
анықталды. Үндестік (сингармонизм) заңдылығының бастамасы ашылды, 


17 
яғни жуан буындарға жуан, жіңішке буындарға жіңішке қосымша жалғанады 
деген анықтаманың қалыптасуына Н.Сауранбаевтың осындай тәжірибелік 
зерттеулері негіз болды. Себебі, Сауранбаевша әсерді асер деп жазу, өшірді 
ошір деп жазу қазақ тілі заңдылығына сәйкес келмейтіні теориялық негізде 
айқындалды.
Бүгінгі күні қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесі қазіргі 
қазақ әліпбиін ықшамдау, емлесін біріздендіру сияқты Н. Сауранбаев 
заманындағы күрделі мәселелер төңірегінде тілші-ғалымдардың жиі басын 
қосып отыр. Н.Сауранбаев секілді қазақ әліпбиін латын графикасына 
бейімдеу тәсілдері айтылып жатыр. Тіпті Н.Сауранбаевтың әліпби санын 
ықшамдау, әріпті көбейтпеу сияқты ұстанымдары қолға алынып, ғалымның 
тұжырымдары негізге алынуда. Соның ішінде Н.Сауранбаевтың: «һ дыбысы 
қазақтың төл дыбысы емес, ол араб-парсы тілінен енген сөздерде ғана 
кездеседі. Оларды а немесе х әрпімен таңбалап көрсетсе де, сөз мағынасы 
өзгермейді. Мысалы, Жаһан – жаан, қаһарман – қаармануһ –ух, аһ - ах »,-
деген пікірі өз заманында еленбесе, қазіргі күні әріпті ықшамдау позициясы 
мақсатында жүзеге асуы мүмкін.
Тарихтан белгілі Ұлы Отан соғысынан кейін халық шаруашылығын 
қалпына келтіріп, одан әрі өркендету жылдары басталды. Осы кезеңде 
Н.Сауранбаев социалистік ұлт тілдерінің түбінде кеңестік идеологияға 
бағынбай тұрмайтынын сезінген болатын. Сондықтан коммунистік қоғам 
орнату жолындағы басты қару – тіл мен мәдениеттің ортақтығын табуға 
назар аударып, оның дамуына белсене ат салысты. Н.Сауранбаев «Әдебиет 
тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері» атты мақаласында қазақ 
әдеби тілінің әліпбиі мен емлесін жақсартуға қатысты бірсыпыра пікірлерге 
талдау жасай отырып, өзінің тұжырымын былайша білдіреді: «Тіл туралы 
кейбір мәселелердің көтерілуінің себебі неде? Бізше, оның екі түрлі негізгі 
себебі бар. Біріншіден, халқымыздың рухани қабілеті, саяси санасы, тілегі 
артқандықтан, оның мәдениетімізге, соның бір саласы – тіл ғылымына жаңа 
талап қоюынан; екіншіден, әдеби тіліміздің кейбір мәселелерін сол жаңа 
тілекке сай етіп жақсартудың қажет болып отырғанынан».[ Сауранбаев Н.Т. 
Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері // Социалистік 
Қазақстан 1950, 26 март] [15]. Бүгінгі күнмен салыстырсақ, осы саяси 
ықпалмен әбден орыстанып кеткен қазақ халқын, қазақ сөйленісі мен жазуын 
қазақи қалпына келтірудің сан түрлі жолдарын іздеп, іске асырып жатқан 
таңда, Н.Сауранбаевтың тұжырымды пікіріне сүйеніп яғни өткен тәжірибеге 
назар аударып, ғалым айтпақшы, халықтың рухани қабілетін, саяси санасын 
дайындау, тілегін арттырудан бастау қажет еді.
Н.Сауранбаев тілдің өзгере бермей, тұрақты қызмет етуі үшін, әдеби 
нормасын ұзақ уақыт сақтап тұра алуы үшін әліпби, емлемен қоса, 
терминология мен грамматика заңдылықтарының да сапалы болуына тікелей 
байланысты екенін айтып өткен болатын. «Алфавит, орфография, 
терминология мен грамматика әдеби тілдің тұрақты белгілері болып 


18 
саналады. Әдеби тілдің нормасы осылардың бірыңғайлығынан жасалады. 
Алфавиті, орфографиясы, терминологиясы мен грамматикасы, пунктуациясы 
мен стилистикасы бірыңғайланып қалыптаспаған әдеби тілдің бірыңғай 
нормасы бар деп айтуға болмайды. Қазақтың қазіргі әдеби тіліне, осы 
тұрғыдан қарасақ, оның бірыңғай нормасы бар, социалистік ұлттың 
қалыптасқан әдеби тілі екендігіне көз жетеді», - деген пікіріне келсек,
[Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері 
// Социалистік Қазақстан 1950, 26 март]. Расында да солай болды. Латын 
әліпбиінен кирилл графикасына көшу тұсында Н.Сауранбаев, М.Балақаев, 
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов сияқты жас ғалымдар, алаштың 
зиялы 
тіл 
жанашырлары 
А.Байтұрсынұлының, 
Т.Шонанұлының, 
Қ.Кемеңгерұлының, Қ.Жұбановтың ортақ ұстанымын – қазақтың ұлттық 
тілінің төл болмысын сақтап қалу мүддесін негізге ала отырып, сол кездегі 
қоғам талабына сай дұрыс икемдей білді. Нәтижесінде орыс графикасына 
негізделген қазақ орфографиясы да, әліпбиі де бүгінгі күнге дейін ұзақ ғұмыр 
кешіп келеді. Мысалы, 1941 жылы орыс графикасына көшуіне байланысты 
қабылданған емле ережелеріне сәйкес түзілген орфографиялық сөздік 1963 
жылға дейін қызмет етті. Ал 1963 жылы ол сөздік тек толықтырылып, 1983 
жылға дейін өзгермей, қолданыста болды. Н. Сауранбаевтың ғылыми 
тұжырымын қорытындылайтын болсақ, бұзылмай, өзгермей сақталатын
қолданысқа икемді әдеби тілді жасау үшін тіл ережелері мен нормалары 
өзара бірізді, тиянақты байланысқан күйде болуы тиіс. Осы күні қазақтың 
айтылымы мен жазылым болмысын дәл нақышына келтіреміз деп, бірқатар 
журналистер орфоэпиялық, орфографиялық нормаларға бағынбай жүр. Ал 
айтылым мен жазылым заңдылықтары халықтың айту және жазу еркіне 
сүйенбейді. 
Олар 
лексикологиялық, 
фонетикалық, 
грамматикалық 
ережелердің ортақ тоғысу бағытына сәйкес қалыптасады. Керісінше, халық 
тілдік бірізділікті сақтап қалыптасқан орфографиялық және орфоэпиялық 
ережелерді басшылыққа алып жазу керек, сөйлеу керек. Н.Сауранбаев 
кезеңіндегі, социалистік идеологияның күші, яғни қоғам талабына, қоғам 
заңына бағыну, оны орындау қазіргі күнге демократиялы қоғамға қарағанда 
әлдеқайда мықты болуы тіл ғылымының тұрақты қалыптасып, одан әрі 
дамуына көп игі әсерін бергенін байқаймыз. Сол кездегі тілдегі саясаттың 
қаттылығын Н.Сауранбаевтың мақаласынан да байқауға болады. «Әдеби 
тіліміздің жазуы (алфавиті) жеңіл, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне, оның 
заңдылықтарына лайықты. Ол қазақ тілінің ежелгі өзгешеліктерінен де, 
кейінгі дәуірлерде тапқан жаңалықтарын да көрсетуге жеткілікті. Мысалы, Х 
ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 29-жылына дейін қазақ арасында қолданылған 
араб жазуы қазақ тілінің ел, бек, ер, кісі сияқты байырғы сөздерінің қай түрде 
қалай айтылғанын, қалай өзгергенін көрсете алмады. Сондықтан қазақ тілінің 
дыбыс жүйесі, дыбыс заңдары қай дәуірде қалай өзгеру тарихын білу өте 
қиыншылыққа соқты. Шынында да, тіпті, Х-ХV ғасырда жоғары сөздердің әл 
мен, ил ме, я ел ме – қайсысы екенін арабша жазудан ажырату қиын еді. 


19 
Совет тұсында ықшамдалған, жөнделген түрінде де араб жазуы қазақ тіліне 
енген жаңалықтарды жасырып, көмескіледі. Мәселен, қазір институт деп 
айтылып, солай жазылатын сөзді арабша өнстет, я іністет деп жазушылық 
бар еді» [Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру 
мәселелері // Социалистік Қазақстан 1950, 26 март]. 
Бұл мақаласында Н.Сауранбаев өзіне дейінгі қазақ тіл ғылымының 
одан әрі даму қарқыны тіл заңдылықтарын тұрақты қалыптастыруға 
бағытталғанын көрсетеді.
Дегенмен, жоғарыда атап өткеніміздей, қазақтың ұлттық тіл 
ғылымының негізін қалаған зиялы алашшылдардан кейінгі екінші буын 
өкілдері (Н.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов) 
қазіргі қазақ тіл білімін тұрақты дамыта отырып, А.Байтұрсынұлылар 
қалдырған ғылыми қорды тұтас сақтап қалуға тырысты. Араб, латын жазуы 
кезіндегі тіл заңдылықтарын орыс графикасы жазуына лайықтап 
қалыптандырды. Латыннан орыс графикасына көшкеннен кейін пайда болған 
әліпбидің артықшылықтарын Н.Сауранбаев былайша түсіндіреді: «Қазіргі 
алфавитімізге осы тарихи тұрғыдан қарасақ, оның тіліміздің қазіргі шын 
қалпын айнытпай көрсете алатыны айқын. Мұның бұлай болатын себебі – 
алфавит дұрыс жүйемен тізілген. Біріншіден, қазақ тіліндегі ескілі –жаңалы 
жеке фонемалар дербес әріптермен таңбаланатын, екіншіден, әріптерді 
жасау-жасқау өте аз, үшіншіден, әріптердің тұлғасы өзінің орысша қалпынан 
алыстап кетпеген. Тіпті, қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарды таңбалау үшін 
алынған қосымша ә, ө, қ, ғ, ң, ұ, ү әріптері өзінің негізгі түрінен қашық емес. 
Тек орысша түрінен бір ғана айырмашылық «і» әрпінде. Бұл алфавиттің 
сиқын бұзып тұрған жоқ, ол ұлт тілінің өзіне тән ерекшелігін көрсетеді. Ал 
қазіргі алфавитімізді екінші тұрғыдан, басқа тілдердің алфавитімен 
салыстырсақ, оның тағы артықшылығы байқалады. Мысалы, қазақ тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет